ТРТР

Жаңақала мектеп – гимназиясы Ғылыми жоба тақырыбы: «Дина Нұрпейісова күйлеріндегі Аналар бейнесі» Жоба авторы : Қасымв Аманай Аянұлы- жаңақала мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы. Жетекшісі: Домбыра сыныбының жоғарғы санатты мұғалімі- Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы. Тақырыбы: «Дина Нұрпейісова күйлеріндегі Аналар бейнесі»

Жаңақала мектеп – гимназиясы

Ғылыми жоба тақырыбы:  «Дина Нұрпейісова күйлеріндегі Аналар  бейнесі»

  Жоба авторы : Қасымв Аманай Аянұлы- жаңақала мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы.

Жетекшісі: Домбыра сыныбының жоғарғы санатты мұғалімі- Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы.

Тақырыбы: «Дина Нұрпейісова күйлеріндегі Аналар  бейнесі»

      Мазмұны:  Кіріспе.

1.Күй , ана сөздеріне анықтама.

2.Дина Нұрпейісованың өміріне шолу.

  Негізгі бөлім: -Дина- батыр ана, күйші, орындаушы, ұстаздың шәкірті, өзі де ұстаз.

-Динаның қызы Қоңырға арнаған  «Әсем қоңыр» күйі.

-Динаның колхозшы келіншектерге арнаған «Сауыншы »күйі.

— Динаның  Ұлы Отан соғысына аттанған  төрт ұлына арнап                   шығарған «Ана бұйрығы»  күйі.

-Динаның Балым замандасына арнаған «Бұлбұл» күйі.

-Динаның аналар күніне арнаған «8-март» күйі.

 

Қорытынды бөлім: Күй анасының табиғи тұлғалық қасиеттері неде?

 

 

 

 

 

Алғы сөз

Құрметті Жас дос !

Сіздерге тыңдауға ұсынылып отырған Аманайдың ғылыми жобасы «Дина Нұрпейісова күйлеріндегі Аналар бейнесі » деп аталады. Аманй бұл тақырыпты зерттерде көп ойланды. Себебі, Дина шешеміздің күйлерінің тақырыптары сан- түрлі . Қай күйін  алып қарасаңызда шығу тарихы күрделі, орындаушыға  шеберлікті қажет етеді, жүрекке  жылы, жаныңа жақын , тамаша күмбір дыбыстар.  Аманайдың бұл тақырыпты таңдауының тағы бір себебі өзі домбыраны шебер ойнайды, ноталық сауаты жоғары, орындаушылық деңгейі  жасына сай. Домбыраны ойнар кезде орындайтын шығармасының шығу тарихына көп мән береді. Сондықтан Аманай бұл тақырыпты жазу барысында үлкен қызығушылық ,  ізденімпаздық  қасиеттерін көрсете білді.  Аманайдың таңдаған тақырыбы өз мақсатына жетеді , кеңінен ашылып , көңілдеріңізден шығады деген ойдамын.  Іске Сәт, Аманай !

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

   Ғылыми жобанының мақсаты:

Қазақ музыкасын күй жанрымен әлемге танытқан,  Құрманғазының барлық күйлерін /бүгінгі күні классикалық композиторлардың симфонияларына негіз болған/ түпнұсқа күйінде табыстаған күй анасы Динаның  өнерін зерттеу,  мектеп бағдарламасына тақырып болып енген кезде қосымша материал ретінде қолдану үшін жан- жақты зерттелген, тәжірибе жүзінде орындалатын  жұмыс. Бұл жобаның негізінде тәрбие сағаттарын жоспарлап, тарих , ана тілі пәндеріне қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады.

Зерттеу әдісі:

«Дина Нұрпейісова күйлеріндегі Аналар бейнесі» тақырыбында оқушы күйшінің туындыларының ішінен шығу тарихына орай бірнеше күйлерін таңдап алып, тереңірек талдады. Дина Нұрпейісованың күйлері жеке орындаушыларға қиындық туғызады. Себебі, құрылымдық формасы, қағыстары, ырғағы, аппликатуралық алымдары өте қиын. Ғылыми жобаны жазарда оқушы жан-жақты ізденіп, көптеген оқулықтар мен күйлердің орындалуындағы үнтаспаларды  тыңдап, сараптады.

