скачанные файлы (53)

«Жалпы орта білім беретін №6 мектеп»КММ Зырян қаласы Тақырыбы: «Зырян ауданы бойынша қазақ ұлтының тектерінің өзгеруі»

«Жалпы орта білім беретін №6 мектеп»КММ
Зырян қаласы

Тақырыбы:
«Зырян ауданы бойынша қазақ ұлтының тектерінің өзгеруі»
Орындаған:
Козенчук Карина
8 в сынып оқушысы

Ғылыми жетекші:
Кумарова Зарина Сарсембаевна
Казак тілі мен әдебиетінің мүғалімі
Байланыс телефоны 8-7233561479

Жоспар

I. Кіріспе………………………………………………………….……………1
II. Негізгі бөлім:
1. Қазақ…тектерінің тарихынан …………………………….……………3
2. Қазақ тектерінің өзгеру үрдісі ………..…………………….………….3
3. Қазіргі таңдағы қазақ тектерінің жазылу негіздері………..…………..6
III. Қорытынды……………………………………………………………….….9
IV. Әдебиеттер…………………………………………………………………..11
V. Ұсыныс 1 «Қазақ тектерінің дұрыс септелуі»………………………………12

Эпиграф
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
I. Кіріспе

Әрбір адам өмірге келе салысымен-ақ өзінің тегін алады, кейде дүниеге келген сәбидің атын таңдамас бұрын тегі белгілі болады. Тек- бұл өткенмен алда болатын өмір ағымын, адамды ата-тегімен, жеті атасымен жалғайтын үзілмес арқан тәрізді. Кейбіреулер өз тегінен ұялса, кейбіреулер өз тегін мақтан тұта айтады. Тіпті кейбіреулер өзінің тегіне аса мән беріп қарамайды да. «Жеті атасын білмеген жетім» деген қазақ халқында керемет сөз бар. Тегін білу – ол өзінің шыққан тегін, атажұртын білу. Тегінен ұялатындар, өз тегінің айтуға ыңғайсыз, жағымсыз естілгендігінен болар. Ата-бабаларымыз балаларына көз тимесін деген оймен және ырымдап жағымсыз аттарды қойған. Мысалы: Жаманбай, Ұлтарақ, Шәугім, Етікбай, Шолақ т.б. Ал, мықты болсын деп Болат, Шойын, Қажы т.б. Ұзақ жасасын деген оймен Жанұзақ, Өмірзақ (Өмір+ұзақ), Мыңжасар т.б. Міне осылардан барып кейінгі ұрпақтарына осы аттар тегі ретінде қалған. Кейде адамның тегі тұрған жеріне, аймағына байланысты, тіпті кейде атқарған қызметіне байланысты қойылған. Кейде жер аттары сол жерде болған оқиғаларға, адам аттарына байланысты қойылған.
Қазақ жері үш жүзге, руға, елге бөлінген, одан барып жеті атасы бойынша адамдардың тектері белгіленіп отырған. Жеті атадан балаға мирас болып қалған тектері жоғарыда айтқандай елін-жерін, руын, ата-тегін білдірген. Сәбиге тегі тектен текке берілмеген. Жеті атасын қуалап келе ата-бабамыз қан тазалығын да ескерген. Қан тазалығы дегенім — көреген ата-бабамыз жеті атаға дейін қыз алып, қыз бермеген, себебі жеті атаға дейін үй болған отбасынан дүниеге дені сау, ақыл есі дұрыс сәби дүниеге келмейді деп есептеген. Бұл қазіргі таңда медицина саласында дәлелденген. Сонымен данышпан да, көреген ата-бабамыз біріншіден қан тазалығын ескерсе, екінші жағынан халық арасындағы аброй-даңқын белгілеген. Адамның тегі таға салатын орден не медаль емес, ол — дүниеге келіп, дүниеден өткенше жадында қалатын таңба тәрізді.
Ертеректе халқымыздың халық арасындағы деңгейі ата-бабасының, яғни тегіне қарап бөлінген. Мысалы: ақсүйек қауымының балалары ғана мемлекет ісіне араласа алған. Бұқара халық үрпағы ата-бабасының ісін жалғастырған. Билік басында тек хан ұрпақтары ғана таққа отыра алаған. Тек совет үкіметі кезінде біраз тепе-теңдік орнаса да, адам тегінің ықпал күші азайған жоқ. Қазіргі таңның өзінде де адам тегіне аса мән беріліп келеді. Мысалы: мемлекетік қызметкерлер, соның ішіндегі әскери адамдардың жұмысқа орналасуы тегінің біреуі абақтыға жабылған немесе заң бұзушылық жасаған болса жұмысқа түсу мүмкіндігінен айырылады. Соның бәрін айта келе адам тегінің адам өміріндегі маңызы, яғни рөлі текті алып жүрген адам мен сол адамның өмір жолы айнымас екі жарты, бір бүтін.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Зырян ауданы бойынша қазақ ұлтының тектерінің өзгеруі»
Объектісі: қазақ халқының тектері.
Зерттеу нысаны: тектердің түбіріндегі лексика.
Мақсаты: қазақ тектерінің дұрыс жазылуы.
Бұл мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер:
• тектердің құрылған сөздердің мәндік-мағыналық жағынан жан-жақты ашу;
• тектің халық өмірімен, тарихпен, мәдениетпен байланысын көрсету;
• тектердің ертедегі аттармен байланысын қарастыру;
• Соңғы 4 жылдағы қазақ тектерінің өзгеруіне салыстырмалы талдау (анализ) беру;

