Жас ақын

Орынгали Айгерим Ақтөбе қаласы №3 ОМ 9 класс оқушысы. Пән  мұғалімі Кульжанова Ш.М.

Орынгали Айгерим Ақтөбе қаласы №3 ОМ 9 класс оқушысы. Пән мұғалімі Кульжанова Ш.М.

 

Ұстазға  арнау

 

Таудай  биік қалыптасқан тұғыры

Ұстаздың баршаға аян ұлылығы

Жетістігін көрсем деп жемісінің,

Шәкіртіне арналған бар ғұмыры.

 

Ертелі-кеш тер төккен аянбай-ақ.

Келеміз –ау еңбегін елемей-ақ.

Жанашыр боп жүретін жанымызда

Аяулы ұстаз екінші анамдай-ақ.

 

Жүрегі тұнған шексіз мейірімге

Басымыз  «Ұстаз» десе иілуде.

Кқргісі кеп тұрады қай кезде де,

Әр шәкіртін өзінің биігінде.

 

Намысыңды жанитын тиіп арға

Қара дейтін  қашанда тек қана алға.

Сүрінсең де жаныңнан табылатын.

Нақ өзіңдей жанашыр адам бар ма?

 

Алдыңда бас иетін барша пенде.

Тасыңды домалатқан әр кез өрге

«Ұстаз» деген ұлы есім есте сақта.

Лайықты қашанда құрмет-даңққа!

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*