Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Алматы қалалық білім басқармасы Әуезов ауданы Алматы қаласы Бастауыш сынып оқушылары арасында Республикалық жас дарын жобасының байқауы

Шарын шатқалы слайдтарҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Алматы қалалық білім басқармасы  Әуезов ауданы Алматы қаласы                Бастауыш сынып оқушылары арасында  Республикалық жас дарын жобасының  байқауы

Бағыты: жаратылыстану

Тақырыбы:«Шарын шатқалы»

Мектеп: «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Сынып: 1 « Г »

Автордың аты-жөні:Тоқтар Мустафа

Қатысушының байланыс телефоны:

Ғылыми жетекшісі

Канапьянова Асылгүл Сламбековна

 

 

 

 

 

Алматы — 2019

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

 

Ғылыми жобаның тақырыбы:

Шарын шатқалы

Бағыты: жаратылыстану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы

Ауезов ауданы

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия 

  1 «Г»сынып оқушысы:Тоқтар Мустафа

Жетекшісі: Канапьянова Асылгуль Сламбековна

 

Тақырыбы: Шарын шатқалы

Зерттеудің мақсаты: Шарын шатқалының тарихи зерттеулері туралы мәлімет бере отырып,  Қазақстандағы алатын орны, көлемі, аумағы туралы материалдар жинай, жұмбақ сырын ашу.

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші,биіктігі 150-300 метрге жетеді.Шарын шатқалы, Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан  оңтүстік- батысқа 154 км созылып жатыр.Бұл аймақтың рельефі әртүрлі, жарқабақтың бағаналары,баурай, жыралары 150-300 метрге жетеді.Жарқабақтүсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық- қызғылт. Қазақстан бойынша мұздану кезеңінен өткен, Шарын шатқалында сирек кездесетін ерен ағашы кездеседі.Сирек кездесетін «согдиандық» түрі 25 млн. жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумаққа жатады, демалушылар «Қорғандар қамалдар аңғары», «Темірлік»,«Жалмауыз кемпір шатқалы» т.б. атаумен қалған жерлеріне барады.

Зерттеудің өзектілігі:Шарын ұлттық табиғи саябағында экологиялық туризмді дамытуға, экологиялық білім мен тәрбие беруге және табиғатты қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлініп, көптеген игі істерді шаралар  жүргізуге асыру керек.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Тұжырымдама бойынша Шарын- шатқалы.Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан табиғатының  інжу-маржаны ортасында сирек кездесетін ерен ағашы табылған , әсем табиғатымен көз тартатын, демалыс орнына айналған Шарын шатқалы туралы.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі:Шатқалдың маңында жұмбақ тоғай бар. Онда темір сияқты өте қатты, ыстық температураға шыдамды ерен ағашы өседі.

 

 

 

 

Мазмұны

 

Аннотация ………………………………………………………………………………………  1 — 2

 

Кірспе……………………………………………………………………………………………….   3

 

Негізгі бөлім………………………………………………. ……….. ……….. ……………   4-6

 

Суреттер…………………………………………………………………………….. 7-20

 

Географиялық карта және орналасуы………………………………………………..21

 

Қорытынды ……………………………………………………………………………….. ……22-23

 

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………… ……………24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

«Шарын шатқалы » атты ғылыми жобада жас зерттеуші,географиялық орнынан   бастап, олардың  пайда болғандығына ерекше көңіл аударды.Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі болып ,ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді. Жергілікті халық бұл жерді «Қорғанды қамалдар аңғары»  , “Жалмауыз кемпір шатқалы” деп атап кеткен. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, Қазақстан  аумағында орналасқан табиғатының  інжу-маржаны ортасында сирек кездесетін ерен ағашы табылған , әсем табиғатымен көз тартатын,  демалыс орнын  және   туризмді  дамуына  қатысты  ұғымдарын жұмбақ сырын аша білген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Уделяя особое внимание уникальным формам размыва и выветривания рельефа перенесут Вас в сказочный мир фантастических скульптур «Долины Замков», где открываются грандиозные виды на каньоны. Поэтому каньон имеет название-Долина Замков. Он чрезвычайно интересен, живописен и разнообразен в своих формах, которые очень похожи на причудливые башни какого-нибудь сказочного замка.
В своём научном исследовании автор сумел раскрыть принципиальные особенности живопись, формы Чарынского каньона, которые очень похожи на причудливые башни какого-нибудь сказочного замка. Красные глиняные стены каньона, словно изборожденные глубокими морщинами, в которых пещеры, гроты и затененные ниши ассоциируются с древним городом, населенным фантастическими существами.    В ходе исследований расказчик  выразил свой взгляд, что в Казахстане   должен  процветать и разиватся  туризм.