Әдіс-тәсілдер:
• тарихи құжаттармен жұмыс;
• қазақ халқынан тегі туралы мәлімет жинау;
• тектердің мағыналық жағын ашу үшін құжаттармен жұмыс жасау.

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз тегін, тегінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның мән-мағынасын түсініп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі: Негізгі мақсат — өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, «Отан — отбасынан басталады» демекші өзіннің шыққан тегінің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, — … Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.
Өз ұрпағына тек беру атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі.
Зерттеудің міндеті:
Қазақ халқының тектерінің өзгеру барысын, тектердің мағынасын ашу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты тегімізді аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда, қазақ тілі, тарих пәндері және іс-қағаздарын толтыруда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: Қазіргі таңда тектерін өзгерткісі келетіндер саны күннен -күнге артып келеді, дегенмен көпшілігі құжат ауыстыру кезіндегі артық жумыстан тайсақтайтыны мәлім болды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.

II. Негізгі бөлім
II.1. Қазақ тектерінің тарихынан.
№ Тақырыбы Мысалдар
1 Ертеде қазақтар балаларына тіл, көз тимесін деген оймен құлаққа жағымсыз естілетін аттарды қойған Ұлтарақ, Жаманбай, Майбасар, Байпақ т.б.
2 Туған күніне, жылына байланысты қойылған аттар Жұмабек, Дүйсенбай, Таңатар, Сәрсен, Наурызбай т.б.
3 Совет үкіметі кезіне байланысты қойылған аттар Советхан, Совет, Кеңес, Әскер т.б.
4 Көп жасасын деген оймен қойылған аттар Мыңжасар, Жанұзақ, Өмірзақ (Өмірі+ұзақ), Көпжасар
5 Сол жасқа келсін деген оймен немесе әкесі -шешесінің жасына байланысты қойылған аттар Тосанбай, Алпысбай, Сексенбай, т.б.
6 Перзентке зар болып, ұрпағын жалғастыратын ұл тусын деген ырыммен қойылған аттар Ұлболсын, Ұлжан, Ербала, т.б.
7 Дүниеге келген перзенттері шетіней бергендіктен тоқтасын деген оймен ырымдап қойылған аттар Тоқтасын, Аман, Есен, Аманбай Үшкемпір, т.б.
8 Мықты, батыр болсын деген оймен қойылған аттар Болат, Шойын, Ерасыл, Ертай, Ержан, Ерлік, Айбар, Айбын т.б.
9 Әке-шешесінің шаруашылығына байланысты қойылған аттар Мәдениет, Қойшы бай, Түйебай, Тайнша, Ақтайлақ
10 Қазіргі заманға сай қойылған аттар Мансұр, Әділ, Әділет, Жақсылық, Еламан т.б.
Міне осы аттардан кейінгі ұрпақтың тектері жалғасып отырған, солай болған және адамзат өмірі үзілмей тұрғанда солай бола да береді
II. 2. Қазақ тектерінің өзгеру үрдісі.
Жәнібек пен Керей бастап Қазақ хандығы құрылғаннан кейін қазақ халқының тектерінде біршама өзгерістер болды. Кейіннен совет үкіметі заманы келгенде қазақ халқының тектері де өзгерді. Бұрын жазу білмеген бұқара халықтың санын есептеген кезде -ұлы, -қызы деген жұрнақтар түсіп қалып, орнына -ов, -ев, -ова, -ева деген жұрнақтар жалғанды. Кеңес үкіметі кезінде тектерін ауыстырмай-ақ қоюға болатынын жұмысшы халық қайдан білсін. Совет адамымыз деген ұранмен бәрі тектерін -ов, -ев, -ова, -ева деп ауыстырып алған, кейіннен дүниеге келген сәбилерінің тектері де солайынан кете барды. Тәуелсіздік алып, Егеменді ел болған соң қазақ халқының біршама бөлігі тектерін қазақшалап ауыстыра бастады.
