Don’t start the week without great coffee
Don’t start the week without great coffee

VI-кітап жинаққа материалдар қабылдануда

«Мен және менің коучингім» бейне сабақтар байқауы«Өрлеу» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының аға оқытушысы

Байболова Гүлжанат Габдулахметқызы

Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдер қауымына артылатын жауапкешілік жүгі өте ауыр. Заман талабына сай білім беріп, мұғалімдердің біліктілігін арттыруда Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкелері біліктілігін арттыратын республикалық институтта өз үлесін қосуда. Коуч және коучинг ұғымдары білім саласына жаңадан енген үдеріс болсада, заман талабына сай үлкен сұранысқа ие. Бағдарламаның мазмұнымен танысып теориясын меңгергеннен кейін тәжірибеде шыңдалуын бағамдау мақсатында жылда «Мен және менің коучингім» бейне сабақтар байқауы онлайн режимінде өткізілуде.

2014 жылдың 15 желтоқсанында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институты Деңгейлік бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерекесіне орай «Мен және менің коучингім» тақырыбында бейне сабақтар байқауының қорытындысын жариялады.

«Мен және менің коучингім» бейне сабақтар байқауы Назарбаев зияткерлік мектептері мен Кембридж университеті бірлесіп ұсынған екінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдер арасында 2014 жылдың қазан айының бірінші жұлдызында басталған болатын. Бейне сабақтар байқауына барлығы -128 коуч қатысты. Олардың -35-і қала, 90-ы ауылдан. «Мен және менің коучингім» бейне сабақтар байқауының жүлдегерлерін тәжірибелі тренерлер анықтады. «Мен және менің коучингім» байқауына қатысушылар төмендегі 7-і номинация бойынша марапатталды: Креативті коуч, Шығармашыл коуч, Көшбасшы коуч, Рефлексивті коуч, Тиімді коуч, Практик коуч, Кәсіби қауымдастық құруға ықпал етуші. 1-ші орын: Л.Акашева (БҚО, Ақсай қаласы №5 ЖБОМ), Н.С.Закарьянова (ШҚО, Өскемен қаласы «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты»КММ), М.А.Галитовская (ШҚО, Зырян ауданы «Никольский орта мектебі»), Н.Б.Зайкова (СҚО Петропавловск қаласы, №43 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі). 2-ші орынды 7-і коучке, 3-ші орынды 11- коуч иеленді. 21 қатысушы байқауға қатынасқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Шығармашыл коуч номинациясы бойынша-7, Көшбасшы коуч номинациясын-6, Креативті коуч-4, Рефлексивті коуч-5, Тиімді коуч-9, Практик коуч-11, Кәсіби қауымдастық құруға ықпал етуші коуч номинациясы бойынша -2 мұғалім марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*