жасдарын значек

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б. Бегалиев атындағы орта мектебі 9-сынып оқушысы Саматова Назерке Саматқызы Жетекшісі: Шотанова Қарлыға Рафикқызы- жоғары санатты математика , физика пәнінің мұғалімі. Біздің өміріміздегі пайыздардың мәні мен маңызы.

Атырау облысы     Құрманғазы ауданы   Б. Бегалиев атындағы орта мектебі

9-сынып оқушысы  Саматова Назерке Саматқызы

Жетекшісі: Шотанова Қарлыға Рафикқызы- жоғары санатты

математика , физика пәнінің  мұғалімі.

 Біздің  өміріміздегі пайыздардың мәні  мен маңызы.

                                       Секция: математика

Кіріспе.

Менің тақырыбым белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталғандарды шешеді. Міндетті минимумды көрсетеді, пайыздың күнделікті өмірде, саудада, ауыл шаруашылығында, банк  ісінде, физика, химия, география, экология, биология пәндерінде  маңыздылығын көрсетеді. Математика сабағында мен алғашқы рет «пайыз» сөзімен таныстым. Есептер шығару барысында, менде сұрақ туындады. –Пайыз қайдан пайда болады? Пайыз адамдарға керек пе?«Біздің өміріміздегі пайыздардың мәні мен маңызы» тақырыбы кең ауқымды тақырып. Сондықтан ол пайдалы тек жоғары қызығушылық танытып жүрген оқушыларға емес, сондай-ақ, пән бойынша дайындығы әлсіз оқушыларға да үлкен көмек, білімдерін жинақтайды және жүйелейді.

Өзімнің әкемде жұмысында пайызды көптен қолданады.

«Проценттер» тақырыбы  5-6 сыныптар курсында оқытылды. Бұл тақырыпты меңгеру үшін абстрактілік ойлау дамуы жоғары  деңгейде болуы қажет, бірақ 10-11 жастағыоқушының абстрактілі ойлауы әлі жеткілікті дамымаған, сондықтан 5-6 сыныпта  «пайыздар» тақырыбын әрең қабылдадық. Кейінгі сыныптар да оқулықтарда қолданыста өте сирек кездеседі. Және үлкен қиындық тудырады.  Пайызға есеп шығару дағдылары ұмытылып кетеді. Негізінен біз пайыздарға есептерді  химия сабақтарында көбірек кездестіреміз, оларды пропорция көмегімен шешеміз, сондықтан оқушылар пайыздың жан-жақтылығын ойламайды да, қарапайым есептерді шығара алмайды.Күнделікті өмірде де пайыздың рөлі үлкен және де төмендегі үлгіде көрсетілген есептер жиі кездеседі: «тауар а теңге тұрады, содан кейін оның бағасы х % төмендетті содан кейін тағы да х % төмендетті. Тауардың бағасы қанша болды?»  Әрқашан тесте пайыздарға есептер кездеседі. Көп кездесетін есептер «қорытпа», «қоспа», «концентрация» оларды  шығару  үшін күрделі формула көмегімен шешіледі, ал мектеп бағдарламасында осындай қиын есептер сирек кездеседі.Сол себептен мен өзім және  сыныптастарыма  пайыздың  маңыздылығың түсіндіру мақсатында тақырыпты таңдап алдым.Есептерді  жинақтап,кейбір есептердін шығару жолдарымен, есептер кітапшасын –көмекші құрал ретінде  шығаруға міндет алдым. Казіргі таңда әр жанұядағы ең өзекті мәселелердің бірі не деп ойлайсыңдар? Несие төлеу. Ендеше,жұмысымда  несие алу тиімділігі қарастырылады. Практикалық есептер шығаралып ,көрсетіледі.

Жұмысты жазу барысында банк қызметкерімен  сұхбаттастым.«Пайыз» терминінің  маңыздылығын айқындап , есептер жинағының шығарылу жолымен көрсетілген кітапшаны оқушылар назарыңа ұсындым.

Пайыз адамның функционалдық сауаттылығын арттырады:

—  үнемдеуді үйренеді

—  пайдасы бар іске өз ақшасын ақылмен жұмсауды үйренеді

—   жарнамалық жеңілдіктерді,жеңілдіктерді пайдаланып пайдалы сауда

жасауды үйренеді

—  депозиттерде ақша жинақтаудың тиімділігін ұғынады

—  отбасы бюджетін жоспарлауды үйренеді

                                                        Аннотация

Зерттеу мақсаты:Пайыздың қайда және қалай біздің өмірімізде қолданылатынын анықтау. Тарихтың пайыздардың  пайда болғанын қалай дәлелдейтінін түсіну. Адамдардың пайыз туралы білімдерін,пайыздардың маңызын түсіндіру, әрі экономикалық сауаттылықтарын арттыру, пайыздық есептер арқылы және әр салада қолданылуы арқылы кеңейту.Пайыз туралы адамдардың ой-пікірін зерттеу. Пайыздық есептерді  шығарудың бірнеше оңай тәсілдерін қарастыру.

Гипотеза: «Пайыздың» пайдасы мен зияның білсек онда өмір сүруімізде жеңіл болмақ. Адам өміріндегі пайыздардың мәнін зерттеу. Мектеп бағдарламасындағы математика пәнінің 5-6  сыныбынан бастау алатын пайыз тақырыбын тереңінен түсіне алатындай етіп, есептер шығарудың оңай тәсілдері мен шешімдерін қарастыру. Пайыздық есептердің шығарылу  жолдарын түсіндіре отырып, кітапша жинақтау.