Қазіргі таңда қай жерге бара қалсаңыз да еліміздегі қоғамдық мәселелер аясында пікір алысулар болып жатады. Өз ойларын білдірушілердің көбі жалпы халықтық, мемлекеттік мәселелерді қозғайды. Бұндай белсенділік еліміз егемендігін алғалы бергі жылдарда қоғамымыздың мүшелерінің санасының күрт өзгергенін, өскенін айқын¬дайды. Бұл, әрине, өте қуантарлық жағдай. Себебі, қоғам мүшелерінің санасы қандай болса қоғам да сондай болмақ. Қоғам мүшелерінің санасы биік болған сайын олардың белсенділігі де күшейіп, келелі мәселелер өркениеттік мәдени дең¬гейде шешіліп, мемлекет өзінің дамуының жоғарғы сатысына осылайша көтеріледі.
Дегенмен, пікір білдірушілер арасында жалпы сөзбен айызын қандырып алып, келесі отырысқа дейін ештеңе ойламай жүре беретіндердің баршылық екені де рас. «Олай істеу керек, былай шешу керек» деп оңды-солды сөйлеп қасындағыларға кезек бермейтіндер, басқалардан талап еткенімен өздерінің мойнына жауапкершілік алғысы келмейді. Әр азамат өзінің қо¬ғам алдындағы жауапкершілігін сезінбегендіктен қоғамның да дамуы тежеле беретіні бесенеден белгілі жәйт.
Сөзбен істің алшақтылығы, әсіресе азаматтардың өз тегін-фамилиясын ресми құжаттарда рәсімдеуде көрініп жатады. Жұрт ортасында отырғанда жиналғандарды аузына қаратқысы келетіндердің көпшілі¬гінің фамилиясын сұрай қалсаңыз әлі күнге дейін «ОВ» не «ЕВ» болып жазылға-нын көресіз. Ондайларға «қазақ, қазақ» деп сөйлейсіз, ал, өзіңіздің тегіңізді әлі «ОВ» деп жазып жүруіңіздің себебі неде, деп сұрасаңыз, ұрыс-керіс шығып кетуі әбден мүмкін. Себебі мемлекетімізді аузы¬мен ғана көркейткісі келетіндердің көбісі егемендіктің тұғыры нық болуының бір ұшы азаматтардың өз тектеріндегі «ОВ»-тың алынып тасталуына барып тірелетінін әлі түсінбей келеді. Қай газет-журналды, кітапты, оқулықтарды қарасаңыз да, теле¬дидарды тамашаласаңыз да «ОВ»-«ОВА», «ЕВ»-«ЕВА» дегеннен аяқ алып жүргісіз.
Бұл жөнінде әңгіме бастай қалсаңыз, ешқашан ойыңызға келмейтін небір себептерді естисіз… Кешегі КСРО билік құ¬рып тұрған кезде Қазақстанның тұрғын¬дарының барлығы дерлік фамилияларын орыс халқы сияқты «ОВ» деген жалғаумен жазатын. Ол кезде көпшілік КСРО-ның идеологиялық машинасының шынжыр табанының күшіне мойынсұнып кеткен еді. Бірақ барлық кезде бұлай болған жоқ. Қазақтар өз фамилияларын «ҰЛЫ», «ҚЫЗЫ» деп жазған.
Міржақып Дулатұлының қызы Гүлнәр апайымыз өзінің «Алаштың сөнбес жұлдыздары» атты кітабында 1925 жылы бауыры Әлібектің туғаны туралы айта келіп: Куәлікті әкем араб әріптерімен және орысша жазып өз қолымен толтырған» дей келіп: «Бұл құжат менің қолымда сақтау¬лы» деп жазады. Осы құжаттағы: «Әкесі» деген сұрақтың тұсында – «Міржақып Дулатұлы – 40 жаста» деп жазылған.
Қызылорда қаласында 1929 жылы шақырылған Бүкілодақтық ғылыми-орфографиялық конференциясының стеннограммасында: «Сөз жолдас Жұ-банұлына беріледі» деп жазылған. Бұл бүгінде фамилиясы кітап пен мақалаларда «Жұбанов» деп жазылып жүрген музыка зертеушісінің ол кезде атасы Жұбанның атымен Құдайберген Жұбанұлы болып жазылғанын дәлелдейді.
