Санаққызы Айман

«МЫҢ АЛҒЫС САҒАН — АНАШЫМ!»

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,

Құттықожа ауылы, №164 орта мектебінің

5-сынып оқушысы Санаққызы Айман

 

«МЫҢ АЛҒЫС САҒАН — АНАШЫМ!»

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік сезіммен

Арнаймын сөзімді… («Анаға сәлем»әнінен)

 

Ана! Осы үш қана әріптен құралған ұлы сөзге әлемдегі барлық жылулық, барлық бақыт, тіпті, бүкіл жаһан сыйып кеткендей…

Аналарға қанша жылы сөздермен, дүниенің барлық жақсылығын үйіп қойсаң да ақ сүтін өтей алмайсың.Жер бетіндегі аналардың тілеуі бір.Ол –мейірімділік, адалдық,бейбітшілік, адамгершілік ұрпағының аман-саулығы. Дүние есігін ашқаннан бері ата-ананың аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындық көрмей өсіп келемін.Менен басқа отбасымда  3 ағам, 1 әпкем бар.Әкем мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде. Бізді қатарымыздан қалмай, білім алып еліміздің елеулі азаматтарының бірі болса екен деп тілейді.Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анашымның қасымда екеніне мен қуаныштымын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, жылы алақанымен маңдайымды сипап, бетімнен сүйгені, маған ерекше күш беріп сәуле шашқан күн сияқты. Бала үшін ананың орны бөлек.Ата-ананың демеушілігіменен Алматыда өткенҮІІІ  Республикалық «Жырлайды жүрек»атты Мұқағали Мақатаевтың 85 жыл толуына байланысты конкурсына барып,3дәрежелі «Көркем сөз»номинациясы бойынша лауреат атағына марапатталып қайттім.Қуанышымда шек жоқ.

Ұстазым менің ұстазым

Өзіңмен өткен қыс, жазым-демекші ұстазым Құрбаназарова Дариха апай,анам Жаппарова Күләш екеуі сіңілім Санақ Ақжүніс екеуміздіде Алматы қаласына апарды.Ол жақта қыдырып, жаңа достар таптым.Әрқашан қасымда болшы анашым.Мен үшін жасаған еңбегің үшін,маған деген-ыстық ықыласың үшін,мейірім толы жүрегің үшін мың алғыс.Саған,Анашым.

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*