Зерттеу барысы:Тақырып таңдап алу, процент туралы мағлұматтарды жинақтау, пайызға қатысты салалардың бірін қарастырып, сол саланың басқа да қарапайым адам өмірімен қандай байланысы бар екенін анықтау. Зерттеу жүргізу барысында әртүрлi мамандықта  проценттердің қолданылуы туралы мәліметтер алады.

Эксперименттік әдіс:Қазіргі кезде барлық саланың ақпараттың, технологиялардың дамыған кезеңі. Осы сәтте интернет желісі арқылы бір саланың маманымен байланыс жасап, өзінің өміріндегі үлкен пайыздар туралы толық мағлұмат жинақтау, несие алудын  үлкен қарызға әкеліп соқтыратыны жөнінде хабардар ету.5-6 сынып оқулықтарындағы   мәселе есептерді,кітапшаларда пайызға кездесетің қызықты есептерді   жинақтап  есептер жинағын құрастыру.

Зерттеудегі жаңалығым:Пайыз арқылы өміріміздің жаңа кезеңінен  өтудің тәсілдері. Пайыздың шығу тарихы барысындағы біз білмеген тұстарынан  тереңірек мағлұмат беру. Пайызға арналған есептерді шешу адамдардардың логикалық ойлау тұрғысын арттырады.

Жұмыс нәтижесі:Біздің күнделікті өміріміздің пайызсыз мәні болмайтыны, әрі осы «пайыз» терминінің  маңыздылығын айқындап , мектеп сатысындағы пәндерге жиірек қосу арқылы және пайызға арналған есептер жинағының шығарылу жолымен көрсетілген кітапшаны оқушылар назарыңа ұсынып, ойлау қабілетін жаңа деңгейге көтерулеріңе септік тигізу.

І. Негізгі бөлім

1.1 Пайыздың шығу тарихы

Пайыз: Қандайда болсын санның жүзден бір үлес; % белгісімен таңбаланады.

«Процент» латынның pro centum деген сөзінен шыққан, ол дәлме — дәл аударғанда «жүзден» дегенді білдіреді. Проценттер тұтас нәрсенің бөліктерін өзара оңай салыстыруға  мүмкіндік береді, есептеулерді оңайлатады. Сондықтан да өте көп таралған.

Ресейде   процент  термині  XVIII ғасырдың аяғында басталды. Ұзақ уақыт «пайыз» деген термин тек ғана 100 рубльден пайда немесе шығынды болды. Пайыз тек сауда және ақша мәмілелерде қолданды. Содан соң оның  қолдану аймағы кеңейді. Қазіргі уақытта пайыздар шаруашылық және қаржылық есептеу, статистика, ғылым және техникада қолданылады. Қазіргі пайыз-бұл ондық бөлшектердің жеке түрі,бүтін санның жүзден бір үлесі.
Процент ежелгі Римде кеңінен пайдаланыла бастаған, бірақ проценттер идеясы көп бұрын пайда болған — вавилондық өсімқорлар процентті табуды білген (бірақ олар «жүзден» емес «алпыстан» есептеген, өйткені Вавилонда алпыстық бөлшектерді пайдаланған).  % белгісі кітап басқанда кеткен қатеге байланысты пайда болған деп жорамалданады. Қолжазбада pro centun – ді «cento»-«жүз» сөзімен жиі алмастырып отырған және оны қысқарған түрде — cto деп жазатын болған. 1685 жылы Парижде коммерциялық арифметика жөніндегі нұсқау — кітап басылып шыққан, онда әріп теруші қателесіп, cto — ның орнына %- ті терген. Осы қатеден кейін көптеген математиктер де проценттерді белгілеу үшін % белгісін қолдана бастайды. Сөйтіп, бірте — бірте жаппай қолданылатын болған.

1.2 Пайызбен тығыз сала – несие алу

Несие (лат. creditum — несие, credo — сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарызНесие пайызы несиеге берілген ақшаны немесе материалдық құндылықтарды пайдаланғаны және қарыз алушыдан алатын ақы.

Несие пайызы оның төлемшісі мен алушысы арасындағы өзара қатынастарда деңгейі  өндірістің  пайдалылығына тәуелді пайыздық мөлшерлеме нысанында көрініс табады.

Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.

Несиелік қатынастар жүйесінде несие операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет әр түрлі несиелік қатынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық несие кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындамайды, ал банктік несиелеуде сырттан тартылған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді. Экономиканы дамытуда несиенің рөлі маңызды әрі сан салалы. Несие өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен тұтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына әсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінін іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған қаражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттандыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді.

Несие, негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі түрлеріне бөлінеді. Айрықша түрі халықаралық несие Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, несие түрлері несиелеу нысандары мен әдістері бойынша және басқа белгілеріне қарай жіктеледі.

Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады:

  • ұлттық банк несиелері – аукциондықломбардтықбюджеттікнесиелер;
  • екінші деңгейдегі банктер несиелері – меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінденесие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді.

Несие беру қағидаты — несиелендіру жүзеге асырылатын негізгі ережер, қағидалар. Оларға несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуі, несиенің тікелей және мақсатты сипаты, оның мерзімділігі, ақы төленетіндігі, қайтарылатындығы жатады. Кепілдікпен қамтамасыз етілуі — несиенің кәсіпорында бар материалдық құндылықтар кепілдігімен немесе нақты шығын кепідігімен берілетіндігі. Несиенің мақсатты сипаты — несие атаулының кәсіпорындарға несие жоспарына сәйкес қатаң түрде айқындалған мақсаттар үшін берілетіндігі. Несиенің берілетіндігі мен қайтарылатындығы — несиенің белгілі бір мерзімге берілетіндігі, ол мерзім аяқталғаннан кейін несиенің банкіге қайтарылатындығы. Ақы төленетіндігі — несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу қажеттігі. Несиелендіру шарттарын бұзған кәсіпорындарға тиісті санкциялар қолданылады. Ол сондай-ақ несиені тиімді пайдаланғаны үшн де жауап береді.