Сәбит Мұқанұлы 1932 жылы жарық көрген «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты еңбегінде сол кезгі ақын-жазушылар туралы жазып, оларды: Байтұрсынұлы Ахмет, Дулатұлы Міржақып, Қарашұлы Омар, Жұмабайұлы Мағжан, Торайғырұлы Сұлтанмахмұт, Дөнентайұлы Сәбит, Кү¬лейұлы Бернияз, Әуезұлы Мұхтар, Ай¬мауыт¬ұлы Жүсіпбек, деп көрсеткен. Бұл кітап сол күйінде 2008 жылы «Атамұра» баспасынан 1000 дана болып жарық көрді.
Мұхтар Әуезұлы 1930 жылы Ташкент қаласында тұтқындалды. Тергеу 1932 жы¬лы 20 көкек күні аяқталып, қылмыс ко¬дексінің 58/7,10,11-баптары бойынша айыпталып, үш жыл концлагерьде тұт¬қында ұстау үкімі шықты. Бұдан ары не болатыны түсінікті еді. Бірақ М.Әуезұлы «Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көрген хатын жазды. Хат оның өмір сүруінің кепілі еді. Екі жыл түрмеде отырған жазушы Кеңес билігінен кешірім сұрап, бұдан былай саясатқа араласпай тек ағарту-шы¬лық жолын таңдады. М.Әуезұлының өзі¬нің фамилиясын әлі Әуезов деп жазбай тұрғаны туралы 1932 жылы жарық көрген «Әуезұлының сөзі» атты мақаласының болғаны растайды.
1932 жылы ақын Ілияс Жансүгірұлы Қазақстан Кеңес Жазушы одағы өлкелік ұйымдастыру комтеттінің 1-пленумында жасаған баяндамасында «…Әуезұлы Мұх¬тар өзінің көп жылдан бері ұлтшылдық пікірде болып, енді ол пікірден, ол жолынан қайтып…» деп жазған. 1935 жылғы 23 нау¬рыз күні «Қазақ әдебиеті» газетінде жария¬ланған мақалада: «Марттың 16-күні қа¬зақтың атақты жазушысы Әуезұлы Мұхтар жолдас…» деп жазылған.
1936 жылы қазақ әдебиетінің басы-қасында жүргендер мысалы: С.Сейфол-лаұлы, С.Мұқанұлы, М.Әуезұлы, Ә.Тә¬жібайұлы ол кезде фамилияларын «ОВ» емес «ҰЛЫ» деп жазған. Бүгінде көп адам білетін Сәкен Сейфулиннің «Тар жол тайға кешу» романы 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып, автордың аты Сейфуллаұлы Сәкен деп жазылғанын білмейді. Сол жылы жарық көрген: «…Ел әдебиетінен жинақ» атты кі¬тап¬тың авторы І.Жансүгірұлы деп көрсе¬тілген. 1930 жылғы «Жаңа ауыл: Бастауыш мектептің 2-жылы үшін жұмыс кітапты» жазған Жүсіпбек Аймауытұлы. Бұл кітапты түзетіп, толықтырған Ғ.Мүсірепұлы.
Ол кездердегі саяси жағдайдың қандай болғанын қазір кім білмейді? Кеңес мем¬ле¬кетінің басшылығы «халық жаулары» деп көптеген азаматтарды атты, түрмеге қамады, алыс жерлерге жер аударды. Тірі қалғандар амалы жоқтықтан биліктің дегеніне көнді. Бүкіл ел фамилиясын «ҰЛЫ», «ҚЫЗЫ» деп жазғанды қойып «ОВ», «ЕВ» деп жазды.
Иә, осылай болған… Осы жерде айта кететін бір жәйт, жоғарыда аты аталған қазақтың қаймақтары: Байтұрсынұлы Ахмет, Дулатұлы Міржақып, Қарашұлы Омар, Жұмабайұлы Мағжан, Торайғырұлы Сұлтанмахмұт, Дөнентайұлы Сәбит, Кү¬лейұлы Бернияз, Әуезұлы Мұхтар, Ай¬мауытұлы Жүсіпбек және басқалар бүгінде көзі тірі болса, еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап фамилияларын «Ұлы» деп қазақшалап жазар еді!
