edceef

Кім? Қайда? Қашан? сайысының сұрақтары

Кім?

1.«Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Мәскеу» деген ұранның авторы?

2.Соғыстың алғашқы жылдарында 8-гвардиялық дивизияны тек 3 ай ғана басқарған генерал майор?

3.Төлеген Тоқтаровтың ерлік қазасына арнап шығарылған әннің алғашқы атауы мен авторы?

4.28-панфиловшылар ерлігін жарыққа шығарған «Қызыл жұлдыз» газетінің журналисті?

5.Сталинград үшін шайқаста 22 қолбасшысымен қолға түскен неміс генерал-фельдмаршалы?

6.Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін Германия астанасы – Берлинге кіре алған бірінші КСРО адамы, бірінші қазақ?

7.Қайынатасы жайлы естеліктер жазып, оның өнегесін қазақ халқына жеткізе білген атақты батырдың келіні?

8.Төлеген Тоқтаровпен бірге әскерге алынған жан достары, автоматшылар ротасының жауынгерлері?

9.Тұтқынға түскен маршалмен айырбасталмаған КСРО Совнарком төрағасының ұлы, соғыс уақытында тұтқынға түскен батарея командирі?

10.Үшінші Рейхтың басты әскери және саяси қайраткері, СС Рейхсфюрері?

Қайда?

1.Қаланы фашисттерден тазарту кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың қайсар қызы Мәншүк Мәметованың көше аты берілген қала аты?

2.«Батыр қала» атағын ең алғаш болып алған Ресей қаласы?

3.Бауыржан Момышұлы соғысты қайда аяқтады?

4. А.М. Герасимовтің И.В. Сталин мен К.Е Ворошилов жайлы картинасында аталған кейіпкерлер қай жерде бейнеленген?

5.Гитлер әскери басшылығы «Цитадель» жоспарымен Орел және Белгород бағыттары арқылы қай қалаға күшті соққы жасамақ болды?

6.Қазақстандық 101-атқыштар бригадасы қай қаладан майданға аттанды?

7.Өлім аузында жатып, «Өлді деген – осы» деп айтып, қазасынан соң өзі бастаған жауынгерлерге аты берілген даңқты қолбасшы қайда жерленді?

8.1941 жылы құрылған аудандардың қайсысының орталығындағы көшеге Бауыржан Момышұлының аты берілген?

9. Тимур Фрунземен лагерде бірге болған, есімі өзі жерленген қаладағы орта мектепке есімі Кеңес Одағының Батыры қай жерде қайтыс болған?

10. Абылай ханның кеңесшісі – Қанай бидің тура ұрпағы болған бұл жазушы соғыс кезінде қайда өз борышын өтеді?

Қашан?

1.Екінші Дүниежүзілік соғыс қай жылы және қай күні басталды?

2.Германия тұтқиылдан жасаған шабуылының нәтижесінде Польшаны қанша күнде алды?

3.28 панфиловшылар ерлігі іс жүзінде қанша уақытқа созылған?

4.Кеңес Одағында ең алғашқы Қызыл Ту ордені қашан шығарылды?

5.Құрамындағы жауынгерлерінің көп бөлігі 1922 жылғы жастардан құралған атқыштар бригадасы майданға қашан жөнелтілді?

6.Қызыл Армия қай жылы жаппай шабуылға көшті?

7. Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, Украинаның «За заслуга» орденімен марапатталған, «Ажал аузынан» кітабының авторы, әйгілі Халық Қаһарманы қашан қайтыс болды?

8. Мәлік Ғабдуллин қашан Калинин майданының Саяси басқармасының үгітшісі болып тағайындалды?

9. 150-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлерінің неміс әскери басшылығының соңғы ұясына халық туын тігуі қай уақытта болды?

10.Екі ірі империяның сыртқы істер министрлерінің соғыс жасаспау жайлы пактіге қол қою рәсімі қай күні өтті?

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*