Несие нарығы

Несие нарығы — қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті несие ресурстары шоғырландырылатын, бөлінетін және қайта бөлінетін нарықтық қатынастардың аясы; түрлі төлем құралдарына сұраныс пен ұсыныс болатын нарық; несие капиталы нарығының бір бөлігі. Несие нарығында ақша ағыны банкілер, қаржы-несие институттары, қор биржалары арқылы жүреді. Дәстүрлі түрде қысқа мерзімді несие капиталдарының нарығы (ақша нарығы), орта және ұзақ мерзімді капиталдар нарығы (капиталдар нарығы), соның ішінде қаржы нарығы түрлеріне жіктеледі.

Несиелендіру тиімділігі — несиеге берілетін қаражаттың ұдайы өндіріс үдерісінде пайдаланылу нәтижесі. Өндірістің экономикалық тиімділігінің бір бөлігі болып табылады.

Несие ресурстары — несие беру, салымдарға орналастыру, бағалы қағаздарды сатып лау және басқа банк операцияларын жүзеге асыру үшін кез-келген банк меншікті және сырттан тартылған қаржы көздері есебінен құрайтын қаражат; коммерциялық банкілер теңгерімінің пассив бөлігінде көрсетілетін және осы банкілер несие беру үдерісінде пайдаланатын ресурстардың жиынтық бөлігі. Мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие ресурстарына бөлінеді.

Несиеге қабілеттілік — несие алу үшін алғышарттардың болуы, оны қайтару қабілетті, яғни қарызгердің несиеге алуға әрі борыш бойынша уақытылы және толық есептеуге қабілетті. Қарызгерді сипаттайтын еөрсеткіштер: оның бұрын алынған несие бойынша есеп айырысу кезіндегі ыждаһаттылығы, оның ағымдағы қаржы жағдайы және келешекте өзгеруі, қажет болған жағдайда әртүрлі көздерден ақшалай қаражатты жұмылдыру қабілеті бойынша айқындалады.

Кредит карточкасы

Бөлшек сауда кәсіпорындар желісінде қолма-қол ақша төлеместен тауарлар мен қызметтерді сатып алуға құқық, беретін және онда иесінің шоты бар екеніне куәлік ететін, банкілік немесе арнайыландырылған мекеме эмитент шығарған жеке ақша құжаты.

Кредиттік шарт

Кредит беру шарты мен мөлшерін, кредиттік қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын кредит беруші мен алушы арасындағы шарт. Онда әдетте, кредит валютасы мен мөлшері, оны пайдалану тәртібі, берешекті өтеу мерзімі мен пішімі, пайыздық ставка тіркеледі.

Кредитор

Несие ұсынатын, әлденені қарызға беретін қарыз беруші (ұйым, кәсіпорын немесе жеке тұлға).

Кредиторлық берешек.

Өнім берушілермен есептесу кезінде пайда болатын берешек; кәсіпорынның ақша айналымында, кредит берушінің қаржысын уақытша пайдалану.

Несиенің қамтамасыздандырылуы — несие беруші үшін несиеге алынған қаражатты борышқордың толық және дер кезінде қайтаруының және оның тиісті пайызды төленуінің кепілі ретінде пайдаланылатын тауар-материалдық құндылықтар және өндіріс шығыны. Несиені қамсыздандыру тетігі несие берудің негізгі бір қағидатының нақты көрінісі болып табылады.