Annotation

Paying  special attention to the unique forms of erosion and weathering of the relief will take you to the fabulous world of fantastic sculptures «Valley of Castles», where open grand views of the canyons. Therefore, the canyon has another name — the Valley of Castles. It is extremely interesting, picturesque and varied in its forms, which are very similar to the bizarre towers of a fairy-tale castle. In his research study author.»Charyn Canyon «was able to uncover the fundamental features picturesque and varied in its forms, which are very similar to the bizarre towers of a fairy-tale castle. Red clay walls of the canyon, though furrowed with deep wrinkles in which the caves, grottos and shaded niches associated with the ancient city inhabited by fantastic creatures. In the progress of  the narrator  expressed his view that Kazakhstan should flourish and evolve tourism

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Шарын-шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құмтауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: “Қамалдараңғары” , “Жалмауызкемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Шарын- шатқалыАлматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастауалатын Шарын өзенi. Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. Саяхатшылар үшiн Шарын-шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікт іхалық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы – 2 км, ені – 20-80 м. Шатқалды аралай жүріп, сіз осыдан 12 миллион жыл бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорғанқамалдары сияқты қайталанбас сәулет өнерiн дүниеге әкелген. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзен мен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетентоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinuspotamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады.

Шетентоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақжерiнде – Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. 1964 жылдан бастап шетентоғайы табиғат Ескерткiші деп жарияланды. Шарын шатқалындағы жер бедерi жаратылысының алуандығы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мол болуына қолайлы жағдай жасаған.

Мұндағы 1500 өсiмдiктүрiнiң 17-сi Қазақстан Республикасының «Қызыл кiтабына» енген. Ал жануарлар дүниесiнен сүтқоректiлердiң 62, ұябасатын құстардың 103, бауырыменжорғалаушылардың 25 түрi бар. Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн – палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi.

 

Негізгі бөлім

 

Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы — Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ерен ағашы кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары, «Темірлік т.б атаумен қалған жерлеріне барады

Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзені. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді

Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: “Қамалдар аңғары”, «Долина замков»,“Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды.  Аңғардың ұзындығы – 2 км, ені – 20-80 м. Шатқалды аралай жүріп. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас сәулет өнерiн дүниеге әкелген. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады.                                 Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде – Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. 1964 жылдан бастап шетен тоғайы табиғат Ескерткiші деп жарияланды. Шарын шатқалындағы жер бедерi жаратылысының алуандығы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мол болуына қолайлы жағдай жасаған. Мұндағы 1500 өсiмдiк түрiнiң 17-сi «Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына» енген. Ал жануарлар дүниесiнен сүтқоректiлердiң 62, ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрi бар. Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн – палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етеді

«Шарын шатқалы туралы мағлұматтар мерзімді басылым­дарда ғана емес интернет желі­сінде де өте көп жазылған. Бірақ соның денінде бірізділік жоқ. Кө­шірмелер. Негізі табиғат – ана­ның інжу-маржаны болып саналатын Шарын шатқалы туралы сөз қозғағанда алдымен  халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан соғды ерені жайлы айтып қана қоймай сол құндылықты сақтап, келер ұрпақ өкіліне жеткізу мәселесін көтерген лазым. Құдайға шүкір, 1964 жылдан бастап табиғат ескерткіші деп саналып, мемлекеттік қорғауға алынған ерен тоғайы бүгінде 5014 гектар жерді алып жатыр. Тоғайда 7 ересек адам қол ұстаса шеңберлене тұрғанда құшақтары әрең жететін ерен ағашы бар» деді Алматы облысының Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары аумағында ҚР Үкіметінің 2004 жылғы № 213 каулысына сәйкес ұйымдастырылып, бүгінде 93,2 мың га жерді алып жатқан Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағы­ның бас директоры Тоқтам Бектемісов.