Зерттеудің жаңалығы мен  деңгейі:

Ғылыми жоба мектеп оқушысының білім деңгейіне сай.Жаңалығы Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына орай шығарылған А.Тоқтағанов пен А.Тоқтағанованың «Тарту сәлемдеме»  кітабындағы  ана туралы күйлерінің ішіндегі осыған шейін орындалмаған  нұсқасын талдап, орындауы. Оқушының жобаны талдай отырып өзінің домбырада шебер ойнап, күйлерін теориялық талдай алу дәрежесі.

Ұсынба немесе зерттеу жұмысынан кейін туған ой:

Дина Нұрпейісова күйлерінің әрқайсысы бір-бір тарих, күрделі формадағы музыкалық шығарма. Қаршыға Ахмедияровтың, Ахмет Жұбановтың , Айтжан Тоқтағановтың  зерттеу кітаптарына сүйене отырып «Дина оқулары» атты курс неге ашпасқа деген ой туындайды.

 

 

 

Кіріспе бөлімі

«Дала әйелінің  ауыр жүгін ысырып қойып , өнерді  қалай қастерлеуді үйреткен  алып Ана»

                                                          Ақұштап Бақтыгереева

1 .Қазақ халқының сөздік қоры өте бай. Бір сөздің өзі бірнеше мағына беріп,  жұрнақ , жалғау жалғанса оданда түрлі мағынаға ие болады. Бір ғана «күй » сөзін естігенде түрлі ойға батып, бірнеше сөздер еске түсе бастайды. Ал, енді осы күй сөзінің  мағынасына тоқталсақ:

-Күй – қазақтың ежелден келе жатқан аспаптық музыка жанры.

— Күй – адамның көңіл күйі.

— Күй- бұйрық райда айтылатын сөз, мысалы , «досың үшін отқа түс, күймейсің».

— Күйші- жоғарыдағы келтірген күйді аспапта орындаушы.

-Күйлі- адамның тұрмыс жағдайы.

-Күйеуі-  шаңырақтағы отанасының жары, азаматы.

Күйреу- адамның тұрмыс жағдайының құлдырауы.

Бүгінгі қарастыратын күй сөзінің мағынасы  қазақ музыка жанрының бір тармағы – күй туралы болмақ.

-Күй- Ол негізінен домбыра күйлері, қобыз күйлері болып бөлінеді.Күй туралы аңыздар  ғұндар дәуірінен бастау алады. М.Қашғаридың « Диуани лұғат- ат-түрк»/11 ғасыр/ сөздігінде ән-күй ұғымы «көк» делінген. Осындай  тариха деректерге қарағанда  «күй» сөзінің төркіні көне түрік тіліндегі «код», «көк» деген сөзінен шыққандығы байқалады.

Күй 14 ғасырда  жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Қазақтың ұлттық күйлерінің мазмұны аңыз –ертегілерге, нақтылы тарихи  оқиғаларға  құрылады.

Домбыра күйлері  параллельді  квинта, кварта, терция, секунда, прима интервалдарымен тартылады.

Күй өзінің музыкалық формасы жағынан әр түрлі. Қазақ күйлерінің ішінде 2-3 бөлімді рондо- вариациялық синтетикалық  формадағы туындыларда кездеседі.

Күйді ойнау кезінде қағыстың атқаратын ролі өте жоғары. Қағыстардың үстіне жазылмайтын  түрлері де көп кездеседі. Олар, жаппай қағыс, кезек қағыс, шертпе қағыс,  шұбыртпа қағыс. Осы қағыстардың түрлілігі , оны алудың техникасын меңгеру күйдің тамаша сипатын береді.Міне «күй» сөзінің мағынасына түсініп, оның қолдану әдісін, құрылысын, шығу тарихын  білдік. Енді  «Ана»  сөзінің шығу тарихын, қолдану әдісіне тоқталсақ.

    Ана-  барлық түркі тілдерінде бар термин. Тілдердің көбісінде: ана –«шеше», тел., шор – әнә (äнä) – шеше, ене. Алтай тілінде – «кемпір, әйел». Кейбір түркі тілдерінде екі варианты да бар: ана – «шеше» және ене – «қайын ене». Туыстық атау ретіндегі негізгі мағынасымен бірге ана сөзінің басқа мағыналары бар.