Несие рейтингі

Несие рейтінгі — қарызгердің несиені қайтаруға қабілеті мен төлем төлеуге қабілетін кешенді түрде бағалау. Арнайы есептелетін жиынтық индекс арқылы айқындалады. Рейтингілік несие агенттіктері мен банк қызметтері жүргізетін индекстің есебі рәсімделген, сараптамалық немесе аралас сипатта болуы мүмкін.Рейтингілік агенттіктер беретін халықаралық несие рейтингі негізінен облинациялардың, ең алдымен корпоративтік облигациялардың инвестициялық сапасы мен тәуекелін бағалау үшін пайдаланылады. Тұтас елге берілетін несие рейтінгі егеменді тәуекелдің деңгейін көрсетеді. Егеменді тәуекел елдің саяси, экономикалық және қаржылық тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады. [9] Осы несие алу жөнінде Атырау қаласындағы «Халық банкінде» менеджер қызметін атқаратын Хайрошова Жазира Насиполлақызымен сұхбаттастым, ол өз сөзінде былай деп «Несие белгілі бір соммада берілетін проценттік қаражат. Несиені кез келген азамат ала алмайды оны тек жұмысқа қабілетті жеке немесе заңды тұлғалар ғана ала алады. Жеке тұлғаларға – бір мекемеде жұмыс жасайтын яғни ай сайын жалақы алып отырған тұлға және зейнетақы алатын зейнеткерлер, ал заңды тұлғаларға — жеке шаруашылығы бар кәсіпкерлер. Біздің елде несиенің түрлері көп: мемлекеттен берілетін несиелер және банк арқылы алатын несиелер. Оның жақсы жақтары- жеке тұлғаларға кез келген уақытта, мұқтаж болған жағдайда банктен барып несие алуыңа болады. Яғни несиені әр түрлі жағдайларға пайдаланады, өзіне керекті шаруасына жұмсап, оны уақытымен жалақысынан төлеп отырады. Қазіргі уақытта несиеге көптеген жеңілдіктер қарасытырылған. Мысалға егер сен жалақыны бір банктің карточкасы (счет) арқылы алатын болсан, сол банк саған несиені жылдық процентін төмендетіп береді. Сонымен қатар бірінші несиені алып бітірген соң, екіншісін аларда саған ілгөт жасайтын несие түрлері бар. Егер сен жұмысыңнан босап қалған яғни төлей алмай қалған жағдайда банкпен келісімге отырып басқа жұмыс орнына орналасқанша несиеңді белгілі уақытқа дейін тоқтатуыңа болады. Заңды тұлғаларға да дәл осындай жағдай, олар тек жалақы арқылы емес өзінің кәсібін кепілдікке беріп белгілі мөлшерде несие алуына болады. Қазіргі заман электронның дамыған кезі, сол себептен несиені төлеу өте жеңіл деп айтуға болады. Бұрынғы кездері ай сайын төлейтін ақшаны банкке барып кассаға кезекке тұрып төлесе, қазіргі уақытты терминалдар мен электронды жүйе арқылы төлей алады. Тіпті үйде отырып интернет арқылы кез келген уақытта төлей аласын. Ал жаман жақтарын айтатын болсақ — әрине бұл үкімтке беретін қарызың!. Кейбір банктерде жылдық проценті көп болып жатады. Кейбіреулер жұмыс орнынан аяқ асты шығып кетіп, несиені төлеуден бас тартып, қашып жүреді. Банк ол азаматты таба алмағандықтан белгілі органдарға беріп, сот арқылы шешіп жатады. Бұндай жағдайлардың бәрі халықтың несиені түсінбей, оның артында қайтаратын ақшасы алған соммадан көп екенін түсінбей де алып жататындары көп. Егер азамат жұмыстан шығып кетіп төлей алмай, банкке барып келесі жұмысқа орналасқанша несиесін тоқтатып оны артынан толығымен төлесе де ,ол азамат келесіде несие ала алмауы да мүмкін, сол жақтарында тиімсіз деп айтуға болады. Ал, егер көлденең кесел азамат қаза тапса онда бұл азаматтың атындағы несиесі мұрагеріне жүктелетіндігін»-айта кетті.

1.3 Пайыз – капиталдың меншік иесінің табысы

Несиеге берілетін ресурстардың құны процентті құрайды. Бірақ тәжірибеде процент қарыз капиталына баға ретінде, яғни банктердің қызмет етушілердің кәсіпкерлерге берілетін үлесі болып қарастырылады. Банк қарыз беруші мен қарыз алушы арасында делдалдық қызмет атқарады. Ең бірінші кезекте тұрғындар мен кәсіпорындар банктің кредиторлары болып табылады, өйткені сақтауға өзінің бос ақша құралдарын береді. Ал банк дебитор болады, өз кезегінде жиналған ақшаларды банк несие ретінде пайдаланады, яғни тұрғындар мен кәсіпорындарға уақытша пайдалануға қаржы береді. Бұл кезде тұрғындар мен кәсіпорындар дебитор болып табылады. Осы жерден банктегі проценттердің екі түрі келіп шығады:

Депозиттік процент – тұрғындар мен кәсіпорындардың өздерінің ақшаларын банкке салудан алатын табысы.

Қарыз проценті – банктердің тұрғындар мен кәсіпорындарға несие беруден түсетін табысы.

Банктік пайда табыс пен шығыс арақатынасы арқылы анықталынады. Банктік пайданың нормасы төмендегі формуламен анықталады:

Қарыз проценті – бұл қарыз капиталының бағасы. Маркстік ілім бойынша қарыз проценті қарыз капиталын пайдалану құқығы үшін төлем болып табылады. Оның белгілі бір деңгейі мен нормасы болады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынатын жылдық табысты барлық қарыз капиталына бөлу арқылы анықталынады. Егер қарызға берілген капитал 100 мың долларға тең болса, ал осы сомадан алынатын жылдық табыс 6 мың долларды құраса, онда процент нормасы 6-ға тең болады.

Жылдық процентпен көрсетілген қарыз капиталының табысын олар проценттік мөлшерлеме деп атайды. Оның 2 түрі бар:

1)Номиналды – оның құны бойынша ақша бірлігінде көрсетілген мөлшерлеме.

2)Нақты-инфляцияны есепке алғандағы проценттік мөлшерлеме.

Мөлшерлеме көлемі келесі факторларға байланысты өзгеруі мүмкін:

  1. Тәуекел. Қарыз алушының қарызды төлемеу мүмкіндігі жоғары болған сайын кредитор жоғары қарыз процентін алып отырады;
  2. Жеделдік. Қысқа мерзімді қарызға қарағанда ұзақ мерзімді қарыз проценттік ставкамен беріледі;
  3. Қарыз мөлшері. Аз қарызға қарағанда проценттік мөлшерлеме жоғары. Оның себебі ірі және ұсақ қарыздардың әкімшілік шығындары ұқсас.

