ШЛШ

Жаңақала мектеп – гимназиясы Ғылыми жоба тақырыбы: «Дина Нұрпейісова күйлеріндегі Аналар бейнесі» Жоба авторы : Қасымов Аманай Аянұлы- жаңақала мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы. Жетекшісі: Домбыра сыныбының жоғарғы санатты мұғалімі- Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы.

                     Сабақтың тақырыбы  :   Дина Нұрпейісованың орындалмаған күйлеріне  теориялық талдау .

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі- Оқушыларға мектеп бағдарламасына сай негізгі білімді бере отырып пәнаралық байланысқа екпін түсіру.

-Оқушының өз бетімен жұмыстануына бағыт беру.

— Қазіргі заман білім талаптарына сай жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдана білу.

Тәрбиелілігі: —2016 жыл жерлесіміз , күй анасының туғанына 155 жыл толуына орай оқушыларға Дина Нұрпейісованың күйлерін, әсіресе орындалмай жүрген күйлерін үйрету.

  • Динаның күй мұрасын ғасырдан ғасырға жеткізетін ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылығы: —Музыканың ең негізгі  талабы, қажеттілігі ырғақтық/ ритмикалық/ сауаттылық. Сондықтан оқушының сауатты  болып қалыптасуы үшін пәнаралық байланысты  қолдана білу.

-Математика  ғылымын барлық сала  қажет екенін , онсыз ешбір сан туралы ұғымның шешуін таппайтынын дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі:  — үлестірмелі дидактикалық материалдар,

— аспаптар.

— Дина Нұрпейісова туралы жеке мұрағат суреттері.

Сабақтың әдісі: —  талдау, болжау.

Сабақтың түрі: — Кіріктірілген, математика мен музыка пәндерінің .

Сабақтың барысы: — Күй анасы Дина Нұрпейісованың осы құмда дүниеге келгеніне биыл 155 жыл екен . Қане математикалық азайту амалына салып 2016-155 =? Шешуін шығарамыз.

Сонымен Дина шешеміз қай жылы дүниеге келген екен-  1861 жылы.

Кенжемен Жаниха атты қарапайым ғана отбасында үшінші қыз болып  дүниеге келген Дина  қазақ халқының атын  әлемге әйгіледі.  Әкесі Кенже Динаның ерке өсуіне,  ер балалармен асыра ойнауына, домбырасын сүйрете жүріп әуендерді тартқанына  кедергі болмады

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санның мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептеледі. Мысалы:

Үш би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин

Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық

Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата – бабадан қалған ескі жұртты бұзу

Үш ақиқат: қымбат – шындық , арзан – өтірік, дауасыз – кәрілік (Жанқұтты шешен)

Үш қуаныш: алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі

Үш биік: билік, дәулет, даналық

Үш асыл: көз, тіл, көңіл

Үш ынтық: еркін өмір, құрметке бөлену, пайдалы еңбек ету

Үш тұл: қайратсыз ашу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл (Абай)

Үш апат: ғалымды сыйламау, үкіметті сыйламау, асты ысырап ету

Үш кедейлік: кежірлік, еріншектік, ұйқы (Төле би)

Үш бақытсыздық: жаман ат, жаман қатын, жаман көрші

Үш көз: су анасы – бұлақ, жол анасы – аяқ, сөз анасы – құлақ

Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат

Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып

Үш арсыз: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз

Үш даусыз: мінез, кәрілік, ажал

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет (Жиренше шешен)

Үш қадірсіз: жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел)

Үш тәтті: жан тәтті, мал тәтті, немере тәтті

Үш тоқтам: ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық

Үш жұрт: ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт

Үш байлық: бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық

Үш алыс: жер мен көк, кәрі мен жас, жақсы мен жаман

Үш ортақ: ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ

Үш қат: жоғарғы қат (аспан), орта қат (жер үсті), төменгі қат (жер асты)

Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш тағылым: мейірімнен – сауап, жақсылықтан – шарапат, жамандықтан – кесапат

Үш күйеу: алғашқы күйеуі – түскен елі, екінші күйеуі – ар – намысы, соңғы күйеуі – қосылған жары

Міне, осылай дана халқымыз 3 санына ерекше мән берген. Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларда үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.

    Міне, Дина шешеміздің үшінші болып дүниеге келуінің өзі де осы киелі санға байланысты емеспе екен деген болжам туады.

  Әкесі Кенже қызының таудай талабын байқап , өнеріне бағыт берсін деген мақсатпен күй атасы Құрманғазыға  Динаны көрсетпекші болады. Осы ойдың жүзеге асқаны 1870 жылы Құрманғазы Кенженің ауылына ат басын тірейді. Динаға күй тартқызып, сүйріктей нәзік саусақтардың  перне бойын қуалағанына, әр таза дыбысқа, күй ырғағын айнытпай салғанына разы болып батасын береді.Сұрақ , бұл кезде жас Дина нешеде еді? 1870-1861=?

