Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылы №50 Абай атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Нұрғали Нұрай. Жетекшісі: Усербаева Жанат Беркинбаевна

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Балаби ауылы

№50 Абай атындағы орта мектептің

3-сынып оқушысы Нұрғали Нұрай

Жетекшісі: Усербаева  Жанат  Беркинбаевна

 

Екі  майданда да ерлеген ардагер атамыз.

Шиелі ауданына қарасты біздің Балаби ауылынан 260 адам ұлы Отан соғысына аттанған,солардың 130 елге оралған.Қазір ауылда 4 соғыс ардагері тұрады.Соның бірі Жолбаев Айдар ағамыз 1920 жылы қаңтар айында Жөлек болысы,ауылда Қаракемер деген жерде орта шаруа отбасында дүниеге келген.1928 жылы әкесі ауыл молдасына оқуға берді.1929-1930 жылдардағы солақай саясаттың салдарынан мал мүліктері тәркіленуге ұшырайды.Айдар одан әрі оқи алмайды.1930-1931 жылдары Ащы-құдық атындағы колхоз ұйымдасып,ауыл мектебі ашылады.Айдар осы мектепте оқиды.1932-1933 жылдары ашаршылық болып,мектеп жабылып қалады.Содан 1934 жылы қайтадан мектеп ашылып,мектептің 4 сыныбын бітіріп,1935 жылы Жөлектегі 7 жылдық мектебін 1937 жылы 7-сыныбын бітіреді.Бұдан соң «Ащы-құдық» колхозында сауат ашу мектебіне мұғалім болып істейді.Мектепте күндіз оқушылар оқиды.Ал кешке колхоз жастарын оқытады.

1940 жылы Айдар әскер қатарына алынады.Чкалов қаласында 10дивизияның қарауында міндетті әскери борышын атқарып жүргенде, 1941 жылы 22 маусымда фашистік немістер біздің Отанымызға басып кіреді.

Содан Ұлы Отан соғысы басталады.сонау бір дүниені дүр сілкінткенген алапат соғыс зұлмат жылдарында қылшылдаған жас қайратты қазақ жігіті фашистік неміс басқыншыларына қарсы аянбай күресіп,ерлік үлгісін көрсетті.10 дивизияның жауынгерлерімен бірге ол кісіне Беларуссия майданына жіберді .Смоленск қаласын немістерден қорғау кезінде 1942 жылы қыркүйек айында жарақат алып Рязань қаласындағы №2029 әскери  госпиталында емделіп шығып соғыс майданына  қайтадан аттанды.

Смоленск қаһарманы қаланы жаудан азат ету кезінде немістердің бекінісіне жақындай жылжып барған сайын олардың оқты қарша боратқанын айтады.Звод командирінің немістердің көзін жой деген бұйрығымен  Айдар бекініске таяп келіп 5 метрдей жерден 2 гранатаны қосақтап бекініске тастайды.Мылтықтың дауысы өшіп бекініс маңына да біздің жауынгерлер жетеді.Звод командирінің  бекіністегі өліп жатқан неміс солдаттарының  қару-жарағы мен құжаттарын өзіне алып келуін айтқандығын айтады. Мен штапқа апарып тапсырдым.Штапта отырған майор менің аты жөнімді жазып алды.Екі айдан кейін мені Қызыл Жұлдыз орденімен марапаттады.Смоленск қаласын және бірнеше елді-мекендері азат еткені үшін    10 дивизияға көрсеткен ерліктері үшін гвардия атағын берді-дейді атамыз.