Әсілі, табиғат-анашеберғой. Шарын шатқалын қақ жара батыстан шығысқа қарай арындай аққан Шарын өзені теңіз деңгейінен 6995 метр биіктікте жатқан әлемдегі екінші биік шың қасиетті Хан тәңірінен бас­тау алатын Шалкөде, Қарқара, Кеген, Шет Меркі, Орта Меркі, Кеңсу, Темірлік атты үлкенді-кішілі тау өзендерін қосып алып Іле дариясына барып құяды. Бұл жерде ұлылық хақында айта кеткен жөн. Адуынды өзен секілді. Шарын шатқалының кереметтігі сол, әлемде соғды ерені сынды табиғат ескерткіші бар Үлкеншатқал Солтүстік Америкада, ал Кіші шатқал Шарында ғана сақталған. Соғдыерен тоғайының ғаламаттығы деймізбе, мүмкін құдіреттің күші шығар, әйтеуір бұл өңірде өнетін өсімдіктер мүлде бөлек, түрі де мол. Соның әсері болар аң-құстары, тіпті балық, бақа, шаян, құрт-құмырсқасына дейін дараланып, үңіле қалсаңыз көне заман құпияларынан сыр тартатын да тәрізді. Бүгінде Ұлттық бақта 940 түрлі өсімдік өседі, оның 60-қа жуығы эндемиктер. 21 түрлі өсімдік қорғауға алынып Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауырмен жорғалаушылардың 20, балықтың 10 түрі бар. Бағзызамандарда осы өңірде тіршілік етіп, құдіреттің күшімен жойылып кеткен пілдердің, мастодонттардың, мүйіз тұмсықтардың, қорқау қасқырлардың, стенон жылқы­сы­ның қаңқалары әр, әр жерлерден табылып, саяхатшы-мамандар пікірлерімен расталғаны тағы бар. Көне тарих жәдігерлері жайлы сөз қозғап отырған себебіміз, ата қонысымыз болған ұлттық бақ аумағындағы Сарытоғайға бала күнімізде сан реткеліп, табиғат таңғажайыптарын тамашалап, әдемі бір әсерге бөлене сәбилік сезімді жарыса ағытатынбыз. Келесі кездесуде бірімізден екін­шіміз асып түсу, яғни тосын әңгіме айтып, тең-тұсымызды ұйыту үшін қарияларды қажағанда «қызыл қамалдар аңғары», «жалмауыз кемпір шатқалы» деген атауларды еститінбіз. Өңір өзендері батысқа бет алғанда Шарын өзені неге шығысқа қарай ағады? Құдды саңырауқұлақ іспетті қалқайып атты адамнан да биік әрі енді болып тұрған қызғылт құмнан түзілген шыңды алапат дауылды – жел неге құлатпайды? Аң-құсын айтпағанда сан алуан өсімдіктер іөзіндік ерекшелігімен неге дараланады деген сұрақтарды ағытатынымыз тағы бар еді..

«Шарыншатқалының климаты континентальды. Қо­ңыр­жай климаттық белдеу­ге кіреді. Материктің ішінде аумақ­тың географиялық орнымен, мұхиттарға алыстығымен, төменгі ендікпен, атмосфералық айна­лымның жағдайымен анықталады. Қыс­тык үні аумаққа Сібір бари калық жоғары сілемдері, жазда Орта Азиялық термиялық депрессия әсер етеді. Көктемі созылып, құбылмалы болады. Кей жылдары үсік жүріп, қар жауады. Күзде қарсы және циклонды құбылыстар күшейеді. Ұлттық бақтың негізгі аумағы Іле тауаралық шұңқырының орта­лық бөлігінен айқын көрінеді. Со­нымен бірге, шығыстан батысқа қа­рай қуаңшылық байқалады. Баты­сында және Сөгеті – Бұғыты сі­лем­дерінде көктемде 325 мм, ал шы­ғысында 125 мм жауын жауады»