«ОВ»-пен «Ев»-ке қарсы тұрып бас¬қалардың сана-сезімінің өсуіне ықпал ете білген тұлғалар да болды. Солардың бірі Халық ҚаҺарманы, батыр, жазушы Ба¬уыржан Момышұлы еді. Ұлы Отан соғы¬сының нағыз бел ортасында 1943 жылы шыққан «Волоколамск тас жолы» кі¬табында Б.Момышұлы туралы мынадай бір оқиға суреттеледі: жазушы Александр Бек Бауыржан Момышұлымен танысқанда батыр бабамыз өз аты жөнін: Бауыржан Момыш-Ұлы, – деп айтады. Түсінбеген жазушы: – Кешіріңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп қайта сұрайды. Сонда Бауыржан Момышұлы: – Менде фамилия жоқ. – деп қысқа қайырады да: – Бұл ме¬нің әкемнің аты, – дейді. Батырдың бұ¬нысы басқа ұлттың өкіліне қазақ деген ха¬лықтың аты-жөнді жазу дәстүрі орыс¬тардыкінен мүлдем өзіндік мәдениеті бар екенін түсіндіргені еді. Ол осылайша КСРО-ның билік басындағылардың бар¬лық ұлттарды «ОВ» деп жазып бәрін бір совет халқы етіп жіберуіне өзінше қарсы¬лығын білдірген болатын.
Оңтүстік өңірінің Ергөбек, Құлыншақ, Майлықожа, Мәделіқожа, Молда Мұса сынды ақындардың жыр мұраларын жинап зерттеумен айналысқан, ұлы Мұхтар Әуезұлының өзі таңдап алған соңғы аспи¬ранты, генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін алғаш жариялаған ғалым, менің әкем Әсілхан Оспанұлы да өте ұлт¬жанды, елім деген азамат еді. Ол өзіне «ОВ» деп жазылып берілген төлқұжатты төрт рет әдейі жоғалтқан. Паспорт беретін мекемеге «паспортымды жоғалттым» деп «Оспанов» демей «Оспанұлы» деп қағаз толтырып, арыз жазып бара берген соң, ресми орындағы қызметкерлер әкемнің төлқұжатына «Оспанұлы» деп жазып беруге мәжбүр болған. Енді бірде, партия билеттерін ауыстырып жаңасын алған кезде қараса өзінің фамилиясы «Оспанұлы» емес «Оспанов» деп жазылғанын байқап, «Оспанұлы» деп дұрыс жазылуын талап етеді. Аудандық партия комитетіндегілер басшылардан ұрыс еститін болдық, деп қорқып, әкеме осы күйінде алыңызшы, деп өтініш айтады. Бірақ әкем бұған келіспейді. Сол кезде Тілепов деген қызметтесі: Әсеке ала берсеңізші, неңіз кетеді, дейді. Сонда әкем: Осыларды мойнымызға мінгізіп қойған сен сияқтылар, дейді қату¬ланып.
Бүгіндері қай қазақпен әңгімелесе қал¬саңыз да Қазақстанның басқа өркениетті елдерден кем болмай, Ұлыбритания, Фран¬ция, Алмания, Жапония, АҚШ сияқты дамыған ел болуын қалайтынын айтады. Бірақ ол елдердің азаматтары өз тегін құжатына жазғанда орыстық «ОВ» дегенін есепке алмай жазады ғой. Францзудар Депардие, Саркази, Жан Марэ, Мирей Матье деп, ал ағылшындар Черчиль, Тетчер, Холмс, Уатсон деп, алмандар болса Шмидт, Вайс, Мюллер, Штирлиц деп өзінше жазады. Қытайлар, жапондар, кәрістер, мексикандықтар, италиян¬дықтар, бәрі-бәрі өз тегіне орыстың «ОВ» дегенін қоспайды. Қазақтар ғана «ОВ» пен «ЕВ»-тен айрылғысы жоқ.
Бұл мәселе сөз бола қалса «неге елбасы өзі бірінші болып тегін өзгертпейді» деген сөздер де айтылып жатады. Бұл сұраққа Нұрсұлтан Әбішұлы баяғыда жауап беріп қойған. Ол кісі теледидардан сөйлеген бір сөзінде: «Өз кезегінде мен де фамилиямды Назарбай деп жазамын. Әзірше бұның мүмкін болмай тұруының басты себебі мен мемлекет басшысы ретінде көптеген елдермен қарым-қатынастық ресми қағаз¬дарға қол қойдым» деді. Егер елбасымыз фамилиясындағы «ОВ» деген жалғауды алып тастаса, мемлекетіміздің басшысы ретінде бүгінгі күнге дейінгі қол қойған мемлекетаралық келісімдер бір сәтте кү¬шін жоятыны түсінікті.