1943 жылы курскіні жаудан азат ету үшін 10 дивизияны Украина майданына жіберді.Курскіні азат ету кезінде аяқ-қолдан ауыр жарақаттанған Айдар атамыз тас жолдың жиегінде қалады.Басқа да жаралыларды бір жерге жинақтап санитарлар санбатқа жөнелтеді.Июль айы болатын күн ыстық.Көзімді ашсам басымды көтеріп,аузыма кружкамен су ішкііп жатыр екен.Қарасам қасымда УАЗ машинасы тұр.Менің қасымдағы полковник пен жәрдемшіні байқадым,олар мені жәрдем көрсету машинасынан түскен аға лейтенанқа тапсырып санбатқа апаруын бұйырды.Сонда ол мен оқ-дәрі тасып жүрмін апара алмаймын деп ескертті.Мен басқа дивизияның жауынгерімін сізге бағынбаймын деді.Өз командирімнен басқаға бағынба деген указ бар еді.Айтқанда көнбеген соң мен совет Одағының полковнигімін тік тұр деп команда берді.Сөйтті де қасындағы лейтенантқа документін ал деп бұйырды.Ал сен болсаң мына солдатты санбатқа апарып тапсырып дәрігердің қабылдағандығы жайлы қағаз әкеліп таңертең менен штабтан құжатыңды аласың деп ескертті.Мені көтеріп машинаның ішіне орналастырды.Дүниеде не жақсы адамдар бар екендігін ,полковниктің жақсылығын есіме алып жылағым келеді.Мені Новосибирск облысының Тулон деген қаласындағы №3915 емханасына емдеп,1944 жылы наурыз айында II-топтағы мүгедек болып қайттым.Майдандағы көрсеткен ерліктерім үшін Қызыл Жұлдыз орьені,Отан соғысының  I-II  дәрежелі ордендерімен және көптеген ерліктерімді ескеріп медальдармен марапаттады.

Ардагер қан майданнан оралғаннан кейін,ұзақ жылдар қажымай талмай ұстаздық етті.Алдымен Қызылорда қаласындағы мұғалімдер дайындайтын техникумын үздік бітіріп, «Ащы-құдық» жеті жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет етеді.1948 жылы Шымкенттегі педагогикалық институттың тарих бөліміне сырттай оқуға түсіп,1952 жылы бітіріп шығады.Содан мектепте үздіксіз жұмыс атқарып,1980 жылы құрметті еңбек демалысына шығады.Ұзақ уақыт өмірін мектепте жас ұрпақты ғылымға,білімге тәрбиелеген.Айдар атамыздың еңбек жолы кімге де болса үлгі өнеге.Қазақстан оқу ағарту министрлігінің грамотасы мен облыстық және аудандық оқу бөлімінің грамоталарымен марапатталады.

Айдар атамыз 1944 жылы тамыз айында Нысанбеккызы Елеумен Бас косып 4 ұл  кызды тәрбиелеп өсіреді.Ұлын ұяға,қыздарын қияға ұшырған ол кісінің 28 немересі,4 шөбересі бар.Ұл-қыздары әкесінің  жолын қуып 2 ұлы,4 қызы,2 келіні мұғалім.Әр мереке сайын ұл-кыздары келіндері,күйеу балалары үлкен мерекелік дастархан барысында бас қосып, шағын той есебінде мәре-сәре болып  тарқайды.

Айдар ағамыздын кемпірі Елеу апамыз 2004 жылдың Сәуір айында дүниеден озады.Егер апайымыз тірі болғанда 2004 жылдың тамыз айында, қосылғандарына 60 жыл толатын еді.

Атам қазақ  айтқандай жолда атын өлмесін ,картайғанда кемпірін өлмесін деген еді.Апамыз озғалы бері құлағы нашарлап ,есту қабілеті төмендейді.Денсаулығы да онша емес.

Ұл- қыздың жолы бір бөлек кемпірдің жолы бір бөлек екен дейді қарт ардагер . Айдар атамыз бес уақыт қаза етпей оқиды.жұма сайын мешітке барып жұма намазын оқиды.Бес парыздын біреуі ораза тұтады.Айдар атамыз 95- ке келсе де жүріс –тұрысы ширақ.Ұлы Отан соғысынын 70 жылдығын қарсы алмақшы.Айдар атамыз 2 майданның ерлігі соғыс жене енбек ардагері.Ұлы Отан соғысының ІІ-топтағы мүгедегі.

