Абу Сағи

«Бие сүтінің денсаулыққа пайдасы.»

Абу Сағи

КММ «Керней орта мектебі»

3«А» — сынып Бұқаржырау ауданы

2014 жылғы 1 – 4 сынып оқушылары арасында өткен  облыстық фестивальдағы үздік зерттеу жұмысы үшін мадақтамамен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

Жұмыс тақырыбы: «Бие сүтінің денсаулыққа пайдасы.»

 

 

Жетекшісі: Тлеубаева Қалима Құсжанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі,  І – санат.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың өзектілігі:

Бие сүтінің құнды азық екені ұмытылып барады, бұл сусынды өндіру шаруашылығы дұрыс жолға қойылмаған.

 

Жұмыстың мақсаты:

  • оқушыны зерттеушілікке баулу.
  • ғылыми жұмысқа қызығушылығын дамыту.
  • мәселені шеше білуге үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Бие сүтінің құрамындағы құнды қасиеттер

2.2 Бие сүтін пайдалану және ішу қажеттілігі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнде жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, анамыз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетеміз. Дәрігерге барғанды мен де жақсы көрмеймін. Ал негізі аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Бие сүті-құнды азық екенін балалардың көбі білмейді. Бұл сүттің денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін де түсінбейді. Сондықтан мен зерттеуге осы тақырыпты алдым. Бие сүтінің дәмін  барлық балалар неге білмейді? Егер бұл өнімді қолдануға бәріне мүмкіндік туса не болады екен?

Зерттеудің мақсаты:

  • Бие сүтінің денсаулыққа пайдасын зерттеп, ішу қажеттілігін дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

 

  • бие сүтінін емдік қасиеттерін айқындау;
  • қосымша мәліметтер бере отырып, бие сүтінің құндылығын анықтау;
  • адамдардың бие сүтін қаншалықты пайдаланатынымен танысу;
  • бие сүтінің құрамын қандай екенін дәлелдейтін мәліметтермен танысу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Денсаулыққа пайдалы сүт

2.1 Бие сүтінің құрамындағы құнды қасиеттер

 

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді.Ақтан тағамдар әзірлеуде көп жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған.  Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда түнемелік жатар алдында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол тағам. Жас төлдеген малдың алғашқы бір – екі күнгі сүті уыз.Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екенін жоғарыда айттық. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» — деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Бие сүтінің шипалық қасиеті неде деген сұраққа жауап іздедік.

Ежелден халықта емдік және жас нәресте тағамы ретінде қолданылған бие сүтінің құрамын зерттеудің маңызы бар. Ал одан алынатын қымыз сапалы, шипалық емі бар тағам болып табылады. Бие сүт өндірісіндегі, пайдаланудағы ең алғашқы отаны Қазақстан болса да, оның құрамы сиыр сүтіне қарағанда аз зерттелген. Жаңа әдістерді қолдану арқасында сиыр сүтінің құрамы анықталған. Бие сүті құрамындағы құрғақ заттардың белоктың, майдың басқа сүттермен салыстырғанда аз мөлшеріне қарамай, өте таңғажайып құдіретті табиғи затының болуы. Бие сүтінің құрамын ерте кездегі зерттеу нәтижелері 1922 жылы жазылған.  Құрамындағы әр түрлі заттардың сандық мәні жөніндегі мәліметтер әр түрлі. Оған себеп әдістердің нақтылығына және басқа факторларға байланысты. Бие сүті құрамындағы құрғақ заттардың белоктың, майдың басқа сүттермен салыстырғанда аз мөлшеріне қарамай, өте таңғажайып құдіретті табиғи затының болуы. А, Е, В дәруменінің мөлшері сиыр сүтінен екі есе көп екен. Сонымен қатар саумал немесе  қымыздың ішектегі пайдалы жағдайды түзілуіне, зиянды бактериялардың жойылуына, ас қорытудың жақсаруына ықпал етеді.

Ертеде қазақтарда құрт ауруы — туберкуллезге  қарсы бие сүті – саумал мен қымыздан басқа ем болмаған. Саумалдың құрамындағы заттар түрлі ісіктер мен жұқпалы ауруларға қарсы қолданады. Оған қарсы саумалды жұқпалы аурулардан қорғануға пайдаланады. Бие сүтінің құрамы да дәмі де ешбір сүтке ұқсамайды. Оны қайнатуға келмейді. Шикідей сақтасаң қасиеті арта береді екен. Тұра – тұра қымызға айналып қасиеті арта түседі дейді әжелер. Құрамында басқа ешбір сүтте кездеспейтін антибиотик бар. Сондықтан ол емдік қасиетінен айрылмайды деген ғалымдардаң тұжырымы.

 

2.2 Бие сүтін пайдалану және ішу қажеттілігі

Біздің ауылда 294 үй бар. Олардың ішінде тек 125 үйде жылқы малы бар. Жылқы иелерімен кездесіп сұхбат жүргіздім. Олардың барлығы үлкен жаста болғандықтан, бие сүтінің пайдалы екенін біледі. Біле тұра биелерін саумайды. Себебі: сауатын уақыттары жоқ, жылқы жаятын маңайда жер жоқ. Бие сауып отырған үй екеу-ақ  болып шықты. Ол үйлерге барып, бие сүтіне деген ойын білдік. Біріншісі Сармантаев Сакен, 60-шақты жылқысы бар. Биені өздері емес, жалдаған кісі сауады. Сауу себебі баласына аурудың алдын алу үшін ішкізеді екен. (№1қосымша) Өздері шипалы сусын ретінде қымызын ішеді. Бұл кісінің ойынша бие сүтінің шипалы қасиеті оның түрлі аурулардың алдын алу мүмкіндігі.