  Есейе келе қасына ертіп жүріп Есжанның, Даулеткерейдің, Баламайсаңның күйлерін де үйретеді.Шеберлігі шыңдала түседі. Кейін өзін де күй шығаруға кеңес береді. 

         Дина әкесінің шаңырағынан балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басып ұзатылғанда онтоғыз жаста болса, бұл қай жылы екен?

                 1861+19=?

 Өмірдің көптеген тауқыметтерін көтере жүріп, өнерді қатар ала жүріп, балаларын тәрбиелей жүріп біздерге , бүгінгі Тәелсіз Қазақ елінің өнеріне, мәдениетіне ғажайып туындыларды сыйлады және ұстазы Құрманғазының аманатын орындап күйлерін таспаға жаздырды.

         94 жасында сол жылдардағы астанамыз Алматы қаласында дүние салып, ұлы адамдардың мекен еткен Кенсай зиратына жерленді. Сұрақ , бұл қй жылы екен 1861+94=?

     Сабағымызды Динаның осыған шейін орындалмай, көптеген орындаушылардың қолына түспей, тыңдармандардың құлағына жетпей жүрген күйлеріне теориялық талдау жасаумен жалғастырамыз.

       Қайда барсаңызда, не нәрсені ұстап немесе зер салсаңызда математика қажет. Адамның барлық тұрмысы, қажеттілігі математикамен тікелей қатынасты. Сол тәрізді музыкада да ритмді түсіну, талдау, орындау, қабылдау бәрі-бәрі тұнған математика. Ұлттық дәстүрімізде домбыраны үйренудің көнеден келе жатқан құйма құлақтық және жаңа заман талабына сай, Еуропадан бастау алатын ноталық сауаттылық әдісі де бар.  Қай әдісті меңгерседе ырғақ мықты болмаған адамнан жақсы музыкант шықпайды.

   Құйма құлақтық әдіс- орындаушының тартқан әуенін лезде қайталап іліп әкету. Халық сазгерлері мен орындаушыларының осындай ерекше қабылеттері болған.

        Ноталық сауат— Еуропадан бастау алған , барлық ырғақ қалыпқа салынған, дыбыстарға нота атаулары берілген. Ырғақтар қалыпқа салынған дегеніміз- жай созыла орындалса бүтін нота, одан жиілей бастаса төрттік үлеске, одан жиілей берсе сегіздік, оналтылық, отыз екілік, тремоло болып жалғаса береді.

Дина Нұрпейісова күйлерінің күрделілігі сондай ырғақ жиі ауысып, кенеттен тыныс алып/ пауза/ , кенеттен глиссандо / домбыра мойнында барлық пернелерді қуалай сырғу/  кездеседі . Бұл Дина шешеміздің  орындаушы ретіндегі , композитор ретіндегі де шеберлігі өте жоғары.

Дина күйлерінің орындауға әл бермейтіндігі , күйлерінің халық арасына көп тарамайтындығы да осы күрделілігінен болса керек. Халық композиторларының ішіндегі күйлерінің өз қолтаңбасымен таспаға түскені де жалғыз Дина шешеміз екен. Ұстаз аманатын орындау мақсатында балаларын Астраханьға тастап , Алматыдан Ахмет Жұбанов жіберген өнертанушы Сұмағұл Көшекбаевқа еріп  келіп, филормонияда, оркестрде жұмыс жасауы , жасы жетпістен ассада байқауларға қатынасуы өнерге шын берілгендігі.

Бүгінгі сабағымызда Дина Нұрпейісованың орындалмай жүрген күйлеріне теориялық талдау жасаймыз. Музыка теориясы тұнған математика.Математикадағы ортақ бөлім, бірдей алымдар, шеңбер, квадраттар музыка теориясымен тығыз байланысты.

Мысалы Динаның  «Жаса партия» күйі  1937 жылы жоғарыда атап өткен  өнер ордасына келгенде қуаныштан, шаттықтан шығарған күйі . Бұл күй ертеректе оркестр репертуарында орындалғанымен соңғы кезде жинақтарға енбей ұмытылыңқырап қалды. Теориялық талдау жасалық :

Күйдің аты  :    «Партия туралы күй»

Авторы :            Дина Нұрпейісова

Екпіні :               Марш

Лады :                Минорлы..

Тональдығы:      Ми минор,ля минор, ми минор..

Кілт белгісі:      Си бемоль.

Кездейсоқ белгі: Си бекар.

Өлшемі :              Ауыспалы, 6/8, 3/4, 9/8 , 2/4

Ырғағы :   ауыспалы, төрттік, сегіздік, ақсақ,  шұбыртпалы,

5- сынып математикасында өткен  жай бөлшектер, жай бөлшектерді салыстыру,жай бөлшектерді қосу және азайту  тақырыптары бойынша  шегініс жасап көрелік. «Партия туралы» күйді  осы тақырыптар бойынша талдасақ.