Проценттік мөлшерлеме өндіріс деңгейіне және құрылымына әсер етеді: төмен проценттік мөлшерлеме инвестицияны өсіріп, өндірісті кеңейтеді, ал жоғарғы проценттік ставка инвестицияны, тұтынушыларды және өндірісті тоқтатады. Екіншіден, проценттік мөлшерлеме капиталды орналастыруға әсер етеді, оларды неғұрлым пайдалы салалар арасында бөледі.[9]

1.4 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні

Ақша мемлекет пайда болмастан көп бұрын қолданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валютасы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі. Қазақстан Республикасының акша айналымынан қолма-қол тиынды алудын шектеулі мерзімі белгіленбейді және ол ақша айналымынан толык шығып қалғанша жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкнот пен монеталардан тұрады. Банкнот пен монетаньщ көрсетілетін құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату нысанында жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты- айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту,соның нәтижесінде ақша  жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады.Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. [9] Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгерлікті анықтайды, олардын жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен монеталары олардың белгіленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және акша аудару үшін қабылдауға міңдетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкнот пен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгірлікті анықтайды, олардың жасалып шығары-луы, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардын көрсетілген құндық құрамы, нысаны және орнекті кескіндемесі болуға тиіс. Банкноттар мен монеталардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.

Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды.Тозған және бүлінген, өзінің толык көлемінін кемінде жетпіс проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлтгык Банкі және Қазақстан Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес.Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады.Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді.ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. [3] Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы — шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне  байланысты  темендеп отырған. [6]

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, не¬сие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.Ақша-несие саясатының түрлері.Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1)рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:а) экономиканың өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:а) ақша жиыны; ә) пайыз мөлшерлемесі;б) айырбас курсы.  Құралдары:а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу; ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі; б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;  в) ашық нарықтағы операциялар. Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары арқылы жүзеге асырылады.[6] Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының көмегімен реттеледі:

— қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

— ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

— мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

— анктерге және үкіметке несие беру;

— валюталық нарықтағы басқыншылық;

— кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

— ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.[9]

1.5 Пайыз туралы толығырақ түсінік

Мен өзімнің жұмысымда «пайыз» ұғымының тек адамның өмірінің кейбір саласында нақты міндеттерді шешу үшін қолданылуын көрсеттім.Зерттеу барысында мына тұжырымға келдім, үлкен ақпарат ағымында сауатты талдай білуге үйретеді, ақшаны дұрыс салуға, ең тиімді нұсқасын талдап сауатты несие алуға, үнемдеуге арналған жеңілдіктер пайдаланып тиімді зат сатып алу, математикалық есептерді шешу.Өмірдегі проценттік есептеулерді толығымен қарастыру өте қиын, өйткені пайыздар адам өмірінің барлық салаларында қолданылады.Бұл тақырып одан әрі зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді.

Мысалы:Тауар құнын 10  төмендетті, одан кейін тағы 10  төмендетті. Егер бірден 20  төмендетсе, тауардың құны төмендейді ме?

Шешуі: Егер тауар а тг тұрса, екі рет құнын арзандатқан соң 0,9х0,9ха 0,81а тг болады. Егер тауарды бірден 20%төмендетсе, ол 0,8 а тг болады.

Жауабы: Бірден төмендеткенде тауардың құны төмендейді.

Кез келген шаманың 1/100 бөлігі бір процент деп қабылданған, яғни 1% = =1/100 немесе 1% = 0,01. Процентті бөлшекпен жазу үшін 100-ге бөлу керек, ал бөлшекті процентпен жазу үшін 100-ге көбейту керек.

[9]

Мысалы: Туристер жолдың 50% поездбен, 35% автобуспен жүрді. Қалған жолды жаяу жүріп өтті. Туристердің жалпы жүру керек жолы 300 км, олар қанша км жолды жаяу жүріп өтті.

Шешуі: Туристердің жаяу жүріп өткен жолы: 100%-50%-35%=15%

Километрге айналдырамыз: 15%*300:100=45(км)    Жауабы: 45 км

Процент бойынша санды табу үшін:

  1. Процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек;
  2. Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек. [2]

Мысалы, 15%-і 60-қа тең санды табу керек. Ол үшін:

Мысалы: Мектептегі үйірмелерге 350 бала қатысады. 30% қамтылмай қалды.

Мектепте қанша оқушы бар?

Шешуі: Үйірмеге қатысатын оқушылардың пайыздық мәнін табайық: 100%-30% 70%, сонда 350 бала 70% құрайды, ол 0,7. 0,7 –нің бүтінін табамыз, ол үшін 350:0,7 500

Жауабы: Мектепте жалпы 500 оқушы бар. [8]

Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу үшін:

  1. Бірінші санды екінші санға бөлу керек;
  2. Шыққан бөліндін іпроцентпен өрнектеу керек.

Мысалы, 5 саны 20-ның неше процентін құрайтынын табу үшін:

[9]

  1.6  Пайызға арналған есептер  1. Пайызға арналған негізгі есептер

А) егер а бастапқы бағасы р% өсті, онда жаңа бағасы а(1+0,01р) болады.

Ә) егер а-ның р% кемісе онда а(1-0,01р) болады    а(1+0,01р)(1-0,01р)

Есеп. Тауар бағасын 30% төмендетті, сонынан жаңа бағаны 30% көтерді. Тауардың бағасы қалай өзгерді? а-бастапқы бағасы, онда а-0,3а=0,7а – төмендетілгеннен кейінгі баға , 0,7а+(0,7а*0,3)=0,91а – жаңа баға 1,00-0,91=0,09 немесе 9%

Жауабы: баға 9 % төмендетілді.