II. 3. Қазіргі таңдағы қазақ тектерінің жазылу негіздері
Осы мәліметтер Зырян қаласындағы АҚШ бөлімінен алынған
Тек туралы мәселені қозғай отырып біз Зырян қаласының соңғы төрт жылда сәбилердің тектері қаншалықты өзгергендігін назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
№ жылы Барлық дүниеге келген сәби саны Оның ішінде ұлты қазақ сәбилер Оның ішінде -ұлы, -қызы деп жазылғандар
1 2009 795 203 31
2 2010 711 168 39
3 2011 707 172 46
4 2012 907 241 83

2009-2012 жылдар аралығында бала саны өсуімен қатар тегін ауыстыруда да алға жылжыу бар
№ жылы Тегілерін өзгертуге берілген арыз саны Оның ішінде -ұлы, -қызы деп жазылғандар
1 2010 25 6
2 2011 23 5
3 2012 21 5

2010-2012 жылдар аралығында тегі ауыстыру орнынан жылжыған жоқ
Қазіргі таңда тектерін өзгерткісі келетіндер саны күннен -күнге артып келеді, дегенмен көпшілігі құжат ауыстыру кезіндегі артық жұмыстан тайсақтайтыны мәлім болды
№ 6 мектеп бойынша
№ жылы Барлық қазақ ұлт өкілі бала саны Оның ішінде -ұлы, -қызы деп жазылғандар
1
2010-2011 169 22
2 2011-2012 154 24
3 2012-2013 155 25

№6 мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың тегілері дәстүр бойынша жазылғаны өсті.
Осы алынған мәліметтерге сүйіне отырып, Зырян ауданы, Зырян қаласының жергілікті тұрғындары ұлттық дәстүр бойынша өз тектерін , балаларының тектерін өзгертуге құлшынбайды.
Қала тұрғындарынан сауалнама бойынша алынған себептері:
1.Жергілікті қазақ ұлтының өкілдері орысша тәрбиеленгені-20%
2.Аралас отбасы құруы-18%
3.Тегілерін өзгертуге аса мән бермегенуі-80%
4.Ауыстыруда көп құжаттардың өзгетуі қажет екендігі-82%
Мысалы : басқа жақтан көшіп келген қазақ ұлт өкілдері тегін ауыстыруда көптеген қиындыққа тап болады, өйткені туған жеріне сұраныс жіберіп алу керек

