Бауырсақ ертегісі.Орынбасар Еркебұлан Нұрланұлы 3 а сынып оқушысы.Сынып жетекшісі Карижанова Раушан Акажановна

Үйірмеден үйренерім көп…

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3а сынып оқушысы Орынбасар Еркебұлан Нұрланұлы

Сынып жетекшісі Карижанова Раушан Акажановна

Үйірмеден үйренерім көп…

Оқушының үзік сыры.

(Бұл мақала аудандық «Алакөл» газетінде жарияланған.)

Мектепте оқып жүріп біз адамға керекті білімді,тәрбиені бойымызға сіңіреміз.Алтын ұямыздан өзіміздің болашағымызды жарқын етуге қосатын жақсы мінездерді де үйренеміз. Ұстаздарымыз тек оқытып қана қоймай,үйірме,қосымша сабақтар арқылы біздің жан-жақты ашылуымызға,дарынымызды, талантымызды шыңдауға көп еңбек етеді.Мен қазір 3 сынып оқимын.Сынып белсендісімін,оқуым жақсы. Сабақтан тыс үйірме жұмыстарына қатысамын.Жыл бойына үйірме жұмыстарынан көп нәрсе үйренеміз..Сол меңгергенімізді көрсету мақсатында Карижанова Раушан апайымның дайындауымен «Қуыршақ» театры сабағынан үлгілі сабақ өткіздік. Апайым: «Ертегінің тәрбиелік мәні зор адамның бар болмысына оң әсер ететін ерекше құпияға толы» дейді.Расымен бізге берілген рөлдерді ойнау барысында өзімізді әр қырынан көрсетеміз.Ертегінің мазмұнына байланысты мақалдар айтып,мазмұнын ашамыз.Жақсысын үйренеміз,жаманын түзетеміз,іштей тәлім аламыз.Бұл жолы  «Бауырсақ»ертегісін сахналадық.Мен қасқырдың рөлін сомдадым.Аң болып әлсіздерге азу тісімді батырғанша,адам болып татулықты,достықты ,бірлікті сақтағанға не жетсін деген ой түйдім.Менің сыныптастарым дәл осылай ойлайды.Достарым, бойымызға тек жақсылықты жинап,адал азамат болайық!

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*