Қиын пайыздардың формуласы:     в=а(1+0,01р)n а- бастапқы шама  в- жаңа шама   р-пайыз саны    n- уақыт саны  Мысал, жұмысшының жалақысын 10% көтерді, бір жылдан кейін тағы 20% көтерді. Қанша пайызға жалақысы көтерілді, бастапқы жалақысына қарағанда?

х-жұмысшының жалақысы, онда   в, х(1+0,1)(1+0,2)=1,32х

1,32х-х=0,32х       Жауабы: 32% өсті. [3]

Зерттеу барысында қай салада пайыз туралы білімнің керектігін білдім. Қазіргі уақытта адамның пайызбен тығыз болуы, қандай мамандық та болса да, бүгінгі күні «пайыз» туралы білмеуге болмайды!

№1

Балалар жануарлар көрмесін ұйымдастырды. Оның ішінде 10% қойлар, 48% иттер және 21 мысық бар. Көрмеде барлығы қанша жануар бар?

21мысық -42%,48%-24 ит ,10%-5 қой     Жауабы: 50

№2

Қалың дәптердің бағасы 120 теңге. Оның бағасын 20%-ке арзандағаннан кейін 900 теңгеге неше дәптер сатып алуға болады?

120 тг  20% арзандатылғаннан кейін 96 тг болды,900 тг:96=9     Жауабы: 9 дәптер

№3.
Жалақысы 10%-ға өскеннен кейін жұмысшы айына 38 500 теңге алатын болды. Жұмысшының бастапқы жалақысы қанша болған?    Жауабы:35000 теңге

№4
Жинақ кассасына жыл басында 15%-дық өсіммен салынған ақша жыл соңында 62100 теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге ақша салынған?       Жауабы:54000 теңге

№5
Атай жинақ кассасына   95000 теңге ақша салып, бір жылдан соң одан 104500 теңге алды.  Атай жинақ кассасына салған ақшасын неше пайыздық өсіммен алды?  10450*100:95000     Жауабы:10%

№6

ШҚО-ның тұрғын халқының саны-1518000адам. Өскемен қаласында — оның 20% ,Семейде-18% құрайды. Осы қалалардың әрқайсыңда неше адам бар?

Жауабы: Өскеменде- 303600, Семейде – 273240 адам

№7 Дисктің бағасы 900тг,17% арзандағаннан кейінгі бағасын  есептендер.

17%- 153тг, сонда 900-153=747     Жауабы: 747 теңге

№8

Семей полигонының ауданы-18000км2. Қазіргі кезде оның 4%-і-ауыл шаруашылығына жарамсыз, 8 % — радиациалық күші бар-жоқтығына анықтауды қажет етеді, қалғаны адам өміріне қауіпсіз. Квадрат километрмен есепте.

4%-720 км2, 8%-1440км2, сонда 18000-2160=15840       Жауабы: 15840 км2

№9

Шылым шегетін балалар өз өмірлерін 15 % -ға қысқартады.  Егер Қазақстанда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы  66 жас болса, онда шылым шегетін балалардың өмір ұзақтылығы
қаншаға қысқарады?      Жауабы: 10 жылға

№10

Мысықтар көрмесіне әкелінген 60 мысықтың 20 %-і сиам мысықтары. Көрмеге неше сиам мысығы әкелінді? Шешуі: 100% — 60 мысық 20%-? Процентті жай бөлшекпен жазуды пайдалансақ: 20%=20/100=1/5 60*(1/5)=12 Процентті ондық бөлшекпен жазуды пайдалансақ: 20%=0.2 60*0.2=12 мысық       Жауабы: 12 мысык

№11

Ыдыстың 7/10 бөлігіне су құйылған. Ыдыстың неше процентіне су құйылған? Неше проценті бос?

7*100%:10=70%, 100%-70%=30%      Жауабы: 70%, 30%

№12

Бұйымның бағасы 3% -ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы:

1)2000 тг; 2) 5000 тг; 3) 8000 тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы неше теңге?

1)1%-20 тг,3%-60 тг;2)1%-50 тг,3%-150 тг; 3)1%-80 тг,3%-240 тг

Жауабы: 1) 2060тг 2) 5150 тг 3) 8240 тг

№13

Бақтағы раушан гүлдердің  20% ақ түсті раушан, ол бар болғаны екі түп қана. Бақта қанша түп раушан гүлі бар?

2 түп-20%,х т- 100% х=2*100%:20%     Жауабы: бақта 10 түп раушан гүлі бар

№14

Аэропортта  30 ұшақ бар, оның алтауы Боинг фирмасына тиісті.        Боинг ұшақтары эропорттағы барлық ұшақтың қанша пайызын құрайды?

30ұшақ-100%   6 ұшақ- х%    х=6*100%:30    Жауабы: 20% Боинг ұшақтары.

№15

Дүние жүзі бойынша көмір өңдірудің пайызға шаққандағы үлесі мынадай: Еуропа (30%), Азия (25%)  және  Солтүстік Америка (25%).  Құрылықтың  қалған бөлігінде көмірдің қанша пайызы өңдірілді?

Жауабы: Құрылықтың қалған бөлігінде көмірдің 20% өндірілді.

 

№16

Ауа ластануының 70,6% -ын көліктер, 12,3% -ын қалдықтар мен химикаттар,10,3%-ын отынның жануынан бөлінген газ,ал қалған пайызды өнеркәсіптер құрайды.Өнеркәсіптер ауа ластануының қанша пайызын береді?

Ш. 100%-(70,6+12,3+10,3)     Жауабы: Өнеркәсіптер ауа ластануының 6,8% береді.