Мысалы, Радлов сөздігінде: 1)  «шеше»,  2) «апай», 3) «салиқалы әйел, бәйбіше»,

4) «әйел жынысты», 5) «заттың басты бөлігі».

Қазіргі алтай., қазақ, қырғыз сөздіктерінде энеке формасы қаратпа сөз ретінде қолданылады. Қазақша енеке, қырғызша энеке (жас әйелдің өз күйеуінің шешесін еркелете атауы). Түркі тілдерінде анасы түріндегі еркелете шақыру формасы да бар. Башқұрт тіліндегі мағынасы басқаша: инәкә — кіндік шеше.

Ана сөзінің шығу тарихы әріде . Түркі тектес халықтардың тіліндегі Ана сөзі – шеше, ана,  әйел,  қыз, кемпір, ене сөздерімен мағыналас . Ұлттық болмысымыздың дамуына орай Ана сөзі көптеген сөздермен қосарланып әртүрлі мағынада айтылады. Мысалы:

  • Ана – Алла тағаланың жаратуымен жер бетіндегі саналы адам атты тіршілік иесінің анасы. Адам Атамен Хауа Анадан тараған ұрпақ бізбіз.
  • Анау- сілтеу есімдігі. Мысалы: анау тұрған не нәрсе.
  • Анар- жеміс түрі.
  • Аналық – жасушалардың көбейетін түрі.
  • Анайы- дөрекі, өктем адам.
  • Анашым- баланың жанын беретін жанашыры, жарық дүние сыйлаған анасы, сол баланың меншіктеп алған анасына айтатын сөзі. Міне , осылайша Ана сөзін  үлкен әріппен неге жазатынымызды білдік.

Қазақтың даңқын әйел бола тұра әлемге танытқан Динаны өмірге әкелген Жаниқадай анамызды қалайша «алтын құрсақты Ана» демеске?

1861 жылы Бекетайға палуандығымен, күйшілігмен танылған Кенженің отбасында үшінші қыз бала болып іңгәлап Дина дүниеге келеді. Әкенің назары Динаға ауып , оны бетінен қақпай ерке, ер балалармен бірге алысқанына , қолына домбыра ұстағанына қарсы болмайды өсіреді.Ерке қыз жиын – тойлардан естіген әуендерін домбыраға салып, әкенің қасынан тіркесе қалмай домбырасын  шерте  өседі.  Қызының талабына разы болған Кенже ел арасында ұлы күйші атанған Құрманғазыға Динаны көрсетіп, өнеріне батасын алғысы келеді. Бұл ойы да жүзеге асып ,  ұлы күйші Кенженің ауылына келіп, тоғыз жасар Динаның өнеріне тәнті болып,  батасын береді.

Дина Құрманғазы ұстазының «Ақсақ  киік» , «Саранжап», «Алатау» күйлерімен қоса халық күйлерінде шебер орындап үйрене бастайды.  Шәкіртін Құрманғазы бірнеше жыл қасына ертіп жүріп баулып, тәжірибесін шыңдап, өзіне күй шығаруға батасын береді.Дина  Құрманғазымен бірге жүрген  жылдарында  Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң,  Әлікей, Түркеш, Мүсірәлі сияқты белгілі домбырашылардың  орындаушылық  ерекшеліктерімен  танысып , үлкен шыңдалу мектебінен өтеді.

19 жасында Беріш руынан шыққан Мақаттың  Нұрпейісіне Дина ұзатылады. Қазақ әйеліне от басы, ошақ қасының шаруасы жетіп жатқанымен  өнерді кішкентайынан серік еткен Дина домбырасын тастамайды. Келіндік , жұбайлық міндетін қоса атқара жүріп  өз жанынан бірнеше күй шығарады. Өмір өз ағымымен жүре отырып ауыртпалығында салады. Ұзақ аурудан беті бері қарамаған Нұрпейіс өмірден  өтеді де , Дина келіншек Хайрош, Жамал атты екі қыз, ішіндегі шаранамен жесір атанып қала береді.  Дүниеге ұл бала келіп, жұртта қалған , әкесінің ізін басар ұл бала ғой деп есімін Жұрынбай қояды.