Ата – анам маған туғанымнан бие сүтін ішкізіп келеді. Мен ана сүтін емес бие сүтін ішіп өстім. Ал бойым да ойым да басқалардан кем емес. Мектеп медбикесіне сұрағанда дамуым баланың салмақ – бой, бағдарлық тиісті жас мөлшерлер көрсеткіштерінің нормасына сай. Бойымның ұзындығы – 144 см, салмағым – 35 кг. Сабақтағы үлгерімім жақсы. Бие сүтінің дәмі маған өте таныс. Ол басқа сүттердің дәміне ұқсамайды. Ішсең тойып жүресің.

Екінші бие сауатын отбасы Хадылхан Тәжбек. Бұл кісі өзі сауады. Сауу себебі үйінде кішкентай немересіне сүтін ішкізеді. Яғни «кішкентай Ердос атты немересіне бие сүті ана сүтіне кем емес» — деп толық сеніммен ішкізеді екен. Бұл қасиетті сүт баланың өсіп жетілуіне көмектеседі дейді.

Ғалымдардың айтуынша  сүттің ерекше құрамына байланысты өте жоғары емдік қасиетті бар. Бие сүтімен өскен балалардың денсаулығы, физикалық тұлғасы және ақыл-ойы зерек өте жақсы болып өседі. Себебі, бие сүтінде, сиыр сүтімен салыстырғанда көп мөлшерде қант, галактоза, аминоқанттар болады. Ол баланың ми клеткаларының дамуына әсер етеді. Бие сүті адамға қажет ақуыз, май, көмірсудан тұрады. Құрамы ана сүтіне жақын екен, ағзаға тез сіңеді. Сүттің бала дамуындағы септігі орасан. Мидың дамуына оңтайлы әсер етеді. Балалар тағамы ретінде қолдануға болады. Яғни, егер балалар бие сүтін күнделікті ішетін  болса, олардың денсаулықтары да жақсарады.  Ал балалар арасында жүргізген сауалнама (№2 қосымша) олардың осындай пайдалы өзіміздің ұлттық сусынымыздың дәмін де білмейтіндігін көрсетеді. Себебі, ата – аналарының бүгін бұл малды саууға мүмкіндіктері жоқ екен. Дүкендерде бие сүтін сатпайды. Оның ерекше химиялық құрамына байланысты оның өте жоғары емдік қасиет көрсетеді.

Ғалымдарының  тұжырым бойынша сиыр сүтінің құрамында аллерген заттардың бар екенін анықтап, өте қауіпті ауру – жас кезден бастап қант диабетіне (сусамыр) ұшырататындығын дәлелдеген. Бие сүтінен жасалған қымыз ерте заманнан белгілі және ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымыз бұл азық-түлік, бие сүтін ашыту арқылы арнайы ашытқымен алады, оның құрамына сүт қышқылдық бактерия және сүт қышқылдық ашытқылары кіреді. Тек бие сүтінен дайындаған қымызды – нағыз қымыз деп атауға болады. Нағыз дайындалған қымыздың құрамы өте жоғары жеңіл қорытылатын белоктарға бай, майларға және көмірсуларға, тағы да бағалы дәрумендер комплексіне, минералды және биологиялық активті заттарға бай. С дәруменінен ең бірінші орында түрлі жеміс пен көкіністерді арта қалдырады. Саумалдың  немесе қымыздың 500 мл – да адам ағзасына қажетті С дәруменіне бір күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Көбі сүйсініп жейтін ағзаға өте қажет аскорбин қышқылы саумалда жеткілікті.

 

 

Қорытынды

 

Бие сүті өзінің құрамы бойынша ана сүтіне жақын тұрады. Осы ерекшелік жағынан және іс – тәжірибе тұрғысында пайдалану үшін зор мәнге ие болды. Өйткені адамдар үшін сиыр сүтіне қарағанда жеңіл қорытылып тез сіңіріледі. Бие сүтінің осы ерекшеліктерін жас балалардың және ас қорыту жүйесі қызметі нашарлаған адамдардың тамақтануында қолдану жақсы нәтиже береді. Бие сүтінің шипалы қасиеті оның көптеген аурулардың алдын алуында. Бие сүтінде адамның денсаулығына керекті барлық дәрумендер бар. Әсіресе ол А және С дәрумендеріне бай. Сонымен қатар В тобындағы дәрумендер Д, Е, Ғ дәрумендері болады. В тобына жататын барлық дәрумендер организмнің қалыпты тіршілк етуі үшін қажет. Бие сүтімен өскен балалардың денсаулығы физикалық тұлғасы және ақыл – ойы зерек өте жақсы болады. Сол себепті жас кезімізден бие сүтін ішіп жүргеніміз абзал. Ал бүгінгі күнде балалардың көбі бие сүтінің дәмін де білмейді. Бұл өкінішті – ақ. Егер балалардың бие сүтін жиі ішіп тұруға мүмкіндік болса, олардың денсаулығы одан әрі жақсарады. Ойлау, есте сақтау қабілеттері артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

1.Қазақтың дарқан дастарқаны/Алматыкітап 2007ж.

2.Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 2013.

3.Валеология/Алдияров А.Т./Алматыкітап ,2011.

4.Уикипедия — ашық энциклопедиясы.

5.»Денсаулық» –республикалық ғылым-көпшілік журналы/2014.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

 

 

 

Қосымша №2

Оқушының аты — жөні Бие сүтін іштің бе? Соңғы рет қашан? Ұнады ма?
Алдияр  
Азат Иә Жазда иә
Ілияс  
Санжар  
Әлхам  
Нұрбек  
Саян  
Айзада  
Ақерке Иә Жазда Иә
Сағи Иә Бүгін Иә

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*