№17

Үшбұрыштың бір қабырғасы периметрдің 34% -ын,ал екінші 36%-ын құрайды.Үшбұрыштың үшінші қабырғасы периметрдің қанша пайызын құрайды?

Жауабы: Үшбұрыштың үшінші қабырғасы периметрдің 30% құрайды. [8]

№18

Жер бетінің 29,2%-ын құрлық,ал қалған пайызын су алып жатыр.Жер бетінің қанша пайызын су алып жатыр?   Жауабы: Жербетін 70,8% су алыпжатыр

№19

2005 жылы қаңтарда  Ысқақов  45000 жалақы, 3000 теңге сыйақы алды, оның банктегі шотында 100000 теңге бар, бұл сомаға айына 2% қосылады. Одан басқа қаңтарда ол “Алға” газетіндегі мақаласы үшін 1500 теңге алды. Ысқақовтың табыстар құрылымында қандай табыс түрлері көрсетілген? Инфляция айына 3% құрайды. Ысқақовтың қаңтар айындағы нақты және номиналды табыстарын есепте.100000 тг-2 %-ы=2000 тг,сонда 3000+2000=5000     Жауабы: 5000

№21

Құлпынайдың 6%-і қант 35 кг құлпынайда неше кг қант бар?

35кг-100%

Х кг- 6 %,  х=35*6/100%    Жауабы: 2,1 кг

№22

Белгісіз санды  табыңдар: 15%-і 9-ға тең, 40%-і 15,6-ға тең.

15%-9                                                 40%- 15,6

100%-х,х=9*100%/15%;                  100%- х,    х=15,6*100%/40%         Жауабы: 60; 39

№23

Картоптың 80%-і су. 25 кг картопта неше кг су бар?

25 -100%

Х  -80 %,  х=25*80% /100%        Жауабы: 20 кг

№24

Белгісіз санды табыңдар: 120%-і  78 – ге тең, 20%-і  8,2-ге тең.  Жауабы: 65; 41.

№25

450 кг рудадан 67,5 кг мыс алынды. Руда құрамындағы мыс неше процент?

450-100%

67,5- х %   ,   х=67,5*100% :450                                                            Жауабы: 15%  мыс.

№26

Белгісіз санды табу: 16; 24, 68; 100 сандарының 25%-ін табыңдар.    Жауабы: 4; 6; 17; 25.

№27

Жалақысы 10%-ға өскеннен кейін жұмысшы айына 38500 теңге алатын болды. Жұмысшының бастапқы жалақысы қанша болған?                 Жауабы:35000теңге

№28
Жинақ кассасына жыл басында 15%-ды  қөсіммен салынған ақша жыл соңында 62100 теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше  теңге ақша салынған?           Жауабы:54000теңге

№29
Атай жинақ кассасына 95000 теңге ақша салып, бір жылдан соң одан 104500 теңге  алды. Атай жинақ кассасына салған ақшасын неше пайызды қөсіммен алды?              Жауабы:10%

№30

Товар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік құнын анықтаңыз.                                           Жауабы: 1260 мың теңге.

№31

Квадраттың қабырғалары 25% – ке ұзартылған. Квадраттың ауданы қанша процентке  көбейеді?

Жауабы: 56,25.

№32

80-і 16-ға тең белгісіз санды табыңыз.   Жауабы: 20.

№33

Токарь 3 күн жұмыс істеп, 208 деталь дайындады. Бірінші  күні ол нормасын орындап, екінші күні нормадан 15% асыра орындады, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 10 детальға артық дайындады. Токарь әр күн сайын қанша детальдан  дайындап еді?    Жауабы: 62; 68; 78.

№34

Жұмысшы жалақысының 11% –ін жұмсағаннан кейін 7120 теңге қалды. Оның алған жалақысы қанша?                                                                                Жауабы: 64700теңге

 

№35

Екі санның қосындысы 120,біреуінің 40%-і екіншісінің 60%-не тең. Осы сандарды табыңыз.

Бірінші  сан х,екінші сан 120-х,сонда

0,4х=0,6(120-х), х= 72,екінші сан 120-72=48      Жауабы: 72 және 48

№ 36

Екі натурал санның біріншісі екіншісінен 5-ке артық.Ал олардың квадраттарының айырмасы 45-ке тең.Осы сандарды табыңыз.

Ш. Бірінші сан –х, екінші сан х-5.    х2-( х-5)2=45, х= 7, екінші сан 2      Жауабы: 7 және 2

№ 37

Фирма жарнама агенттеріне заказ құнының 5% –ін төлейді. 2000 теңге табу үшін, заказдың құны қанша болу керек?                                                  Жауабы: 40000 теңге.

№38

Тағамның бағасы алғашқыда 20% қымбаттады да, сосын 5%-ға арзандады. Тағам бағасы барлығы қанша пайызға артты?                                           Жауабы: 14%

№39

А саны В санының 10%-ын құрайды. А саны 5А+2В санының қанша пайызын құрайды?

Жауабы: 4%.

№40

Әдемі адамдардың ақылды адамдар саны 40ке артық, ал 25 ақылдылар әдемі, әдемілер қатарында ақылдылардың пайыздық көрсеткіші    Жауабы: 15%.

№41

1 кг-ын 240 теңгеге сатып алынған өріктің 25%-ы сүйек болса, тазаланған 1 кг өрік құны:

Жауабы: 320 теңге.

№42

Массасы 0,5 т целлюлозаның 85%-і су. Құрамында 25 целлюлоза болу үшін қанша суды құрғату керек екендігін табыңдар      Жауабы: 200

№43

40 метр 5%-дық тұз ертіндісіне қанша су қосып 4%-дық тұз ерітіндісін алуға болады?