Шарын шатқалының рельефі туралы сөз қозғал­­­­ғанда баса назар аударатын ғылыми негіздегі бір мағлұмат: Солтүстік Тянь-Шанның солтүстік-шығыс бөлігі мен Шарын өзенінің орта және төменгі ағысы орналасқан жер бедері мен компоненттері еш жерде қайталанбайды. Әрі ландшафтарының қалып­тасуы мен дифференциясының негізіндегі марфа­құрылымы мен марфабедері ғылыми һәм эстетикалық маңызы зор құбылыс. Зердеге тоқитын тағы бір құндылық қалыптасуы эндогендік және экзогендік құбылыстардың арақатынасының ақпарат көзі болып есептеледі. Жер бедерінің осы күнгі бейнесі неоген дәуірінде дифференциял­ды тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде, комплексті денудация және аккумуляция процес­терінің нәтижесінде қалыптасқан. Тізбелей берсеңіз Шарын шатқа­лында бірінен екіншісі асып түсетін құндылықтар санатына кіретін соғды еренінен басқа, яғни төрткүл дү­­­ниеде сирек кездесетін ауған терегі, әртүрлі жапырақты терек, іле ұшқаты, семенов үйең­кесі, жоңғар реомюриясы, іле сексеуілі өседі. Сонымен қатар, сирек кез­десетін қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, үкі, ителгі, жұртшы, орта азия­лық бақа, шұбар батбат кесіртке де бар.

Шарын шатқалының   кеш  батып келе жатқандағы көрінісі

 

Шарын шатқалына жазда інім және анам мен қыдырған  сәттерден естеліктер.      (суретті өзім түсірдім)

 

            Шарын шатқалы

 

 

Шарын өзені

 

Шатқалдағы  сарқырама

 

Шарын шатқалын бойлай орналасқан жол

 

Қорғандар жазығы

 

Қорғандар жазығы

Шарын шатқалы панорамасы

 

 

 
Туристік  саяхат

 

Понорамалық  көрініс

Шатқалдың ескерткіштері

 

 

Шарын өзені

        Шарын өзені көрінісі

Шарын өзені

 

 

Географиялық карта және орналасуы.

            Орналасқан жері:  Қазақстан
Аймақ Алматы облысыРайымбек және Ұйғыр  аудандарының

аумағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, осынау баға жетпес табиғат ескерткіштері қалай қорғалуда? Ұлттық бақтағы Үлкен Бұғыты тауының солтүстік шығысында қарақұйрықтар мен текелердің жайылымдарын кеңейтіп, сексеуіл секілді 61 түрлі сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау дұрыс жүйеге қойылғаны қуантады. Негізі Кызыл Қарасай қарақұйрықтың және дуадақ, бүркіт, ителгі өмір сүретін өңірі болғандықтан, Ұлттық бақ бас директоры тікелей қамқорлығына алған. Тек Қазақстанда кездесетін бұта-ағаш тектес сораң секілді өсімдіктердің 11 түрі қамқорлыққа алынып, ерекше бальнеологиялық бағалы минерал суы бар гидро­ло­гиялық нысан да күтіледі.

«Ұлттық бақ қызметкерлерінің төл міндеті – табиғи кешендерді қор­ғау, сақтау, зерттеу және қал­пына келтіру, ғылыми жұмыс­тарды жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, эколо­гия­лық ту­ризм­ді, рекреацияны, шектел­ген шаруа­шылық қызметті ұйым­дастыру және жүзеге асыру болып табылады. Республикалық бюджеттен қаржы­лан­дырылып, жұмыс істейтін 46 адам тұрақты еңбек­ақыларын алып, өз ара үздіксіз радиобайланыспен, авто­көліктермен, мініс аттарымен қамтама­сыз етіл­ген. Ағымдағы жылдың 6 айында табиғи кешен­дер­ді қорғау мақсатында 144 рейд ұйымдастырылып, та­биғат заң­дылығын бұзушылықтың 2 фактісі анық­талды. Соған сәйкес, 2 адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынып, келтірілген залал бюджетке құйылды

Ұлттық бақ бойынша 2013-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары жасалынып, соғды еренінің орман өсірушілік-экологиялық жағдайын бағалау және оның табиғи түрде қайта жаңғыру жолын зерттеу, жануарлар дүниесіне мониторинг жасау, сүтқоректілер мен құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау, өсімдіктер дүниесінің түрлік гербарий жиынтықтарын жасау және төменгі сатыдағы өсімдіктер (саңырауқұлақтар, балдырлар) дүниесін түгендеу барысында бірқатар жұмыс атқарылды. Осы орайда жыл сайын ғылыми негізде жүйелі жұмыс жүргізіліп, Табиғат жылнамасы кітабы жасалынады.