 

 

 

 

Бірінші тактідегі өлшем 6/8, бұл ереже бойынша бір тактіде  алты сегіздік нота бар деген.  Егер тактіні санасақ төрт нота таяқшасы бар. Енді қалай талдау керек. Мұндағы төрттік нотаның ішінде екі сегіздік, келесі нота өзі сегіздік, үшінші тұрған төрттік нота ішінде тағы да екі сегіздік, төртінші тұрған тағы сегіздік. Сонда қосындысында бір тактіде алты сегіздіктің есебі шығады.  Егер бұл ырғақтың орнын ауыстырып төрттік екінші, сегіздік бірінші тұрса күйдің құрылысы мүлдем өзгеріп кетер еді. Осы ырғақпен тұрғанда ақсақ ырғақты беріп тұр. ььЕгер осы өлшемді математикалық амалдарға салсақ , өлшемді екі жай бөлшекке айналдырып жазуға болады. 3/8+3/8 – 6/8  .Бұдан шығатын математикалық ереже, бөлімдері бірдей  бөлшектерді қосқанда олардың алымдары бірдей болса бөлімін солай қалдырып, алымын қосамыз.

3/8+3/8+3/8= 9/8 ,   5/8+4/8=9/8.

Енді бөлшектерді салыстыру ережесіне тоқталсақ:  Бөлімдері бірдей бөлшектің қайсысының алымы  үлкен болса сол бөлшек үлкен болады.

3/8 < 5/8:      8/8  >5/8 :

Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының  бөлімі кіші болса  сол бөлшек үлкен болады:

   5/8> 5/16 ;  2/8 < 2/4;

 

 

Музыка теориясында осылай талданбаған күйлердің қаншамасы архивтарда жатыр. Мамандар қазіргі заманда техниканың даму деңгейінің жоғарлауына байланысты көбіне күйлердің таспаға жазылған түрін құлаққаппен  тыңдап жаттайды. Музыка мен математика ғылымы тығыз байланысты деген ойым дәлелденді.

Егер ортаңғы буындағы  6/8 өлшемінің ырғақтық орнын ауыстырып көрсек, алдымен сегіздік нота, содан кейін төрттік тұр, соны кері орналастырсақ бас буындағыдай түсініксіз ырғақ пайда болады да, күй мазмұны тіптен өзгеріп кетер еді.

5- сынып оқушыларына математикадан  осы тақырыпты түсіндіру үшін  музыкамен байланыстырып бесбұрыш немесе дөңгелекті қолдансақ болады.

 

 

 

 

Дина шешеміздің өз орындауында үнтаспаға жазылып орындалмай жүрген тағы бір күйі «Беташар». Бұл күйдің осы күнге шейін нотаға түспеу себебі ырғақтық күрделілігі болуы мүмкін. Күйге теориялық талдау жасалық.

                    Күйдің аты  :    «Беташар»

Авторы :            Дина Нұрпейісова

Екпіні :               Марш

Лады :                Минорлы..

Тональдығы:      ре минор,до мажор.

Кілт белгісі:         си бемоль.

Кездейсоқ белгі: Си бекар.

Өлшемі :              Ауыспалы, 4/4, 3/4 , 2/4

Ырғағы :   ауыспалы, төрттік, сегіздік, ақсақ,  шұбыртпалы.

 

 

 

 

Бұл күйдіде осылай математикалық амалмен талдаймыз.

С- бұл 4/4 өлшемінің әріппен таңбалану түрі. 4

С=4/4 ; 4/4= 2/4+2/4 ;   6/4 =2/4+4/4 ; 6/4 = 3/4 +3/4;

4/4  >2/4 ;  3/4<4/4  ;

4/4>4/8 :    2/4 >2/8 .

 

«Беташар»  күйі А. Тоқтағановтың «Тарту сәлемдеме » кітабында алғаш  жарияланған. Бұрынғы халық күйшілерінің ішінде қыз балалар тұрмысқа шыққанда өз ұзатуларында өздері беташар күйі орындағандар кездеседі екен. Мысалы: Ақбикеш, Ақбала қыз, Шарипа.  Дина шешемізде екінші рет қайынінісіне әмеңгерлік жолмен қосылғанда беташар ретінде осы күйді тартқан екен. Күйді тыңдасақ бас буынымен негізгі буын , ортаңғы буында минорлы тартылып келіп,  мажорға ауысады.  Бұл күйдің нақты шығу тарихы жорамалдап айтылғанымен  толық жазылмаған. Менің пікірімше Дина шешеміз екінші рет отбасын құрғанда әрине беташар емес, әйел адамның тағдырының ауырлығына арнағанба деп қаламын. Минорлы басталып келіп қақ ортадан до мажорға ауысады. Бұл болашақ өмірден жақсылық күтетінін білдіргендей. Минор – ұяң , лирикалық үн. Мажор –қатаң, көңілді үн.

      Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі сабақта Дина шешеміздің екі күйін жете талдадық. Математика пәнімен өткен тақырыптарды еске түсіре отырып талдау жасадық. Орындадық. Биылғы күй Анасының туылғанына 155 жыл толуына орай жарияланбаған күйлерін қайта жаңғырттық. Бүгінгі сабақ  түсінікті болды деп есептеймін. Себебі, оқушылар пәнаралық байланыстың тақырыпты ұғынуға пайдалы екенін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*