Жақсысын жатқа бермеген, жетімін жылатпаған қазағымның  ескі де болса көрегендік салты әмеңгерлік жолмен Динаны қайын інісі, Мақаттың екінші ұлы Нұралыға қосады. Осы жылдардан бастап Динаның өмірінде қиындығы мен қызығы мол  кезеңдер басталады.

 

          Негізгі бөлім.                                                                             

    Өмірге бірінен соң бірі  он құрсақ келеді . Жұрынбайдан  көрінген  немересі Балжан апайдың айтуынша  өмірден ерте шетінеген сәбилерінің есімін Дина шешеміз ұмытыңқырап қалып, Бақтылы, Қоңыр, Салиха есімді қыздарын, Жұрынбай, Төремұрат, Қажымұрат, Қатимұрат атты ұлдарын айтып отырады екен. Балжан немересі апаларын көрмеген, бірақ қай өңірде тұратынын біледі. Ал, әкесі Жұрынбай баласы Қожахметпен, інілері

Қажымұрат,Төремұратпен төртеуі соғысқа аттанып, Жұрынбай мен Төремұраттың аман-есен келгенін айтып берді.

1922 жылғы елдегі ашаршылық Динаны балаларын сақтау үшін Астраханьға көшуге мәжбүр етеді.  Көлінде балық ойнаған, төскейінде мал жайылған, ортақ шаруашылық колхозы бар Кызылжар ауданы, Азау елді мекеніне келіп тұрақтайды. Балалары колхоз жұмысына арыз жазып кіріп, өзі бірге ерлерме тізе қосып еңбек етіп отбасын асырау тірлігіне кіріседі. Кешкілік жұмыстан кейін колхоз еңбеккерлерінің алдында домбыра тартып, көңілдерін көтеріп, арнау күйлерін орындап бір қалыпты тұрмыс кеше бастайды.

Дина шешеміздің он үш ұрпақты өмірге әкелген «Батыр ана» екенін білдік. Нұрпейіс пен Нұралыдан тараған ұрпақтары қазір еліміздің түкпір-түкпірінде бар, бір-бірімен хабарлы.

    Дина шешеміздің күйшілік қырын ашатын болсақ, Ахмет Жұбанов ағамыз айтқандай, саусақтары өте салалы, аппликатурасы үлкен, алшақ пернелерді еркін алады, саусақтарында сиқыр бар. Дина сол кезде Батыс қазақстанда  қалыптасқан екі түрлі бағытты да меңгерген. Атап айтқанда,  жігерлі де қайратты Құрманғазы мен лирикаға толы, кербез,  әсем сазды Даулеткерей  дәстүрі. Дина Нұрпейісованың орындаушылық шеберлігінде  әр алуан динамикалық, кенеттен келетін паузалар, әлді үлестің әлсіз үлеске айналу әдісі, глиссандолар жиі кездеседі. Оң қолын жиі жүгірте отырып бірде тиекке тақап  форте, бірде  домбыраның мойнына таяу  пиано дыбыстарын еркін алған. Әдетте домбырашыларға тән болуы керек әдіс , саусақтарды қыспай, домбыра мойнында еркін жүргізе отырып, сыпыра қағатын болған. Мысалы:  жоғарыдан төмен,  төменнен жоғары, бір төмен , екі жоғары, кейде біріңғай төмен  сияқты қағыстарды  еркін ала білген.

Дина шешеміздің шебер орындаушылық қабылеті көп өнер тарландарын таң қалдырған. Дина күйшінің атақты күйші Құрманғазының шәкірті екенін , оның Астраханьда тұратынын алғаш Ахмет Жұбановқа айтқан Қали Жантілеуов екен. 1936 жылы өткен орындаушылардың слетіне Дина шешеміз қатыса алмайды. Осы байқауға қатынасқан Оқап, Қалиларды, тағыда жиырма бес жігіттен домбырашылар ансамблін жасақтап, кейін оркестрге айналдырған Ахмет Жұбанов Дина туралы жаңалықты естісімен өнер танушы, домбырашы Сұмағұл Көшекбаевты  Астраханьға жіберіп , күйшіні өнер ордсы Алматыға алдырады. 1939 жылы Мәскеу қаласында өткен Орта Азия халықтарының аспапта орындаушылар конкурсына қатынасып , «Домбыраның Жамбылы» деген атақ алып,  бірінші орынды жеңіп алады. Бұдан әрі Дина шешеміздің өнердегі тасы өрге домалап , шеберлігі шыңдалып, шабыттана түседі.

