Ақтөбе облысы Хромтау ауданы «Ақжар орта мектебі» КММ 11-сынып оқушысы, 2017«Алтын белгі» үміткері Абдуллақызы Мәншүк

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

«Ақжар орта мектебі» КММ

11-сынып оқушысы, 2017«Алтын белгі» үміткері
Абдуллақызы Мәншүк

ЭССЕ

Тұздың адамға пайдасы мен зияны.

Біздер көптеген біз білмейтін, сене бермейтін пайдалы нәрселерді оқып, бірақ өзімізге тәжірбие жүзінде көрмесек, оның шынымен де өмірде кәдеге асарына сене бермейтініміз анық. Мен неге бұны айтып отырмын, себебі біз тұз сынды табиғи органикалық күрделі затты тек тамағымызға қосып үйреніп, ас тұзы ретінде ғана көріп, нағыз адам ағзасына және де күнделікті тұрмыстағы пайдасына мән бере бермейміз.
Мен ең қарапайым ауылда тұрып жатырмын. Және де ауылда туып өскеніме ешқашан да өкінбеймін, себебі ауылдың таза ауасымен тыныстап, әсем табиғатына құштар болып өсіп келе жатқандықтан, менің аурумен ауруым – екіталай. Ал қала ше? Иә, иә, қаланың да өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік, бірақ минус жақтарын ұмытпаған дұрыс. Мысалы , ауасы туралы сіз не айтар едіңіз? Ауылды таңдайсыз ба, әлде қаланы ма? Денсаулығын ойлар адам – ауасы таза, өкпеңді терең алып дем алатын, қысы да жазы да өзіне сай ауылды таңдайды деп білемін! Сіздің менің пікіріммен келіспеске амалыңыз жоқ деп ойлаймын. Сондықтан сізге бір айтар үлкеееен кеңесім – ауылға келуді жиелетіңіз. Тақырыптан аздап ауытқып кеткенім үшін кешірім сұраймын, бірақ осы эссеге осы мәселені кірістіріп, сізге ой салғаным дұрыс деп білемін. Ал енді негізгі тақырыпқа келелік.
Тұз – адам ағзасына өте пайдалы, оның біздің организмімізде атқарар қызметі мен маңызы жетерлік. Ағзамызға тұз жетіспесе – түрлі гипотиреоз, кретинизм ауруларға шалдығатын боламыз. Ал ондай аурулардың қандай екендігін ұялы телефоныңыз арқылы ғаламторға кіріп, түрлі сайттарды шарлап білуіңізге болады. Тұзды су тері ауруларына да ем болады, тұзды балшықтың да емдік қасиеті өте зор. Қарапайым тұздың мен жазбаған басқа да қаншама пайдалы қасиеттері бар.
Пайда болған жерде аз да болса зияны қатар жүреді, оны да айтпай кетуге болмас. Артық мөлшерде қолданылған тұз ғана зиянды бола алады, мысалы организмдегі жолдарды бітеп, сұйықтықты ағзадан жібермей, содан ісіну пайда болады. Натрий хлоридінің қалдықтары жиналуы – қан қысымын көтеріп, гипертония ауруына, ал ауру асқынғанда инсульт ауруына шалдықтыруы әбден мүмкін. Және де тұзды көп мөлшерде пайдалану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына соқтырады. Жалпы айтқанда, құрамына тұзы аз қосылған тамақты жеген оның антониміне қарағанда пайдалы. «Маған тұздалған қияр, помидор ұнайды» немесе «Ащы тамақтарды сүйіп жеймін ғой , қалай бас тартамын?» деп менің жазған сөзіме көңіл бөлгіңіз келмесе, мен сізге айтайын, барлығы бірден нәтиже бермейтіні анық, бірақ кішкентайдан бастап үйренсеңіз, алынбайтын асу жоқ. Яғни, біртіндеп тұзы аз тағамдарды пайдалана бастасаңыз, тіліңіздің рецепторлары таза тағамның дәміне үйреніп, организміңіз тұзды асқа құштар болуын қояды.
Менің осы Ақжар ауылымда тұзды судың орасан зор қайнар көзі орналасқан екен. Оны қалауын адам зерттеп, жер бетіне шығарса, Ақжарымның адамға берер шипасы мол жерге айналарына сенімдімін! Осы мәліметті маған қызықтырып айтып берген, маған білгенін үйретіп, білмегенімді ұғындырып жүрген апайым – Жақсылықова Гүлайым апайма үлкен алғыс жеткізгім келеді. Осы ұстазым болмаса, менің осындай маңызды мәліметті біліп, қызығып, болашақта осы жобаны қолға алуға үміттеніп,ауылымды үлкен шипалы орталыққа айналдыруға мақсат қоюым мүмкін емес еді.
Сонымен қорытынды ретінде айтарым, адам өз денсаулығын ойласа, өзі үшін ең пайдалысын таңдайды. Және кез-келген істің ағы мен қарасын саралап, алтын ортасын тапқан адам, тек пайдасын көріп, зиянынан алшақ болады. Тек соған сенсеңіз болғаны!

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

*