III. Қорытынды:

Қазіргі таңда фамилиядағы КСРО билігі тұсынан келе жатқан сарқыншақтың белгісі «ОВ»-пен «ЕВ»-ті өзгертудің еш қиындығы жоқ. Ресми орынға барып керекті құжаттарды рәсімдесеңіз болды. Бұл мемлекеттік деңгейде шешілген мәселе. Бірақ, неге екені белгісіз отанымыз егемендік алғанына жиырма жылдан астам уақыт өтсе де қандастарымыз «ОВ» пен «ЕВ»-ке жабысуын қоймай келеді. Бүгінде ұлты қазақ, «сексеннің сеңгіріне шықтым» деген жасы үлкен азаматтардың, орта жастан асқан буын өкілдерінің, олардың соңын алып келе жатқан студенттердің, мектеп жасындағылардың, тіпті жаңа туған сәбилердің де тегінің «ОВ» болып жазылуы бүгінгі ұлтымызға үлкен сын. «ОВ» және «ЕВ»-пен аяқталатын фами¬лиялардың көп екенін көріп-біліп жүрген басқа ұлт өкілдері: қазақтардың ата-тегін жазуда өзіндік мәдениеті болмағаны ма, деген сұраққа жауап іздеуін кім орынсыз дей алады?! Бұдан соң өз тектерін дұрыс жаза алмағандардың тілін үйреніп керегі не деп айтуы да әбден мүмкін нәрсе.
Үлкен ұяттың бірі қазақтың бәрі білетін ағалар мен апалардың өздерінің фа-милияларын орысша жазуы. Көпшілік қашанда атақты азаматтардан, билік басындағылардан, ақын-жазушылардан үлгі алып отырған, соларға ұқсағысы келген. Әсіресе сахна жұлдыздары өздерінің тегін қалай жазғанына көңіл аударса жақсы болар еді. Егерде еліміздің белгілі де беделді тұлғалары, мемлекет қайрат¬кер¬лері, мәжіліс депутаттары, ақын-жазу¬шылар, кино артистері, суретшілер, ән¬шілер, мысалы, қазақ тілінің жағдайын көп айтатын Мұхтар Шаханов бас болып Ермек Серкебаев, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева және тағы басқа да атақты адамдар бүгіннен бастап фамилиясындағы «ОВ»-«ЕВ»-терді алып тастаймыз деп бар¬лық қазақ газет-журналдар мен теледидарлар арқылы қазақ халқына үндеу жолдаса, көптеген қазақтар ертесіне-ақ фами¬лия¬сын қазақша жазуға әрекет жасар еді.
Әттең, әзірше қазақтар бұл мәселеде екіге бөлініп тұр. Бір жағы баяғыда-ақ тегін қазақшалап жазғандар, ал екінші жақ «ОВ»-пен «ЕВ»-тен айрылғысы келмей жүргендер. Осы екі жақтың қайсысы жеңер екен деп бақылап отырғандардың бар екені де шындық.
Ендігі жерде Бауыржан Момышұлы¬ның: «Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары», деген нақыл сөзіне құлақ асып, өзін қазақпын деп білетін әр азаматтың бұл мәселеде мінезді болатын кезі жетті.

Дәл бүгiнгi таңда Бауыржан атамыздан үлгi алып, қазақтың ұлттық ерекшелiгiне қайтып оралу – бiздiң буынның қасиеттi борышы. Әлемдегi барлық халық өз аты-жөндерiн тек өздерiнiң ұлттық негiздерiн сақтап жазады. Армяндар – Акопян; әзербайжандар – Мәмедоғлы; грузиндер – Махарашвили; хохолдар – Костенко; латыштар – Лацис, молдавандар – Кодру; эстондар – Томме; түркiмендер – Мақтұмқұлы, литвалықтар – Вайкуле; орыстар – Иванов болса, қазақтар, бiздер, неге Момышұлы болмаймыз.
Аллаһтың елшiсi, хасiретi Мұхамедтiң (с.ғ.с.): «Балаға жақсы ат қойыңдар. Ахиретте Алланың алдында ол әкесiнiң атымен қоса шақырылады», – деген хадисi де бар. Ендеше, «Момышұлы» деген ат қазақ ұлтының намысының, ар-ожданының, ұлтжандылығының биiгi болмақ. Осы биiктен көрiнуге барлығымыз да тырысайық.
«Тілім» деп әр бұрыштан айғайлағанша, тілдің жанашылары, тілім деп жырлағанда мен тілім деп жылаған, мақсатымыз бен тілігіміз бір ағайын, дәл қазір Қазақстан Республикасындағы халықтың бәрін қазақ тілінде сөйлетпесек те кеңес дәуірінен енген -ов, -ев, -ова, -ева дегеннің орнына
-ұлы, -қызы деп тегімізді ауыстыра бастағанның өзі біршама ана тілімізге көрсеткен құрмет емес пе.
Батыр атамызға ұқсап ұлтымыздың ұлы да, құлы да бола бiлсек шiркiн…
Келер ұрпақ – Ұлы Қазақ Момышұлына ұқсап, Намысұлы, Арұлы, Алашұлы болуына ат салысайық достар, демекпiн!

Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі: қазақ тектерінің дұрыс септелу кестесін құру болды.
Бұл кесте қазақ тілі, тарих сабақтарында және құжаттарды толтыру кезінде қолдануға болады.
Ұсыныс 1
Қазақ дәстүрі бойынша жазылған тектің дұрыс септелуі:
1. Егер тегі мен аты жазылса,тегі өзгеріссіз қалады да , атыңа үндестік заңына бағына отырып,септі жалғаулары жалғанады.

А.с. Қайратқызы Аяна
Іл.с. Қайратқызы Аянаның
Б.с. Қайратқызы Аянаға
Т.с. Қайратқызы Аянаны
Ж.с. Қайратқызы Аянада
Ш.с. Қайратқызы Аянадан
К.с. Қайратқызы Аянамен

А.с. Мұратұлы Диас
Іл.с. Мұратұлы Диастың
Б.с. Мұратұлы Диасқа
Т.с. Мұратұлы Диасты
Ж.с. Мұратұлы Диаста
Ш.с. Мұратұлы Диастан
К.с. Мұратұлы Диаспен
2.Егер тегі ғана жазылса, онда тегіне септік жалғаулары жалғанады

А.с. Қайратқызы
Іл.с. Қайратқызының
Б.с. Қайратқызына
Т.с. Қайратқызын
Ж.с. Қайратқызында
Ш.с. Қайратқызынан
К.с. Қайратқызымен

А.с. Мұратұлы
Іл.с. Мұратұлының
Б.с. Мұратұлына
Т.с. Мұратұлын
Ж.с. Мұратұлында
Ш.с. Мұратұлынан
К.с. Мұратұлымен

3. Егер тегі ,аты ,әкесінің аты жазылса, аты мен тегі өзгеріссіз қалады да, септік жалғаулары әкесі атына жалғанады:
А.с. Төлеген Карина Маратқызы
Іл.с. Төлеген Карина Маратқызының
Б.с. Төлеген Карина Маратқызына
Т.с. Төлеген Карина Маратқызын
Ж.с. Төлеген Карина Маратқызында
Ш.с. Төлеген Карина Маратқызынан
К.с. Төлеген Карина Маратқызымен

А.с. Талғат Тимур Талғатұлы
Іл.с. Талғат Тимур Талғатұлының
Б.с. Талғат Тимур Талғатұлына
Т.с. Талғат Тимур Талғатұлын
Ж.с. Талғат ТимурТалғатұлында
Ш.с. Талғат Тимур Талғатұлынан
К.с. Талғат Тимур Талғатұлымен

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Аймбетова Г. «Во славу профессионалов», «Казахстанская правда» 2004, http://www.kazpravda.kz
2. Аймбетова Г. «Молодость, наука, чистые порывы…» «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» 2006, http://www.nauka.kz
3. Аймбетова Г. «Родники жизни». Алматы 2007, 3, 38 б.
4. Аймбетова Г. «Они уходят. Навсегда», «Вечерний Алматы» 2005, 3 б.
5. Аскерова А. «Жеңіске мың тағзым!», «Колос» 2010,
№ 20, 2 б.
6. Аскерова А. «Отец», «Колос» 2008, № 17, 2 б.
7. Ергөбек Қ. «Жазулы хатқа айналған қария», «Солтүстік Қазақстан» 2010, 5 б.
8. «Киргизская степная газета». Омбы 1901, №10
9. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, «Дайк-Пресс» 2008, 911 б.
10. «Қазақ ұлтынан – қазақ еліне». Алматы 2010, http://www.kazakheli.kz
11. Мұқанов Қ. «Ұмсын сұлу» Аңыз бен ақиқат. Петропавл, «Полиграфия» АҚ 2007, 11-29 бб.
12. Мұқанов С. «Ұмсын сұлу», «Өмір мектебі» http://www.adebiet.kz
13. «Северо Казахстанская энциклопедия». Алматы «Арыс» 2004, 248 б.
14. Сейіт К. «Жеті атаны білуіміз керек». «Ана тілі» газеті 13-Қаңтар 2011
15. «Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедия». Алматы, «Арыс» 2006 374, 406
16. Шейкина Т. «С праздником, опера!», «Северный Казахстан» 2010, № 121, 5

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*