ОНО

«EXPO-2017» Болашақ энергиясы Кульмаганбетова Р.А. №18 ЖОББМ-КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Екібастұз қаласы Қаиргелді Алина, Оразбекқызы Меруерт 7 «а» лицей сынып оқушылары №18 ЖОББМ-КММ, Екібастұз қаласы

«EXPO-2017»

Болашақ энергиясы

Кульмаганбетова Р.А.

№18 ЖОББМ-КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Екібастұз қаласы

Қаиргелді Алина, Оразбекқызы Меруерт

7 «а» лицей сынып оқушылары №18 ЖОББМ-КММ, Екібастұз қаласы

 EXPO-2017 Future Energy

 «Болашақ энергиясы» жобасының мақсаттары мен міндеттері — қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер, ұйымдар, корпорациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық қауымдастықты жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады.

«Болашақ энергиясы»

 

«Болашақ энергиясы» жобасының атауында оның идеясында секілді энергияны жақын болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан, бұл тұрақты дамудың айнымас шарты болып табылады.

«Болашақ энергиясы» сондай-ақ өзінің алдына жұртшылық назарын адамзаттың ажырамас мұрасы болып табылатын қуат қорларын жауапты және тиімді пайдалану қажеттілігіне қарату мақсатын қояды.

ASTANA EXPO-2017

XXI ғасырдың өркениет биігіне батыл қанат қаққан тәуелсіз Қазақстанның 2012 жылғы басқа жетістіктерін былай қойғанда, әлемнің алдыңғы қатарлы 161 мемлекеті мүше болып табылатын Халықаралық көрмелер бюросының аламан бәйгесінде қара үздіріп, Бүкіләлемдік мамандандырылған қөрме өткізу құрметін жеңіп алуы төрт құбыласы түгел дамыған елдердің де маңдайына бұйыра білмейтін бақыт еді. Бұл жеңіс – егемен еліміздің еркіндік алғаннан бергі жылдар ішіндегі салиқалы саясатын, «Қазақстан финомені» аталған экономикалық жетістіктерін мойындау, төрткүл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық орталыққа айналған Астананың ашықтығының жеңісі.

«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы алаңы 174 гектарды құрайды. Онда алаңы 1 миллион шаршы метрден асатын нысандар салынуда.

ФРАНЦИЯ 1069,1 шаршы метр – «Жасыл өнім бағытына энергетикалық бетбұрыс»

 

Негізгі құрылыс-монтаждық жұмыстар 2014 жылғы мамыр мен 2016 жылғы желтоқсанға белгіленген. Көрме кешенінің шеберлік жоспары «Альберт Шпир» неміс компаниясымен бірлесіп әзірленген.

Кешеннің көрме аймағында Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық, корпоративтік павильондар, сауда, ойын-сауық, қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінен тыс аймақта конференция залы, баспасөз орталығы, жабық қалашық, тұрғын үйлер, қонақ үйлер орын тебеді.

Ұлттық павильондар

ВЕНГРИЯ 411,9 шаршы метр – «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді»

 

Биылғы қөрмеге халықаралық қатысушылардың ішінде Франция 1069,1 шаршы метр алаңға ие болған. Олар ұлттық павильондарын «Жасыл өсім бағытына энергетикалық бетбұрыс»деп атандырған. Бұл ел көрмеде болашақ каласын, энергияны жаңарту әдісі және экологиялық көлік түрлерін көрсететін болады.

Венгрия 411,9 шаршы метрлік алаңды алды. «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді» деп аталған павильондар энергия көздерінің географиялық, экономикалық ерекшеліктері паш етілмек. Мұнда, сондай-ақ, электр және қала жобалау облысындағы жаңа қондырғылар таныстырылады.

ГЕРМАНИЯ 124,5 шаршы метр – «Энергияға апарар жолда»

 

Германия павильоны 124,5 шаршы метр аумақты алады. Олардың тақырыбы – «Энергияға апарар жолда». Ал түрік ағайындар 959 шаршы метр павильонға жайғасты.