     Дина шешеміздің шәкірт ретіндегі тұлғасын  байқасақ өте тамаша шәкірт болған.  Құрманғазының  батасын  алған Дина ұстазының  күйлерін шебер орындаумен қатар, өз жанынан күй шығарып, Даулеткерейдің стилінде, Құрманғазының стилінде  күйлерін күрделендіре түседі. Алматыға барған соң филормонияға  орналасқан  Дина ұстазының аманатын орындау үшін келгенін , Оның біршама күйлерін  жаздыртып, аманаттайды. Ұстазы  шәкірті туралы былай дейді: «Егер Динаның  сол қолымен менің оң қолымды бір адамға бірсе, дүниеден одан артық домбырашы болмас еді» . Міне ұстаздың шәкіртіне берген бұл бағасы одан кейінде талай академиктар мен өнер зерттеушілерін таң қалдырды. Жасы тоқсанға келседе өзін, ұстазымның аманатын орындадым , күйлерін түпнұсқасында бердім, енді еліме барып, сағынышымды бассам деген арманы орындалмай өмірден өтеді.

      Дина Нұрпейісованың өзі де шәкірт тәрбиелеген ұстаз. 1939 жылғы Мәскеуде өткен аспапта орындаушылар байқауынан жеңімпаз болып оралған Дина шабыттанып, әсерленіп, жас домбырашыларды маңына жинап , шәкірт тәрбиелеу ісіне көшеді.  Динаның үйінде жас музыканттар толып жүретін болған.  Дина концерт басталардан бұрын сахна сыртында отырғанда бұрында мың рет тартып  жүрген домбырасын қолына алып, күйлерді қайта- қайта тартып қайталап отырады екен.  Жас домбырашыларға оң қолының шеберлігін үйрену қиынға соққан екен.  Ол бір күйді  үйрету кезінде іліп әкете алмаған домбырашыға ештеңе шықпайды деп , қайта көрсетуден бас тартады екен. Ал, оркестрдегі домбырашылар осындай сынға ұшырамас үшін айнаның алдында отырған күйшінің артына келіп, айнаға қарап отырып , оның тартысын айна арқылы қайталап үйренеді екен.

Динаның күйлерінің шығу тарихына тоқталсақ барлығыныңда шығу тарихы ерекше. Ақселеу Сейдімбек «Динаның көптеген күйлерінің атауы солақай саясаттың кесірінен өзгеріске ұшырады. Еңбекшілердің алдына шығарда,  саяси жиналыстарда Динаның күйлерінің атауы өзгеріп «Сталин», «Съезд», «Партия» қылып  өзгертіп қоя берген » деп жазады. Ол да шындыққа жанасуы мүмкін. Бұл тақырыпта Динаның отыз үш күйінің ішінен аналар , әйелдер тақырыбына арналған күйлерін тереңірек талдамақпыз. Динаның бұл тақырыптағы күйлері өзі әйел адам болғасын шығарылған ба десек, әрине олай емес. Ана, әйел, қыздар тақырыбына ақында, жазушы да, әнші- композитор да, күйші де, суретші де өз туындысын арнайды. Алғашқы тоқталатын күйіміз «Әсем қоңыр».

«Әсем қоңыр»

Қандай ана болмасын, өзі күйші болса балаларына күй арнмауы мүмкін емес. «Әсем қоңыр» күйі көптеген деректерді шешеміздің Адматыға келгеннен кейінгі, шаттық өмірді көргеннен кейін, совет жастарының  алаңсыз өміріне арнап шығарғын күйі деп жазады. Жоғарыда келтірген бұрмалану деген осы болса керек. Дина Нұрпейісованың Қоңыр қызынан көрінген  Бағила Бищаеваның осы ғылыми жобаның жетекшісімен кездесуінде былай деген:

