КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІН ОҢАЙ ҮЙРЕНУДІҢ ЖОЛДАРЫ                  Оқушы Төлепбек Абзал Нұрболұлы 3 «Ә» сыныбы Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Кожахметова Алтын Тлепбергеновна Жаңаарқа ауданы, О.Жұмабеков атындағы ОМ

    КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІН ОҢАЙ ҮЙРЕНУДІҢ ЖОЛДАРЫ

                 Оқушы Төлепбек Абзал Нұрболұлы 3 «Ә» сыныбы

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Кожахметова Алтын Тлепбергеновна

Жаңаарқа ауданы, О.Жұмабеков атындағы ОМ

  2019-2020 оқу жылы

  Мазмұны

 Аннотация………………………………………………………………………………2 бет

  1. Кіріспе……………………………………………………………………………………3 бет
  2. Зерттеу бөлімі. Көбейту кестесін ойындар арқылы үйрену……….5 бет
  3. Көбейту кестесіне арналған қызықты логикалық сұрақтар……….12 бет
  4. Қортынды………………………………………………………………………………13 бет
  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………….14 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Математиканың негізгі мақсаты есептеуде, салыстыруда, өлшеуде. Бұл жобада көбейту кестесінің ережелеріне сүйене отырып, балаларды тез, оңай жаттау тәсілдері көрсетілген. Берілген ойындар мен қызықты логикалық сұрақтар арқылы балаларды көбейту кестесін қатесіз, қызыға жаттауға ынталандыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

Мақсаты: Көбейту кестесінің мәнің ашу. Көбейту – бірдей қосылғыштарды үйренудегі оңай амал-тәсілдерді көрсету.

Міндеттері:

  • Көбейту кестесін ойындар арқылы жаттап, үйрену.
  • Көбейту кестесін есте сақтаудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
  • Көбейту кестесін жаттауды жеңілдету.

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

 Ұсынылып отырған жоба оқушының танымдық қабілетін арттырып, білім сапасын көтеру, математика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Нәтижесі: Оқушылар көбейту кестесін жылдам әрі оңай жаттай алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Математика – барлық ғылымдардың ең алғашқысы әрі оларға пайдалысы да әрі қажеттісі де осы. ((1214-1292) Роджер Бэкон — ағылшын жаратылыстанушысы) Математика әр кезеңде теориялық жаңа мәселелермен толықтырылып, аясы кеңейтіліп келеді. Математика қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарынан тұрады.

Көбейту дегеніміз – көбейткіштер деп аталатын екі объектіден көбейтінді деп аталатын үшінші объекті құру. Көбейту «х» белгісін 1613 жылы ағылшын математигі Уильям Оутред (1574-1680) ұсынған. Жалпы алғанда көбейту – әр түрлі бинарлық (латынша – қос, екі деген сөз) амалдардың атауы болып табылады.

Көбейту кестесін бастауыш сыныптарда оқығандықтан, біз оқушылар әр-түрлі қиындықтарға кездесіп жатамыз. Жаттау, оларды оқып үйрену алғашқыда қиын болғандықтан, ұстазымыздың көбейту кестесін үйреткен қызықты амал-тәсілдері арқылы оларды жаттап, оқып үйрендік.

Көбейту кестесін жаттауда мен көптеген қызықты тапсырмалар арқылы өзім қатарлы балалардың көбейту кестесін оңай, жылдам жаттауға болатының түсіндім және ұстазымның арқасында математикаға деген қызығушылым күннен-күнге артты.

Сабақтан тыс уақытта, үйде мұғалімнің берген тапсырмаларын орындау барысында, көбейту кестесін жатқа үйрендім.

Бірнеше амалдар арқылы көбейту есептерін шығардым. Сол себептен осы жобаны жазуда көбейтудің ерекшеліктерін және мен сияқты бастауыш сынып оқушыларына көбейту амалдарының қызықты екенін көрсеткім келеді.