 

Aйдар атамыздың соғыс жылдарындағы өлең –шумақтары

Көрерміз тірі  болып елге қайтсақ

Қарсы алғын ей бауырлар сәлем айтсақ

Бұл соғыс жер жүзінің бәрін алды

Жау қолында жәрдем сұрап жетім қалды

Дұшпанның жерге сепкен  шойынан

Сан ерлер кемтар болып елге барды

Бұл ерлер елге барған бағытты адам

Жігіттер жәрдемдескін келсе шамаң

Дұшпанның ызылдаған сонасынан

Талайлар көзін жұмды болып тамам

Біз жүрдік жылдар бойы үйді көрмей

Жорытқан жапан түзде аңмен бірдей

Ін қазып қара жерден бас қорғаймыз

Тызылдап оқ алғанда аспан жерді

Сондай күн салмағы ауыр басқа түсті

Ойлаймын қалам ба деп елді көрмей

Бір ғана жәрдем  сұрап табиғаттан

Тілеймін сақтай көр деп өзіңізден

Қызыл қан көл  болып бас тұсат

Жамиғат жалғыз күшті көңілге ұста

Тарихта таусылмастай кейінгіге

Ескерткіш сан ерлерден хабар нұсқа

Көсемнің ұрандарын көңілге ұста

Көпті көрсе жігіттер болар ұста

Қатасын жөндеңіздер оқығандар

Аяғы осыменен  болсын қысқа

14 октябрь 1942 жыл

 

Қош боп тұр артта қалған қайран бауыр

Кездестік қызыл жан күнде дауыл

Бір Алла өзі рақым ойламаса

Көріну қиын болар бізге енді ауыл

Оқ тиіп сол аяқтан жанға батты

Приказ бар жібермейтін тәртіп қатты

Жай біліп кеуіл сұрар елде болсақ

Күн қайда енді бізге ондай атты

Қош боп тұр артымдағы қарғаларым

Бірлесіп күнелтіңдер қалған бәрің

Жатырмын жараланып больницада

Аяғымның міне осылай білсең қалін

Аман бол Алтынбек қарғатайым

Көрермін тірлік берсе бір құдайым

Бар енді көп тілегі көл деген сөз

Болмады-ау жақсылығы бір құдайдың

Тұрыңдар дұғада болып аға-жеңге

Жатырмын әрі ауыр тартып жерде

Төбеден бұлт айығып күн жарқырап

Барар күн болар ма екен қайран елге

Есімі бұл жігіттің Айдар ғазет

Мәкенім қысы албар бөгет

Ішінде көп орыстың жалғыз өзім

Бермесе қақа тағала өзі медет

Аманбысыз жеңге Балбау жеңгей

Мырзахан, Исахан мен інім сіздей

Төрт жерден жау оғынан жараландым

Келешек қандай болады заманымыз

Жел соқса үлкен ағаш қозғалмай ма?

Бойында шын сұлулық мін болмай ма?

Дүние-ай арман деген болмас еді

Ел жұртқа тірі қайтар күн болар ма?

Дауылда ағаш басы ырғалар ма,

Үстінде таза адамның кір болар ма

Баласы Қарабайдың деп атайын,

Дариға-ай сондай атты күн болар ма?

 

«Гор.Рязань» Жолбаев Айдарбек 1942 жыл

 

Амандық Айдарбектен бауырларға

Жайлаған Алатауды ауылдарға

Ел қалмас бұршақтай боп оқ жауған да

Дариға-ай кеуле жолды қайғы зарға

Жағасы Сырдария Қызылорда

Сәлемде бізді ойлаған бауырларға

Қызық дәурен сүретін уақытымда

Кез болдық Гитлер деген сұмырайға

Жас досым Әлияш пенен Сәрсенбай,Қоштайлардың

Сендердің болар мекен қандай бағың

Алыста жатсақтағы достық ақтап

Сендерден аямаймын шыбын жаным

Қош әзір туған елім өскен жерім

Әр төбең алтыннан да артық сенің

Бауырыңа саяласам еркін жүріп

Арманым болмас еді-ау сонда менің

«Гор.Чкалов» 30 сентябрь 1942 жыл

 

Жолеке сәлем бердім үлкен ата

Жазайын бір азырақ келсе шама

Жыл бойы бір рет хат жазбайсыз

Бір ауыз наз айтамын сізге ғана

Қойлыбай  сәлем айттым ағайыма

Жау келмес қаһарлансам маңайыма

Хат жазып хабарыңды білдірмейсіз

Аттанған ел корғауға сазайыма

Күлсана сәлем айттым анамызға

Мария,Алтынбекте панаңызда

Жауды жеңіп дұшпанда талқан қылып

Тірі болсақ ауылға барамыз да

Дүйсеке амандықта Оразкүлде

Сағымбай,Қоштай ағайларда

Жауды жеңіп Отанға аман қайтсақ

Келеміз сол күндері тамашаға

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*