-Тағдырдың жазғаны,  міне өздеріңіз бұрын естіп білсеңіздер, бүгін көріп отырсыздар, менің қос жанарым туғаннан су қараңғы.  Мен нағашы шешем Динаның  Қоңыр қызынан туғанмын. Анамның аты Қожа екен. Шешеміз еркелетіп Қоңыр атанып кеткен.  Нұралыдан туған менің анам нағашы шешміз Астраханьға көшпес бұрын осы жақта тұрмыстанып қалған.  Алғашқы жұбайы дүние салып, екінші жолдасы Қайыржаннан төрт перзент сүйген.  Әжәйіп есімді ағам 1943 соғысқа кетіп оралмады. Әтима атты әпкем  Маңғышлаққа тұмыстанып, сол жақта. Соңғы кезде хабарсызбын.  Сұлтан деген бауырым  Казталовка ауданы, Қараоба ауылында тұрады.  Бекболат атты баласы бар.  1944 жылы әкеміз өмірден өткенде мен іште жатқан бала екенмін.  Анамның Дина шешемізбен тағдырлас дейтінім осы. Жолдасы өмірден өткенде екеуінде де құрсақта сәби қалған.  Менің жанарсыз туғанымды естіп, қатты қайғырып, жесір қалғаның аздай, сәбиіңнің денсаулығы саған қиын болды-ау деп, осы «Әсем қоңыр» күйін арнаған екен.  Анам 1967 жылы дүние салған соң, менде екі қыс үйімізге қыстап, осы Орал қаласында соқырлар қоғамы бар екенін естіп,  келдім. Себебі анам жоқ, менің өмірім басқа адамдарға кедергі болмауы керек. Міне Динаның «Әсем қоңыр» күйінің шығу тарихы осы. Әрі қарай күйді тыңдап, талдап көрелік.

 

Күйдің аты :                              «Әсем қоңыр»

Екпіні:                                       Орташа, терең сезіммен.

Өлшемі:                                     2/4, 5/8

Лады :                                        минорлы

Тональдығы:                              Ми минор

Қағыстары:                                ПППП/ППҮ/ПҮҮ/ лига.

Қайталау белгілері:                   сеню, фонарь.

Кездейсоқ альтерация белгісі:  Фа бекар

Динамикалық белгілері:           f. ff. mf .

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

Нұралықызы Қоңыр

(1901-1967)

    

 

«Сауыншы»

1922 жылғы тұрмыс тауқыметі, елдегі ашаршылық  Дина шешемізге ой салды. Алланың берген сыйымен өмірге келген балаларды асырау керек, тамақ керек. Сол мақсатты отбасын жинп алып, Бекетай құмына етектес жатқан , Астраханьға қоныс аударады. Бара салысымен ұлы Жұрынбай өтініш жазып , колхозға отбасындағы еңбекке жарамдылары  жұмысқа алынады. Колхозда қандай қызмет болсада араласып, еңбек ақыларына азық- түлік алып, ел қатарлы өмір кешеді. Кешкілік Дина шешемізді ауыл тұрғындары қолқалап , жұмыстан соң демалғылары келіп, домбыра тартқызып тыңдайды екен. 1934 жылы Астраханьда өткен өнерпаздар слетіне де қатынасқан.   Сондай бір кеште сауыншы қыз-келіншектердің көңілдерін көтеру мақсатында  күй тартып, халықты қайран қалдырады. Табанда суырып салған  күй әуені түрлі – түрлі дыбыстар шығарып, малдың мөңірегені, өрістен қайтқан сиырдың бұзауына еміренгені естіледі. Таң тамаша қалған тыңдармандарға Дина шешеміз  «Бұл күйімді мына дояркі қыздарыма, келіндеріме арнадым. Малдың мөңірегені бұларға қызметтеріңе даярланыңдар дегені ғой»,- депті.  Шыныменде домбыраның ең жоғарғы  шайтан пернесі , қазіргі ноталық сауатты тілмен соль диезбен ре диезді тарту, құлаққа тұрақсыз дыбыстар болдып естілгенімен сиырдың мөңіреген қоңыр үні. Бұл дыбысты Дина шешеміздің шеберлігі сондай астыңғы ішекті төмен қарай бұрап қайта орнына қойып,  үстіңгі ішекті бұрап қайта орнына қою арқылы естірткен екен.