Өмірде кез-келген адам, мен сияқты мектеп оқушылары математика пәнінің айнымас, білуге міндетті бөлімі көбейту кестесін үйрену үдерісін басынан кешеді. Әрқайсысы оны әр түрлі тәсілдермен жаттап үйренді.

Бірақ, әр оқушы — жеке тұлға. Ендеше табиғи қабілетіне сәйкес қабылдауы да түрлі болады.

Қазіргі оқушының көбейту кестесін жаттаудағы қандай қиындықтары бар? Неге қиналады? Нені түсінбейді? Қалай жаттау керек? Неге жаттау, неге жай есте сақтауға болмасқа? Осы мәселелерді жобамда қарастырамын.

Зерттеу бөлімі

Ең алдымен көбейту кестесін қалай айту керектігіне тоқталайық. Өткен заманның оқушылары «1 жерде 1=1,1 жерде 2= 2» деп «жерде» деген сөзді қолданып жаттаса, қазіргі жаттаудың және айтудың ең дұрыс және түсінікті жолы мынадай:

1х1-ім=1, 1х2-ім =2, 9х3-ім=21 тсс. Осындағы «-ім» қосымшасы жаттауды, айтуды оңайлатады, тездетеді және түсінікті. Мысалы: 9х3-ім=21, яғни 3 саны 9 реттен өз-өзіне қосылған, 3+3+3+3+3+3+3+3+3=21, мұндағы «-ім» қосымшасы 3 санының неше есе қолданылуы керектігін нақтылайды.

Екі жағдайда да «х» — көбейту таңбасы мен «=» тең болады таңбалары тек жазылады, оқылып айтылмайды. Мысалы: 1 көбейту 1 тең болады 1, тсс. Бұлай да жаттауға болады, бірақ бұл тәсіл тым ұзақ, баланы шаршатып, жалықтыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезде көп қолданылмайды.

 

Көбейту кестесін ойындар арқылы үйрену

«Бірліктер — ондықтар» ойыны

Барлық оқушылардың үйренуге қорқатыны – санды 9-ға көбейту. Оның ең қарапайым және ыңғайлы, оңай тәсілі бар.

Үстелге екі алақанымызды төмен қаратып қоямыз. Саусақтар түзу жатсын. Ал енді (солдан оңға қарай) қай санды 9-ға көбейтеміз, соны қайырамыз да санаймыз. Ескерту: қайырылған саусақтан сол жағы-ондықтар, ал оң жағы – бірліктер.  Сонымен солдан 3 саусақ бұл -30 яғни 3 ондық + 6 саусақ оң жақтан бұл -6 бірлік. Нәтижесінде 9х4-ім=30+6=36.

Осылай саусақпен ойнау арқылы алдымен жаттығамыз, сосын саусақтарды алып тастап көз алдымызда елестетеміз. Осылайша қарапайым саусақтарды санау арқылы 9-ға көбейтуді үйреніп аламыз.

 

 

«Сиқырлы билеттер» ойыны

Көбінесе мен сияқты оқушылар 6х7, 6х8, 6х9 және 7х8, 7х9,8х9 комбинациясында көп қиындыққа тап болады. Егер менің сыныптасым дәл солай қиналса, көмекке билеттер (карточкалар) келеді. 12 билет дайындап алып, орын ауыстырымдылығын ескертемін. Әр билеттің артына жауабын жазамын. Қызықтыру мақсатында таймер қолданамын. Олар:

6х7
6х9
7х9
8х9
7х8
6х8

 

 

 

7х6

 

9х8
8х7
8х6
9х6
9х7

 

 

 

Енді сыныптастарыммен ойнаймын! Егер көрсетілген билетке дұрыс жауап берсе, билетті өзіне беремін. Қателессе қайта араластырамын. Бір минутта неше билетке жауап бере алады екен? Ертеңінде осы нәтижесін қайталай алады ма? Бұл ойын сыныптастарыма өте қызықты болады деп ойлаймын