ТҮРКИЯ 959 шаршы метр

Қытай 100 шаршы метр павильонға ие болды. Осы аумақты олар «Жасыл жібек жолы» арман театрына айналдырмақ. Мұнда қытайлардың әлемнің барлық елдерімен энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты ойы өрнектеледі.

Жаңа технологиялар

  1. Технологиялар

Көрменің «Болашақтың энергиясы» деп белгіленген тақырыбымен сәйкестікте, құрылыстарды салуда және іс-шараларды өткізуде ең соңғы технологиялар қолданылатын болады. Атап айтқанда, ақылды технологиялар, жаңартылмалы энергетика, құрылыста ең соңғы шыққан материалдарды қолдану, сондай-ақ көрме нысандарын пайдалануға орнықты әрі тиімді тәсіл.

  1. Көрме нысандарын энергиялық тиімді және ақылды пайдалану
ҚЫТАЙ 100 шаршы метр – «Жасыл жібек жолы»

 

Ғимараттардың энергия тұтынуын оңтайландыру үшін, ұйымдастырушылар, жайлылығын ұсынуда зиян көрместен, энергияны пайдаланудың максимал қысқартылуын қамтамасыз етуге арналған бірқатар инновацияларды пайдаланатын ғимараттарды энергетикалық есептеу саласында жаңа технологияларды пайдаланатын болады. Мысалы, адамдар санын есептеуде әртүрлі сенсорларды қолдану және жарықтандыруды бөлу, бұл энергия пайдалануды қысқартуға мүмкіндік береді.

Электр желілеріне түсетін жоғары жүктемелерді төмендету және деңгейлестіру үшін, сондай-ақ Көрменің және қаланың инфрақұрылымына жаңартылмалы энергия көздерін кіріктіру үшін Смарт Грид (Smart Grid) технологиясы қолданылатын болады. Аталған технология автоматты режимде жүктемелерді бөлу бойынша шешімдерді қабылдау үшін, шынайы уақыт режимінде барлық ірі нысандардың энергия тұтынуын қадағалауға мүмкіндік береді.

  1. Телекоммуникациялық сервистер

Көрменің мобильді сервистеріне кірудің қолайлы болуы үшін, Көрме кешенінің бүкіл аумағында WiFi ашық желісі жұмыс істейтін болады.

Ресми қатысушылардың ыңғайлы жұмыс істеуі үшін, бөлінген байланыс арналары (бұдан әрі – «VPN») ұсынылатын болады. Деректерді беру арналарының қауіпсіздігі үшін, VPN туннельдерін ұйымдастыру нүкте-нүкте әдісімен ұйымдастырылмақ. Сәйкестендіру және кіру үшін, мамандандырылған бақылау және кіруді басқару серверлері қолданылатын болады. Көрме аумағында телекоммуникациялық сервистерді ұсыну үшін, байланыс операторы конкурстық негізде таңдалып алынады. Бұған қоса, Көрме кешенінің аумағы мобильді байланыстың ұлттық операторларымен қамтылатын болады.

  1. Деректерді өңдеу орталығы

Көрме кешенінің аумағында ең соңғы технологияларды қолданумен құрылған деректерді өңдеу орталығы (бұдан әрі – «ДӨО») құрылатын болады. ДӨО қуаты Ұйымдастырушының сервистік жұмыстары үшін ғана емес, сол сияқты ресми қатысушылардың сервистерін өрістетуіне мүмкіндік беру үшін де есептелген.

Деректерді хакерлердің шабуылынан, қауіпсіздік периметрі ішіне дендеп енуден және вирустық қауіптен қорғау ең соңғы бағдарламалық және аппараттық құралдардың көмегімен қамтамасыз етілетін болады.