Күйдің аты :                              «Сауыншы»

Екпіні:                                      Көңілді, жігерлі.

Өлшемі:                                     2/4.

Лады :                                        минорлы

Тональдығы:                             Ля минор

Қағыстары:                                ПҮПҮ/ПҮҮ/Пп/ лига.

Қайталау белгілері:                    кездеспейді

Кездейсоқ альтерация белгісі:   соль диез, фа диез.

Динамикалық белгілері:           f. ff. mf .p.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астрахань Қызылжар ауданы

               1937 ж.

 

Астрахань.Володар ауданы.

Сталин колхозы.1934 ж.

Ресей.Астрахань облысы Володар ауданы Козлова ауылы.

Колорит клубы (Клуб бұрын Дина Нұрпейісова есімімен аталған).

 

 

                        

    «Ана бұйрығы»

           Отанның   басына туған қатерді Дина шешеміз аналық жүрегімен қабылдап , майданға аттандырған ұлдарына жігер беру мақсатында күй арнайды. Оны «Ана бұйрығы» деп атайды. Кейбір оқулықтарда «Майдандағы балама» деген тақырыппен де кездеседі. Екеуі де бір күй. Орындалуы өте қиын, өлшемдері  тұрақсыз , триольдар,  нүктелі ноталар.  Бұйрық райда  шығарлыған күй , қағыстарыда  нақ- нақ , өте  шегелей  ойналады . Әлсін-әлсін төрттік ноталармен шегелей , нақтылай ойнайды.  Күйшінің шығармашылығы  жыр алыбы Жамбылмен үндес болып, ой –пікірлері бір жерден шығып отырады .  «Ленинградтық  өрендерім» атты өлеңі жауынгерлерге рух беріп, орыс тіліне аударылып , майдан даласын шарлап кетеді. Сол тәрізді  Динаныңда  «Ана бұйрығы » күйі  радиотораптары арқылы  майдан даласына тарап , жауынгерлердің жауға деген  намысын қайрай түседі.

Күйдің аты :                              «Ана бұйрығы»

Екпіні:                                         Асықпай , терең сезіммен.

Өлшемі:                                     Ауыспалы 2/4, ¾, 5/8, 7/8,

Лады :                                        минорлы

Тональдығы:                              Ми  минор

Кілт белгісі:                             Фа диез.

Қағыстары:                                ПҮПҮ/ПҮҮ/Пп/ лига.

Қайталау белгілері:                    кездеспейді

Кездейсоқ альтерация белгісі:    фа бекарь.

Динамикалық белгілері:           f. ff. mf .p.

Ырғағы:                               Күрделі, нүктелі нота, триоль, квинтоль.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

,

 

                                             «Бұлбұл»

Бұл күй «Соқыр қыздың  әні» атты әуенге негізделген.  Динаның қос жанарынан айырылған , тағдырдың тәлкегін көп көрген,  зарлы әнімен халық арасына танылған Балым атты құрбысына шығарған күйі. Кейбір деректерде күйдің шығу тарихын басқаша жазады. Бұлбұл құстың сайраған үні деп. Жоғары да келтірген Ақселеу Сейдімбек ағамыздың  жазбаларында Динаның кейбір күйлерінің атауы осылай бұрмаланған. Бұл күйді шығарып тартқанда Дина Балым құрбысына, «өмірге  налу үшін емес,  көңілдену  үшін жаралдың Бұл тағдырдың сынағы. Әлі- ақ жазыласың. Болашағың жарқын болады» деп  осы «Бұлбұл» күйін тартқан екен.   Теориялық талдау кезінде байқасаңыздар өте жиі алынатын  тремоло тәрізді дыбыстар осы бұлбұл құстың дыбысы тәрізді болып, қыздың жарқын күлкісі іспетті естіледі.

Күйдің аты :                              «Бұлбұл»

Екпіні:                                          Орташа  сезіммен.

Өлшемі:                                     Ауыспалы 3/8, 9/16, 8/8, 7/16

Лады :                                        минорлы

Тональдығы:                              Ре  минор

Кілт белгісі:                             Си бемоль.

Қағыстары:                                ПҮПҮ/ПҮҮ/ПППП/ лига.

Қайталау белгілері:                    сеню, фонарь.