 

«Картафиксики» ойыны

Алдымен қарапайым карталар коллодасының суретті карталарын жетпейтін сандармен белгілеп аламыз. Мысалы: тұз – 5, король – 4, дама – 3, валет – 2. 1-ге көбейтуді ауызша қайталауға болады. Егер белгілеуде шатассаңыз өз қолыңызбен карта жасап алған қызықтырақ болады. Енді ойнаймыз! Карталарды тең бөліп алып кезекпен бір –бірімізге карта ұсынамыз, егер дұрыс жауап берсе екі картаны да алады. Қателессе карталар сізде қалады. Осылайша карталар біткен кезде оларды санаймыз. Ойын мақсаты:  барлық карталарды жинау. Ең бастысы ойын арқылы көбейту кестесін бекітеді.

 

 

 

«Интернет» желісі арқылы үйрену

Онлайн материалдарын қолдану. Интернет желісінен түрлі викториналар мен көбейту кестесіне арналған ойындарды, тестілерді орнатып алуға болады. Оларды қолдан да жасауға болады, бірақ мендей балаларға (оқушыларға) компьютермен жаттап үйрену қызықтырақ болады, әрі компьютерді меңгереді.

                                             «Білгірлер» ойыны

Мақсатымыз –өткенді қайталау. Бір-бірімізге кез-келген кезде, үзіліс уақытында немесе сабақтан қайтып бара жатқанда, көбейту кестесін сұрау. Бұл ойында ата-аналарымыз да балалармен бірге ойнай алады.

 

«Кім жылдам?» ойыны

Әрбір оқушы барлық көбейту кестесін меңгеріп алған соң оны бекіту қажет. Ендеше бұл ойын таптырмас әрі оңай тәсіл. Оқушы таңғы ас алдында, қоңырау уақытында, кешкі жуынарда, кез –келген бос уақытта көбейту кестесін айта беруге болады.  Көбейту кестесін жаттап алған бала тез және жылдам жауап беруі қажет.Балалар бір-бірімен жарысып ойнауға да болады. Бір бала сұрақ қояды, келесі бала жауап береді.

 

 

«Бинго» ойыны

Сіздің балаңыз немесе оқушыңыз 6 да 6 шаршы кестені қалауынша кез-келген бір, екі таңбалы сандармен толтырады. Сіз мысал келтіресіз: 5х4-ім? егер оның шаршысында 20 саны бар болса оны сызып алады. Осылайша өз шаршысының барлық сандарын сызып алғанша көбейту кестесінің комбинацияларын атап шығасыз. Осы ойынды отбасымен ойнаған жақсы. Бингоны бірінші кім ұтып алады екен? Қандай сыйлық алар екен? Бұл ойын лото тәріздес, балаларға өте қызықты болады деп ойлаймын.

Пифагор кестесінің көмегімен көбейту кестесін есте сақтау.

Бұл кесте әрбір оқушыда болған дұрыс деп есептеймін. Себебі жаттауға оңай және көмекші құрал болып табылады.

Пифагор кестесін жадымызда тез сақталуы үшін ұстазымыздың ұсынысы бойынша түрлі-түсті етіп жасап, көбейту кестесін жаттауда қолданып жүрдік.

 

 

Көбейту кестесін мынадай домалақ пішіндердің көмегімен жылдам әрі тез жаттап алуға да болады.

Мұндай көрнекілікті балалар өздері қолдан қиып жасауға да болады.

Сандарды көбейтіп, қанша рет көбейетіндігін қосу амалы арқылы да шешуге болады. Мысалы мына төмендегідей. Бұл менің сыныптастарыма өте қызықты болады деп ойлаймын.