Ұлттық бақ аумағында 49 шақырымдық 3 туристік маршрут бар. Олар – Шарын ерен тоғайы, Қазақстанның жеті кереметінің қатарына кіретін Шарын шатқалы және бейіттер мен қорғандар. Бұл маршруттар Алматы облы­сында туризмді дамыту мақсатында Іле-Алатау, Алтынемел, Көлсай көлдері, Шарын атты төрт ұлттық бақ бойынша бірлесіп жасалынған «Жетісудың алтын айналымы» атты біріккен маршрутына ен­гізілді. Біздің тарапымыздан ба­ғыт­тарда көру алаңдары, фотосуреттерге түсу орындары, авто­тұрақ жасалынып, киіз үйлер, айналымдарда 12 орындық 2 қонақ үй ал Ұлттық бақ орталығында 40 орындық қонақ үй жұмыс іс­тей­ді. Нәтижесінде ағымдағы жылы 1500 турист қабылданып, мем­лекеттік бюджетке 265 мың тең­ге, арнайы есеп шотқа 2000 мың теңге құйылды», деді Шарын мем­лекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов.

Тұтастай алғанда, үлкен жа­уапкер­­шілікті талап ететін бұл жұмыс ең бастысы тұрғылықты халықпен тіл табыса отырып, саяхатқа келушілердің ешнәрсені бүлдірмеуін жіті бақылауда ұстауды қажет етеді. Ұлттық бақ аумағында 3 га жерде уақытша орман тұқым бағы (питомник) егіліп, әртүрлі ағаш көшеттері өсіріледі. Тұрғындарды отынмен қамтамасыз ету мақсатында 165 текше метр отын дайындалды. Жыл сайын өткізілетін «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы кезінде аудан орталығындағы мектептердің қатысуымен парк кеңсесі төңірегіне 550 мың теңгелік 2 мың түп көшет отырғызылды. Тоқтам Бектемісовтің осы ең­бе­гі мемлекет тарапынан да еске­ріліп, 2010 жылы Қазақстан Рес­публикасы «Туризмінің құрмет­­­­ті қыз­меткері», 2013 жылы «Эко­логия саласының үздігі» төс­бел­гілерімен марапатталды. Таби­ғат ескерт­­­кіштерін көзінің қара­шығындай қорғап, таби­ғат-анаға жан-тәнімен беріле қызмет етіп, онымен сырласа білетін жанға бұл да бір ілтипат белгісі емес пе?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы . Алматы: 2003.112 б.

  1. «География және табиғат»журнал. 2013.69 б.
  2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы.

4.Атлас географии Казакстана. «Глобус»-2004. 11 б.

  1. Бірмағамбетова Ә.Географиялық атаулар сыры. Арман ПВ-2009.131 б.

6.Романов И.М., Жандаулетов В.А.Қазақстан Алматыкітап баспасы-2010.162-163б.

7.Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағы­ның бас директоры Тоқтам Бектемісов мәліметініне сүйенеғаламтор жілісінен алынған..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

 

Тоқтар Мұстафа  «Шарын шатқалы» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобаның, еркшеліктеріне толық тоқталған. «Ұлттық бақ қызметкерлерінің төл міндеті – табиғи кешендерді қор­ғау, сақтау, зерттеу және қал­пына келтіру, ғылыми жұмыс­ты жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, эколо­гия­лық ту­ризм­ді, рекреацияны, шектел­ген шаруа­шылық қызметті ұйым­дастыру және жүзеге асыру болып табылады. Халық қазынасының тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды шығармасын, көпшілік қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.

Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда.

Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, Қазақстан  аумағында орналасқан табиғатының  інжу-маржаны ортасында сирек кездесетін ерен ағашы табылған , әсем табиғатымен көз тартатын,  демалыс орнын  және   туризмді  дамыуына  қатысты  оқушылардың ұлттық-патриоттық  мақтаныш  рухын көтеруге тәрбиенің үлкен маңызы бар.

Осы жоба ішінде оқушыларға енгізілген. Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.

«Шарын шатқалы» тақырыбын одан әрі жүргізетініне және оның қолдау табатынына сенім білдіремін.

 

 

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия 

       директоры:                                                       Манекеева Ғ.М.                                      

 

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*