Кездейсоқ альтерация белгісі:    Си бекарь, ми бемоль.

Динамикалық белгілері:           f. ff. mf .p.

Ырғағы:                               Күрделі, нүктелі нота, триоль, квинтоль.

Мелизмдер :                      Форшлаг.

                              «8- март»

Жетпістің үстіне шығып Алматыға келген Дина Нұрпейісованы  үкімет адамдары қатты құрметтейді. Жиындарда, партия жиналыстарында, еңбеккерлермен  кездесулерде халыққа рух  беру мақсатында  сахна төріне Дина шешемізді  көтереді екен.  Совет үкіметінің  халыққа берген бір рухты саясаты Отанға деген адалдық пен еңбекке деген  сүйіспеншілік еді.  «Еңбек ері» , «8- март » күйлері осындай жалынды шабыттан туған күйлер. Бұл күйді Рысбай Ғабдиевтің орындауында нотаға түсірген. Дина шешеміз Рысбайдың жас болсада тамаша домбырашы екенін естіп, алдына келуін сұраған екен. Бірақ аманатшылардың жәй хабарлауынан Рысбай  Ғабдиев  осы кездесуіне бара алмағанына өкінеді екен.  Күй орындалуында шабытты, жеңіл, көңілді, ырғақты  болып естіледі.

Күйдің аты :                              «Ана бұйрығы»

Екпіні:                                         Асықпай , терең сезіммен.

Өлшемі:                                     Ауыспалы 2/4, ¾, 5/8, 7/8,

Лады :                                        минорлы

Тональдығы:                              Ми  минор

Кілт белгісі:                             Фа диез.

Қағыстары:                                ПҮПҮ/ПҮҮ/Пп/ лига.

Қайталау белгілері:                    кездеспейді

Кездейсоқ альтерация белгісі:    фа бекарь.

Динамикалық белгілері:           f. ff. mf .p.

Ырғағы:                               Күрделі, нүктелі нота, триоль, квинтоль.

 

 

                            Қорытынды бөлім

Динаның шығармалары тек жасын атап өту кезінде науқандық жұмыс болып қалмайды. Әліде жалғасын табады. Орындалмай жүрген күйлері орындалып, насихатталады.  Құрсағынан Құрманғазыдай ұлы күй атасын берген  , Динадай Күй Анасын берген Нарын құмының қасиеттілігі қандай тамаша десеңізші.  Осы өңірден шыққан ұлы күйшілерді  мектеп жасынан оқушылармен таныстыру мақсатында  «Күй тану», «Дина тану» , «Өлке тану» курсының бағдарламасын жасап, неге оқытпасқа . Ұрпақты ұлттық қалыпта тәрбиелеу дегеніміздің бастамасы осы емеспе?

Этноөнерді, этномәдениетті  неліктен даладан іздеп, немесе біреудің жазып бергенін күтеміз. Осы ұлы даланың күйшілерінің қай күйін алып қарасаңызда тұнып тұрған симфония.

Н. Савичевтің өзі «Егер Құрманғазы Еуропаша білім алғанда , жер бетінде одан асқан музыкант болмаушы еді »  тегін емес.  А. Беляевтің  Мәскеудегі өткен өнер слетінен жазған мақаласында  Динаны  «Домбыраның  Жамбылы» атады.  Қандай шексіз теңеулер?  Ендеше  өз тарихымызды ұлықтауды,  жақсымызды жалаулатуды бүгіннен басталық .

       Замандастарыма ұсынба:

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқан «Мәңгілік ел» идеясы әр қазақстандықтың өзінен басталады. Мәдени құндылықтарымызды ұлығылай отырып өнертануды өз ауылымыздан басталық . Дина шешеміздің күйлерін өзіміз тарта алмасақта тыңдап, әуенін жүрегімізге жаттаталық.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»  . Алматы-1950 ж.
  2. Қ.Ахмедияров «Әсем қоңыр» Алматы-1995 ж.
  3. А.Тоқтағанов «Тарту сәлемдеме». Алматы- 2011 ж
  4. Ғ.Әнес құрастырған «Дина күйші ». Арыс баспасы. 2010 ж.
  5. Г.Т.Шуақбаеваның жеке мұрағаты материалдары.

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*