  1. Жаңартылмалы энергия көздері

Күн энергиясы. Күн энергиясы жердегі негізгі тіршілік көзі болып табылады. Көрме аумағында күн энергиясы электр энергиясы мен жылуды түрлендіру үшін – белсенді түрде, сол сияқты күндізгі жарықтың барынша енуін, сондай-ақ жылыту және кондициялау жүйелеріне түсетін жүктемелердің төмендетілуін қамтамасыз ету үшін, жобалау және салу кезеңінде күннің табиғи әрекетін ескере отырып – пассивті де пайдаланылатын болады. Сондай-ақ көрсетпелік мақсаттарда қазақстандық өндірістің фотоэлектрлік панельдері де қолданылатын болады. Аталған технологияны өнер орталығының оңтүстік қасбетіне кіріктіру жоспарлануда. Жалпы архитектуралық тұжырымдармен сәйкестікте, нысанда көрменің ойластырылған футуристік дизайнын бұзбастан, электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін технологиялар қолданылатын болады.

Жел энергиясы. Көрме нысандарын жел энергиясынан электрмен жабдықтау шусыз жел генераторларымен ұсынылатын болады, оларды орнату қала шегінде іске асатын амал және желдің бағыты мен құбылуларына тәуелді емес. Сфераның жоғарғы бөлігінде 2 жел генераторы қарастырылатын болады, олар желідегі электр энергиясының төмендетіле тұтынылуын қамтамасыз етеді. Қосымша жел қондырғыларын ЭКСПО-Парк аумағында орналастыру жоспарлануда.

 

Жер энергиясы. Көрме нысандарына арналған жылыту жүктемелерін алмастыру үшін, геотермалды энергияны пайдалану жоспарлануда. Астанада көрме аумағында ыстық жерасты суларының қорлары жоқ болғандықтан, жылуды жер қойнауынан жылу сорғыларының көмегімен алу қолданылатын болады, бұл бүгінгі күні тиімді энегияүнемдеуші, экологиялық таза жылыту және кондициялау жүйесі болып табылады. Жасыл ғимараттарды сертификаттау талаптарына сәйкес келуі үшін, қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға жауап беретін және планетаның озон қабатына залалын тигізбейтін хладагенттер пайдаланылатын болады.

  1. Ақылды көлік қою жүйесі

Көрме кешеніндегі барлық көлік қою орындары ең жаңа технологияларды пайдаланумен автоматтандырылатын болады. Көрме аумағына кіретін көлік құралдарын сәйкестендірудің сан алуан әдістері қолданылатын болады, бұл кіру уақытын қысқартуға және төлеу шарасын оңайлатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ WEB-қосымшаның көмегімен көлік қоятын орынды броньдау мүмкіндігі берілетін болады.

Екібастұздан екі жоба ЕXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға бүгінгі таңда 106 мемлекет тілек  білдіріп отыр. Олардың 101-і келісімшартқа  қол қойды. Жақында EXPO-2017 көрмесі мен Тәжікстан келісім жасады. Жуық арада Бельгия, Катар,Өзбекстан келісімшартқа қол қояды. Жыл аяғында дейін қатысушы мемлекеттер саны 110-ға жетеді деп жоспарлануда. Айта кетсек, жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Раушан Садықованың айтуынша, халықаралық көрмеге Екібастұз қаласы атынан екі жоба ұсынылып отыр. Оның біріншісі «Мегаватт класты отандық инновациялық жел турбиналары» деп аталады. Авторлары: Р. Асылбеков, В. Покровский, Студенттердің жетекшісі ­– проффесор М, Қамбаров. Бұл өнірдің табиғи жағдайын ескере отыра қуат өндіру көзін табуға  арналған инновациялық жоба болмақ. Екінші жоба – «Жылу электр станцияларындағы күлді шлакты қалдықтарды қалдықсыз өндеу технологиясы» деп аталады. Жобаны үш студент Дайындаған (Р. Асылбеков, В. Покровский, И. Әбдрахманов). Жетекшісі – профессор А. Миков. Аталған жобалар сәуір айында қаламызда өткен «Менің EXPO-ға қосар үлесім» байқауында  жүлделі орын алған болатын. Павлодардағы ғылыми – техникалық кенестің іріктенуінен өтіп, оң баға алған. Жоба авторлар ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға өтініш білдірді.

Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*