 

Көбейту кестесіне арналған қызықты логикалық сұрақтар

Қыздарға 2-ге көбейту:

  • Егіз қыздарға неше туфли қажет?
  • Үш қуыршақта неше аяқ бар?
  • Бір қалтада 5 кәмпит бар. 2 қалтада неше кәмпит?
  • Бір білезікте 6 моншақ, екі білезікте қанша моншақ?
  • Көлде жүзді жеті үйрек, екі көлде неше үйрек?
  • Сегіз қызға екі бантиктен неше бантик тағу керек?
  • Гүлден тоғыз рет, Айман да тоғыз рет секірді. Барлығы қыздар неше рет секірді?
  • Екі қыз он жаңғақтан неше жаңғақ жеді?

Ұлдарға 2-ге көбейту:

  • Екі бала екі доппен ойнады. Барлығы неше доп?
  • Үш балаға екі шаңғыдан неше шаңғы керек?
  • Екі ұл үш садақтан жасады. Барлығы неше садақ?
  • Екі бөлмеге төрт шамнан бұрау үшін неше шам қажет?
  • Бір гаражға бес көлік сиса, екі гаражда неше көлік бар?
  • Бір велосипедте екі дөңгелек, ал алты велосипедте нешеу?
  • Бір тақтайға жеті шеге қағылса, екі тақтайда неше шеге бар?
  • Екі сегізаяққа неше аяқ киім керек?
  • Бір бала допты тоғыз рет лақтырса, екі бала неше рет лақтырады?
  • Екі ракеткадан он балаға неше ракетка қажет?

Осындай қызықты сұрақтарды мендей оқушыларға көп қойса, көбейту кестесін жылдам жаттап алады. Және сабақта қиналмай тез жауап бере алады деп ойлаймын. Менің жетекші ұстазым математикадан осындай қызықты сұрақтарды қою арқылы көбейту кестесін үйренуге көп ықпалын тигізді.

 

 

 

Қорытынды

Әрбір оқушыға алғашқы  математикалық сауаттылық  бастауыш сыныптан бастап беріледі. Бұл баланың математикалық есептерді иегруі  функционалдық сауаттылықпен тығыз байланысты.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқушылар қазіргі кезде математика пәнімен мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап таныса бастайды. Ендеше математика пәнінің айнымас міндетті бөлігі көбейту кестесін оқушы білуге тиіс. Осы жобам арқылы, көбейту кестесін үйренгеннен кейін, сан алуан құбылыстардың зердесімен шолу жасайтын данышпан ғалымдар құпиясын жинақтап, ғылымға бет бұрып, олардың айнымас білімдер жиынтығын білуді жалғастыратын боламын. Ұстазымның еңбегінің және терең білімінің арқасында мен көбейту кестесін жылдам үйрендім, және сыныптастарыма жобамда көрсетілген ойындармен бөлістім. Қоңырау уақытында «Кім жылдам» деген ойынды ойнасақ, ата-анаммен «Бинго» ойындарын ойнады. Әр түрлі көбейту кестелерін қолдан жасап, суреттерін бояп сыныптастарыма сыйлыққа бердім.

Осы жобам арқылы Сіздермен білгенімді бөлістім. Болашақта алтын ұя мектебімнің атын шығарып, ұстазымның берген білімінің арқасында, математика ғылымының иегері болу менің үлкен арманым.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Математика әлемі: математикалық пәндік энциклопедиясы. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 496 бет.
  2. Интернет желсінің сілтемесі:

http://pad1.whstatic.com/images/thumb/b/bf/Teach-the-Multiplication-Tables-to-Your-Child, аудармасы

  1. Васильева Е.Е. Веселая таблица умножения \Е.Е.Васильева, В.Ю.Васильев. –М.: Астраль: АСТ: Хранитель, 2007. -189, (3)с.- (Superпамять). аудармасы
  2. Узорова О.В. Весь курс начальной школы в схемах и таблицах. 2-ой класс. –Москва: Издательство АСТ, 2016.- 125с. аудармасы
  3. 1001 совет женщинам, №8, август 2015. -40с (24с). аудармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*