Жас Ұланға!!!

7Qt_Jz3pAGQ

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына  орай  жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы  білім алушылар   мен ұстаздар  арасында    «Желбіре жеңіс жалауы!»  тақырыбында  байқау  өткізіледі.

Байқаудың  мақсаты:

1.Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандық майдангерлердің  фашизммен күрестегі жанқиярлық ерлік үлгісі мен  халқымыздың тылдағы ерен  еңбегінің рухани астарын  терең түсіне  білуге,  көпұлтты  Қазақстан  халқының өткен өмірін саралай білуге баулу.

2.Жас ұрпақтың бойына  өз  отанына  деген  сүйіспеншілігі мен патриотизм сезімін  арттыру және  ел тарихын құрметтеуге  шақыру

3 Балалардың  шығармашылығы  мен  жеке тұлғалық қасиеттерін    қалыптастыру.

Байқаудың өткізілу мерзімі

2015жылдың   01 наурызы мен 08 мамыры  аралығы

Байқауға 8-17 жас аралығындағы  барлық мектеп оқушылары  мен ұстаздар қатыса алады. Байқау  қорытындысы бойынша  ұстаздар жүмыстары мен    мектеп оқушыларының  жұмыстары  жас ерекшелігі  ескеріле отырып   сайысқа  қатысушылар сертификаттарымен,   І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.  Сондықтан  байқауға қатысушы  оқушының сыныбы  мен жасын көрсетуі  міндетті.Конкурсқа қатысу жарнапұлы 2000тг

Байқау номинациялары:

  1. «Отан үшін тер төккендер» тақырыбындағы  сурет қөрмесі (соғыс кезеңдері мен тылдағы еңбек  бейнеленген және  ҰОС  батырлары мен ардагер аталарымыздың  портреттері)

Байқауға қатысушы  жұмыс авторына қойылатын талаптар

Жұмыс барысында  баспасөз  беттеріндегі,сайттардағы , оқулықтардағы немесе   көркем әдебиеттердегі  дайын шығармаларды  пайдалануға болмайды.  Мектеп шеберханасындағы автордың жұмысы фотосурет  бойынша қабылданады.Тарихи мәлімет беретін карта, суреттер скайнерленіп  материалмен бірге  жіберілу  керек.  Шығарма  барысында келтірілген  тарихи факті немесе оқиға желісіне, мәліметтер мен деректердің  растығына  автор толықтай жауапты.

Байқау жұмыстары   gulnara.pirmanova@mail.ru  электронды поштасында қабылданады.   Анықтама  телефондары:      87789602072

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*