Жауабы: 10л

№44

Майдың салмақты үлесі 3,5% және 1,5% болатын сүттер бар. Майлылығы 3%-ке тең 10 л сүт жасау үшін әр қайсысынан неше литр сүт алу керек.     Жауабы: 7л немесе 2,5 л.

 

№45

Балықшы 15% қара балық аулады, ол барлық ұстағанының 30% құрады. Балықшы қанша балық аулады?     Жауабы: 50 балық.

№46

Саңырауқұлақ салмағының 90% -ы су, ал құрғақ саңырауқұлақ алмағының 12%-ы су. 22 кг жаңа терілген саңырау құлақтан қанша құрғақ саңырау құлақ

алынады?     Жауабы: 25 кг.

 

Қорытынды

Біз таңдаған тақырып өте өзекті болып табылады. Өйткені, барлық қызмет салаларында пайыздар  кездеседі. «Процент» сөзінсіз біз статистикада, бухгалтерияда, қаржы істерінде жұмыс істей алмаймыз. Жұмыскерге жалақы беру үшін: салықтық аударымдардың пайызын білу керек; біздің ата-аналарымыз банкте шот ашу үшін пайыздық төлем салымдарына қызығушылық танытады; алдағы ақшаның өсімін білу үшін, пайыздық инфиляцияға көңіл аударамыз. Сауда саттықта «пайыз» сөзі өте жиі қолданылады. Біз күнделікті өмірде жеңілдіктер, кіріс, несие және тағы да басқасы- мұның бәрі пайыздар. Қазіргі заманда адамға ақпараттар ағымында, өмірлік мәселелерде дұрыс шешім қабылдап білуі қажет. Ол үшін пайыздық есептерді шығара білу қажет. Осы тұста гипотеза дәлелденеді.

Біздің жұмысымыз мектеп оқушыларын пайызды меңгеруде қызықтырады деп сенеміз!

Күнделікті өмірде пайыздың атқару ролі үлкен. «Пайыз» тақырыбы әмбебап болып есептеледі, ол жаратылыстану және  нақты ғылымдарын біріктіреді. Физика, химия сабақтарында кездеседі, теледидар бағдарламасында, дүкенде. Пайыздық есептеулерді сауатты жүргізу әрбір оқушыға қажет. Соңғы кездері ҰБТ-де пайызға арналған  көптеген есептер кездесуде, тіпті кез келген салада кездеседі. Сол себепті де пайыз  біздің күнделікті өміріміз.

Мен өзімнің жұмысымда пайыздың адам өміріндегі маңызын ұғына отырып, төмендегідей тұжырымға келдім:

  • Математика тапсырмаларын шешуде
  • Үлкен ақпарат ағымында сауатты жұмыс істей білуде
  • Ақшаны дұрыс және қалай сақтау барысында
  • Дұрыс сауда жасап, жеңілдіктерді пайдалана білуде

Пайыздың қолданылатын аумағын дөп басып айту мүмкін емес. Күнделікті өмірдегі пайыздық төлемдердің барлығын қарау өте қиын, өйткені адам өзінің күнделікті өмірінде пайызды өте көп шамада қолданады.               Қорытындылай келе пайыздар бізге бүтін бөліктерді, есептеулерді жеңілдетеді, сондықтан пайыз кең таралған. Зерттеу барысында көптеген жаңалықтар ашылды, өзім үшін өте пайдалы жұмыс жүргіздім деп ойлаймын, әрі осы зерттеу барысында білген ақпараттарым күнделікті өміріме қажет болады деп есептеймін.

Практикалық кеңестер

1.Пайызға арналған тапсырмаларда – бірден нақты шамаларға көшеміз. Немесе тапсырмалар күрделі болса, берілгенін мұқият оқимыз.

2.Пайыздардың қалай шыққандығын мұқият оқимыз. Егерде мәтін дұрыс берілмесе, онда біз оны қойылған сұраққа қарап отырып, түсіне аламыз. Сол себепті де мәтінді түсініп оқу керек!

3.Тапсырманы шешкеннен кейін, мәтінді кері оқимыз. Мүмкін сіз соңғы нақты жауапты емес, аралық жауапты тапқан болуыңыз мүмкін. Бұндай жағдай да тапсырманы кері оқимыз.

                       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Энциклопедический словарь юного математика. Москва «Педагогика» 1985,263 бет

2.Математика  5-сынып  (ІІ-бөлім) Т.Алдамұратова .  Алматы «Атамұра»

2015 жыл

3.Финансы.2000  №1 38-41 бет.

4.Дорофеев В.Г.,Кузнецов Л.В. Изучение процентов в школе. Журнал    «Математика в школе»  2002  №1

5.И.Н.Петрова.Практикум.Проценты на все случаи жизни.Южно-Уральское книжное издание. 11-13 бет.

6.Вопросы экономики.2000 №4   99-119 бет.

7.Оқу-әдістемелік құрал. Астана: «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК,2016-

25 бет ,2013-22,25 бет

8.Математика:тест тапсырмалары. М.В.Симакин- Көкшетау:Келешек-2030, 2010-5,12,17 беттер

9.1)https://kk.wikipedia.org/wiki/Пайыз

2)http://dictionary-economics.ru/word/Процент

3)https://kk.wikipedia.org/wiki/Несие

4)http://www.studfiles.ru/preview/5271589/page:3/

5)http://bankreferatov.kz/economik/567-sayasat-tyralu.html

6)Esep.kz [7]

7)Уикипедия Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*