Меллатулла Жанарыс Эдуардұлы

Менің туған жерім

Атырау облысы, Атырау қаласы

Жалпы білім беретін

№6 орта мектептің

4 «В» сынып оқушысы

                                                           Меллатулла Жанарыс Эдуардұлы

 

Менің туған жерім

Эссе

Менің туған жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Қазақстан жер көлемі жағынан  Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады, 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұған қарап, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Мен Қазақстанда, соның ішінде Атырау өңірінде туып өскенміме мақтанамын.

Ата мекен туған жер,

Кір қоңыңды жуған жер.

Кіндігіңді кескен жер,

Кісі болып өскен жер. – демекші

менің туған жерім мұнайлы өлке, мен үшін кіндік қаным тамған жер – Атырау маған өте ыстық. Атырауым мақтауға тұрарлық өлке, себебі, Жайығында балығы тұлаған, мұнайы қайнаған, даналар мен ақындар, дарындылар дүниеге келген киелі өлке. Махамбет, Исатайдай батырлар, Фаризадай апамыздай ақындар, Құрманғазы, Дина, Қаршыға, Айгүлдей күйшілер, Хамит Ерғалиевтай жазушылар, тіпті Қазақстанымыздың гимні “Менің Қазақстаным” әнінің авторы Жұмекен Нәжімеденов сынды ақын-жазушыларымыз  дүниеге келген өлкеде туғаныма қатты қуанамын.

Мен туған жерімнен жырақта жүрсем де Атырауымды, өз ауылымды қатты сағынамын.

Маған ауылымның ауасы, жері, суы, адамдары, бауырларым, мектебім, ұстаздарым, сыныптас достарым бәрі ыстық.

Менің Атырауым жылдан-жылға көркейіп адам танымастай өзгеріп келеді. Халқымызда қазақтың иісі бар, қонақжайлылығы, тілі, діні бойына дарыған қазақтарды осы Атыраудан көруге болады.

“Туған жердің ауасы да шипа,Туған жердің жуасы да тәтті” – дейді, сондықтан туған жердің ауасына жететін, дәміне жететін ештеңе жоқ деп ойлаймын.

Мен композитор Ескендір Хасанғалиев ағамыздың мына өлеңінің қайырмасымен ойымды жинақтағым келеді:

“Қайда жүрсең ата-мекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен” – дегендей

мен де өз туған өлкемді ештеңеге қимаймын. Біздің Атырау – Азия, Европа болып екіге бөлінеді. Түнгі Атыраудың көрінісі адам таңқаларлықтай өте тамаша!

Атырауым — жайнай бер!

Атырауым жасай бер!

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*